Етікті мысық. Кім ол?



Мысықтың бірдеңе сұрап немесе еркелеп жай ғана «Мияу» дегенін барлық адам баласы көрді немесе естіді. Бірақ құштарлықпен, даусын қоңырлата және байыппен маңғаздана «Мыияуу» деген мысықты көрдіңіз ба?

Ол — мықтылардың ішіндегі бірегей. Сұлулардың арманы, ержүрек семсерші сері, кедейлер мен шіркеудің қорғаушысы және қызу қанды биші. Бұл кім дейсіздер ғой? Әрине, Шректің болашақ досы — Етікті мысық.

Ол Шрекке дейін қандай болды? Қандай оқиғаларды басынан өткізді? Қайдан ғана тап болды бұл ертегі әлеміне? Осы сұрақтарға жауапты DreamWorks студиясының "Етікті мысық" (ағылш. Puss in Boots) анимациялық туындысынан таба аласыздар. Егер 3D-мен көріп жатсаңыз — тіпті керемет.

Мысықтың балалық шағына да куә боламыз. Шалтай-Болтаймен тағдырлары неліктен байланысты екенін түсінеміз және… ғашықтығына куә боламыз. Оһ, биін айтсаңызшы. Сіз Мысықтың билегенін «Шректен» көрдіңіз ба? Жоқ, әрине. Бұған қоса, Етікті мысық неліктен «Етікті» атанды, соның мәнін ұғамыз.

Графикалық безендірілуі тіптен керемен, оның үстіне 3D форматты сеансқа тап болсаңыз… Мультфильм бәрінен бұрын диалогтарының тартымдылығымен, күлкілі оқиғаларымен ерекше есте қалады. Сөйтіп, «Шрек» коллекциясына қосымша, бірақ бонустан гөрі жеке-дара шедевралды дүниеге татитын бөлек туынды дүниеге келді, ханымдар мен мырзалар. Кинотеатрларға асығыңыз.
Бөлісу:

37 пікір

asaubota
ұлымды алып барып қайтамын, соңына дейін шыдап отырса.
e_zhalgas
трейлерінде мысықтың сүтке тапсырыс беріп, ыдыстағы сүтті аяусыз босатып жатқан сәті еді, бару керек! :)
KILYZAMAN
Мақтауын жеткіздің Патеке! Құйыршық немерем, бүткіл көшедегі мысықты үйге тасып жүрмесе, фильмді көріп алып :-)
madlen
Алматыда Мегада 3D сеансына 1700 тенге екен. Қырсықтығым ұстап кірмей қойдым. Офигели :(
Есесіне «Время»-ны көрдім, Джастин Тимберлейк мачо :)
qisyq
Ооо, Время ұнады:) Аманда Сейфридты айтсаңшы… Рецензия күтіңдер:)
madlen
Аха, Аманда да ниче ойнап қояды екен. Мұндай рольде бірінші рет көрдім оны. Папасының ерке қызы :)
qisyq
Ақ сары шашпен жүргенде ұнамаушы еді (банально), мына кейпі сүйкімді екен. Джастинге риза болдым, жаман емес. Ысылып, тәжірибе жинақтаса… жап-жақсы актер болады.
Zere
Мәссаған, 1700 тг?! Сонша неге қымбаттатып жіберген?
asaubota
ұлым Шрек фанаты, барлық серияларын және бонустарын жатқа біледі. мынада Шрек жоқ қой деп қарамай қоя ма деп қорқамын. сондықтан қарақшы вариантын күтетін шығармын :)
Nurgisa
Шректің анау-мынау тентектіктерін айнытпай сала ма? :)
omarbirat
Бара алмай қалдық. Басталуына он бес минуттай қалғанда, балам батутта секірем деп шыға келді. Негізі, мультфильм көруге барып едік :)
Кинотеатрларда қанша уақыт болады екен? Бір айдай жүру керек қой по идее иә?
patick
кем дегенде 1 ай ғой
Abilakim
Омеке, торрент аңдуды қойғансың ба?
omarbirat
Қойғаным жоқ. Демалысты өткізу түрлеріне өзгерістер енгізіп жүрмін. Әйтпесе барлық демалыстарым бір сарынды болып кетті.
KILYZAMAN
Осы торнеттегі еңбегіңе менен кететін Рахмет есік таппай жүр еді, кезегі келді :-)
patick
өмірде де осылай түсініксіз сөйлейсіз ба, көркемсөзүйірмесінссс?
KILYZAMAN
:-)… Түсінікті(жағымпаздардың) сөйлей алатындардың орыны — төрде емеспе? Өрлеу мен төрлеудің төркіндері туыс болғанымен сана қуысы бөлек сияқты ;-)
omarbirat
Қилеке, мен де торрентпен кино алатындардың бірі едім :*)
Мен таратпаймын — тек аламын :)
Abilakim
бұл жағынан екеуміз ұқсас екенбіз.
Кейбір алған киноларымды алғашқы он минуттан соң ақ өшірген кездерім болып еді
KILYZAMAN
Бөлісе алатының ше?
Nurgisa
Етіктегі мысық?
patick
Етігі өзінен үлкен екені рас, фильм барысында бірнеше рет шешіліп қалды :)
Nurgisa
Орыстілді тайтлы бізге нұсқау емес, әрине. Әйтпесе, «Кот с сапогами» деп тұрған жоқ қой деп безеріп отырып алуға да болар ма еді ;)
Aigolek
кеше гана кинога барып едик. Бирак Кот в сапогахка кирмей койып едим. бир жагынан триды кымбаттау екинши жагынан мен Живая сталь коруге баргам. Хью Джекманды баска рольдерде коргим келген (мен онын Доктор Хаустагы рольына гашыкпын). Мына посттан кеин кайта бару керек болды :)
qisyq
мен онын Доктор Хаустагы рольына гашыкпын
Хью Джекманды Хью Лоримен шатастырып тұрсыз ғой деймін. Джекман Хауста ойнамайды.
Aigolek
басееее нягып сооонча жасарып кеткен дееп ойлагаммм )))
patick
ішіп отқан шайым мұрыннан атты, нақ ))))))
Aigolek
не кулесин? Бармай коям го ана етикти мысыгына.
patick
бардағы, барсай, бара салсай, бар наху
Aigolek


УХСАЙТ ЕКЕУСИ :)
patick
қой, мүлдем ұқсамайды
Aigolek

мына суретте тошны ухсайт :)
Aigolek
Бопты. Кателесип каппын. Дамбалынды тусирип койып кулу керек па сонда?
patick
саусақ пен трамвай тұтқасын шатастырып отқанда күлмеу мүмкін емес