Ерлі-зайыптыларға арналған ескертулер

Қоғамдық орнында бір ерлі-зайыптылардың ұрсып отырғанын естідім. Сондағы әйелдің еріне жанжал шығарып отырғаны, недәрі сен менің бір айтқанымнан тұріп кете салмадың, неге жалпайып отырып алдын сол жерде деген сөздер (бір жиыннан келе жатса керек), әрине тек бұл ғана сөздер емес жанжал ары қарай өрбіп ерінің жалпы бұл өмірдегі барлық осалдықтары да еске тісірілді, неше түрлі сөздер айтыла бастады. Сонда да ана еркектің шыдамдылығына тиісінше баға беру керек, өз өзін үстай білді «Қой деймін, болды енді» деп арасында боқтап қойғаннан басқа ештене істемеді, іші қайнап отырғаны, бізден қымсынып отырғаны байқалып түр. Мен сол кезде ойладым: мен болғанда ана әйелдің ондай ашты, ауыр сөздеріне шыдар едім ба, ол еркек түгілі менің құлағыма қатты тиіп, сүйегімнен өтті. Әй, үйіне жеткенде әбден таяқ жейтін шығар, мына еңгезердей еркектің соққысының астында қалатын шығар дедім ішімнен. Сондағы ана әйелге бір жағынан жаным ашып отыр, екінші жағынан енді өзін осыны тілеп алғандай, нең бар еріңнің абыройын көпшіліктің арасында түсіріп дегендей…

Казір мен білмеймін қай заманнан бастап, бірақ қазір еркектер мен әйелдер қауымы өз бағыттарын жоғалтқан секілді, құдды бір белгісіз күш домалақ жерді қолына алып сілкіп-сілкіп жібергенде апалаң-топалаң барысында барлығы орындарымен аусып кеткен сиякты.

Әйелдің еркекте бойсұнуы жайлы. Жалпы, бағыну немесе мойынсұну дегеніміз – ол бір тұлғаны басқа тұлғадан жоғару кою. Бірақ, ол жоғарыдағы адамның бағынатын адамнан қасиеті немесе әлеуметтік деңгейі жоғарырақ деген сөз емес. Өкіметтегі адамға бағыну керек дегенде, ол адамның артықтығы жайлы айтылмайды. Жай, Қудаймен белгіленген тәртіп бар және де Жаратушы әйел мен еркекті теңдей етіп жаратты. Әйелге Құдай тағайындаған белгілі міндеті бар – ол еріне бағыну. Еріне мойынсұну Құдайға бағынумен тең. Осыны әйел түсінбесе өзіне қиын болады, жан дүниесінің тыныштығын білмей өтеді. Жалпы әйелдің сөзі емес оның жүріс-тұрысы маңызды. Киелі кітапта былай деп жазылған «Сол сияқты сендер, әйелдер, күйеулеріңе мойынсұныңдар. Осылайша, олардың кейбіреулері Құдайдың сөзіне құлақ аспаса да, өздеріңнің айтқан сөздеріңмен емес, игілікті мінез-құлықтарыңмен оларды баурап алып, Құдайдың иелігіне айналдырыңдар. Олар таза да ізетті мінез-құлықтарыңды көргенде ғана бұлай болмақ». Әйел өз еріне қожайынындай қарап, ол жұмыстан келгенде қуанышпен қарсы алып, жағдайын жасап, өзіне белгіленген міндеттерді жүзеге асыра білсе, ол дұрыс жанұя үлгісін қалыптастырады. Сара апамыздан үлгі алса ғой «… солардың бірі Сара еді; ол Ыбырайымның айтқандарына құлақ асып, оны «қожайыным» деп атайтын. Егер сендер ешқандай қорқынышқа көнбей, адал өмір сүрсеңдер, Сараның рухани ұрпағы боласыңдар» Әйел өз бетімен мықты бола алмайды, тек еркекке көмектесу барысында ғана өзін жігерлі сезіне алады.
Өкінішке орай, қазіргі заман әйелі өзін ханшайымдай сезінеді, ерінен көп нәрсе талап етеді. Материальдық (ақша табу) жағынан өзінен төмен болса мүлдем менсінбейді. Қалағаны болмаса ерінен тұңіліп басқа еркектермен салыстыра бастайды. Момындық секілді қасиеттен мүлдем жұрдай болған тәрізді. Өз жүріс-тұрысын, эмоциясын, еркін тежей алмайды. Өзін-өзі бақылай алмайтын әйел бар үйде ұрыс-керіс болмай тұрмайтыны анық. Қиын сәттерде немесе наразы болғанда әйелде үндемей қалу қасиеті болса көптеген қателіктен құтылуға болар еді. Егерде әйел өз еріне патшасындай қараса, ері оны ханымындай қабылдайды!

Еркектің әйелге деген қарым-қатынасы. Еркек өз әйеліне өте ерекше ілтипатпен қарауы керек. Өйткені, әйел жаны өте нәзік келеді, морт сынғыш ыдыс секілді. Ол жайлы Киелі кітапта келесі сөздер бар «Сол секілді сендер, күйеулер, әйелдеріңе ілтипат пен қамқорлық көрсетіп бірге өмір кешіңдер! Жан-тәндерінің нәзік екенін түсіне отыра, оларды ерекше қастерлей біліңдер. Себебі Құдай рақым етіп сыйлаған мәңгілік өмірді сендермен бірге олар да иемденеді. Тәңір Иеге сиынған кездеріңде ештеңе кедергі болмас үшін де осылай істеңдер!» Осы сөздерден егерде әйелдің қөңілін кірбің басса, еркек берекесіз болады дегенді байқаймыз. Неліктен кей бір ерлі-зайыптылар өзара бірнеше күндей сөйлеспей қояды? Ол олардың жүректерінде бір-бірінен алған жаралары болғандығы. Сонда еркектің жұбайына деген сезімталдығы болса ғой, әйелінің жан дүниесін түсіне білсе, түсінбесе де, түсінуге талпынса, шіркін...Ұлы сөздің ұяты жоқ дегендей, қазіргі кезде әйелді өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана қолданатын еркектер кездеседі. Ал негізінде, жыныстық қатынас арқылы әйелге өзінің махабатын сыйлау керек емес пе…
Сонымен, жоғарыдағыны қорытындылай келе, әйелдің ең басты сипаттамасы – мінез-құлық, жүріс-тұрысында, ал еркектің сипаттамасы – ол өз әйелін жақсы білуінде. Әріне, бұл жерде мен барлығына талғамай бір өлшеумен қарап жатқам жоқ. Біздің елімізде өте тату-тәтті өмір сүретін, үлгі тұтарлық жан-ұялар да жеткілікті. Және әрқайсымыз еркек болсын не әйел заты болсын, барлығымыз біреуді айыптап, сөкпес бұрын өзімізге сыртан қарап, баға беріп, тек жақсылыққа, тек түзелуге талпынсақ, қарым-қатынасымды өзгертуге тырыссақ мұндай жан-ұялар саны сөз жоқ көбейеді. Бәрі жақсы болады…
Бөлісу:

96 пікір

madlen
Қойын дәптеріме жазып алдым :) Рахмет
asaubota
жақында рунеттегі бір сайтта оқып едім, Иегова куәлары да троллингті үйрене бастады деп ;)
meirzhan
Осылайша, олардың кейбіреулері Құдайдың сөзіне құлақ аспаса да, өздеріңнің айтқан сөздеріңмен емес, игілікті мінез-құлықтарыңмен оларды баурап алып, Құдайдың иелігіне айналдырыңдар. Олар таза да ізетті мінез-құлықтарыңды көргенде ғана бұлай болмақ». Әйел өз еріне қожайынындай қарап, ол жұмыстан келгенде қуанышпен қарсы алып, жағдайыжасап, өзіне белгіленген міндеттерді жүзеге асыра білсе, ол дұрыс жанұя үлгісін қалыптастырады. Сара апамыздан үлгі алса ғой «… солардың бірі Сара еді; ол Ыбырайымның айтқандарына құлақ асып, оны «қожайыным» деп атайтын. Егер сендер ешқандай қорқынышқа көнбей, адал өмір сүрсеңдер, Сараның рухани ұрпағы боласыңдар» Әйел өз бетімен мықты бола алмайды, тек еркекке көмектесу барысында ғана өзін жігерлі сезіне алады.
Басы мен аяғы норма болғанмен, мына ортасы күмәнді.
Құдай деген Алла ма?
Сара мен Ыбырайым деген кім?
Zilola
ощым Аһи жақсы еді :)
VKM
сағындың ба?)))))
Nurgisa
Зилоланың орындауындағысын таба алмадым…

Zilola
Аһидің үгіттеп жүргені нақ менің дініме келеді, ал мынау уже басқаша :)
VKM
мен де ойланып қалдым да, солар кім деп? Иудаизм жетіспеп еді бізге)
meirzhan
Зерттейтін тағы объект табылды, ВКМ :)
VKM
:)білген жаман емес қой
Dinara
Ибраһим пайғамбар бар еді ғой, Сара деген яхуди дініне қатысты есім саналады негізі Ибраһим пайғамбарды жұбайы сияқты мәтінге қарасақ
PiaoLiang
Сара мен Ыбырайым жайлы білгіңіз келсе Құранды оқыңыз....Құдай деген ол Құдай… егер Алла дегіңіз келсе Алла деңіз, Жаратушым десеніз ол да болады, Тәңірім дейсіз ба… Оны қалай атасақта Оның болмысы өзгермейді… Сондықтан, өз қалауыңыз…
e_zhalgas
мынау тіптен тайғанақ ұстын ғой :)
Nurgisa
Ал негізінде, жыныстық қатынас арқылы әйелге өзінің махабатын сыйлау керек емес пе…
деген жерді толық меңгере алмай отырғаным…
qisyq
өзінің махабатын
грамматикалық қате, ә?
e_zhalgas
орысшадан аударылған ғой… с помощью полового акта они должны дарить любовь друг другу… орысша, қателеспесем, «любовь» сөзімен акттің өзін де айта береді :)
omarbirat
Ом мане падме хуум…
asaubota
Сол секілді сендер, күйеулер, әйелдеріңе ілтипат пен қамқорлық көрсетіп бірге өмір кешіңдер!

Иегова Куәгерлері сияқты қазақ тілін ешкім әдемі қолданбайтын шығар. Біздің діншілдер осыларға қарап үйренсе екен деймін дінді үйретуді. Әдемі тілмен, қарапайым мысалдармен.
PiaoLiang
Рахмет, менің қазақ тілде ойымды жеткізгенімді әдемі деп бағалағаныңыз маған марапат тәсілді.....өйткені мен қазақ тілін толығымен менгеруге тырысып журген тұлғалардың бірі едім… Сіздің қүдіктерінізді ақтамасам кешірем, бірақ бағыма орай мен Иегова Куәгерлері емеспін.
meirzhan
Мен Иегова куәгерлері емеспін, басқа ағымнанмын деппа :)
Өзіңізді тұлға санағаннан эгоңызды бағамдай беруге болатын сықылды.
PiaoLiang
ал сіз өзіңізді тұлға деп атай алмайсыз ба?
meirzhan
Тұлға ретінде қалыптасқаным жоқ.
PiaoLiang
Сіз шыр етіп дүниеге келгеніңізден ақ кіщкентай болса да тұлғасыз… Ал тұлға ретінде қалыспағанмын деп айтуыңыз...өзіңіз бір ұстанған принциптарыныз бар шыгар… мысалға бұл өмірде белгілі бір әлеуметтік дәрежеге немесе белгілі ұлы істер атқарсам ғана өзімді «тұлға» ретінде санаймын деген…
VKM
Мысалы, Мұхтар Әуезов-қазақ әдебиетіндегі алып тұлға.
TERISKEY
дұрыс емес, дефис емес, тере болуы керек:))
Zilola
Саммита ауызыңа түкірген бе деймін :))) (жақсы мағынада)
Nurgisa
бітті, енді Теріскей саған хат жазып, сені сөйлемнің ортасында «Сіз» деп жазып алыстататын болады :((((
patick
Саммита ауызыңа түкірген бе деймін

түкіргенде «Орбит» шайнап тұрса жақсы болар еді…
Zilola
кетЧ :)))
Біз жақта осылай айтады. Мыс. баяғыда студент кезімде ауылға келсем, туыстар үйлеріне шақырып баламның ауызына түкіріп кет дейтін. Сондағысы саған ұқсасын дегені ғо :) Жақсы мағынада деп жазып едім, әбден ығырды шағарасыңдар енді өстіп.
TERISKEY
біз жақта да солай, сізді түсіндім, әпке.:)
Zilola
иии жаны, екеуіміздікі бір жақ ғо Теріскей айналайын келбетіңнен, сен бізге ақ бесіксің тербетілген… Қызылкөл босамайды қонақтардан (Қызылкөл менің ауылым)
VKM
тере емес тире :)
Nurgisa
тере емес, (дұрысы -) тире.
VKM
жаппай грамматика үйрену, ликбез)
Білмегендерің білгендерден сұравалыңдар. Мысалы, Саммита, Нұрғиса ағай бар)))
meirzhan
өзі солай ғой. Тұлға 30 жасқа келгенде бірақ қалыптасуы мүмкін.
Ал өзінді «меннің» пайда болуы 3 жаста болады. жеке адам ретінде осы жастан өзін-өзі қабылдайды.
Nurgisa
Омарбырат пен Аршаттың түр-тұлғасын шырамыттым.
PiaoLiang
ой, қате кетті, кешірім сураймын дегім келіп еді:-))))
Zilola
...өйткені мен қазақ тілін толығымен менгеруге тырысып журген тұлғалардың бірі едім…
артық айтып болмас!
PiaoLiang
мен «тұлға» сөзін сөздіктен қарап, «личность» деген сөз мағынасында алғам… неге бұл сөзге қадалдыңыздар? Өздеріңізді тұлғамын деп атай алмайсыз дар ма? Түсіндіріңіздерші..қате неде?
meirzhan
Жазғың келсе, әрине, өз құқың. Бірақ ерсі естіледі өзін-өзі тұлға деген. Орысша да солай: «Я — личность» деп айту артықтау сияқты. Жақсы адам жақсымын деп айғайламайды. Тұлға деген бағаны өзгелер беру керек.
Бірақ дегенменен өзін-өзі жоғары бағалау қазіргі заманда керек-ақ.
PiaoLiang
ойыңызды түсіндім… рахмет....«личность» деген сөз адамнын еш қасиетін, мінез-құлқын көрсетпейді… жаксы адам болсын, жаман адам болсын бәрі личность… және де бұл сөз адамның өзін қалай бағалайтынында көрсетпейтін сиякты…
meirzhan
иә, сіздікі де дұрыс. Дегенменен тұлға (личность) болудың өзі белгілі дәрежеде жетістік емес пе. Тұлға болу үшін белсенді әрекет керек.
Zilola
Көкек өз атын шақырыпты н/е болмаса Мерироның айтқанына келеді менің ойым
asaubota
кешірерсіз, сіз туралы жазбаған едім. өйткені сіздің мәтініңізде әріп қателері көп :)

мен жалпы Христиан діні өкілдері туралы айтқан едім. Иегова куәлары деп шатастырған да болуым мүмкін.
VKM
Хазіреті Ибраһим (а.с.): Ең ұлық пайғамбарлардың бірі. Кішкентай сәбилік шағында‑ақ Аллаһтың бар екенін сезіп, Оны айға, күнге, жұлдыздарға қарап іздеген. Хазіреті Ибраһим Вавилон патшалығының гүлденген дәуірінде елшілік қызметпен жіберілген. Ол Вавилон патшасы Намрутты иманға шақырады. Ал Намруд болса, оған зәредей де құлақ аспай, оны тау болып лаулап жанған отқа лақтыртады. Сонда Құдайдың құдіретімен жалындаған аптап от сап‑салқын болады да, Ибраһимге ешқандай да әсер етпейді. Хазіреті Ибраһим «Халилуллаһ» деген лақап атымен де танымал. Ол ұлы Исмайыл екеуі Қағбаны салады.
qisyq
Оппа…
VKM
Nurgisa
Иллюзияны тез бұзғаның не?
VKM
)))мен сияқты білмейтіндер де біле отырсын деп)
patick
ВКМ, пароліңді кім бұзған?
TERISKEY
"өздеріңнің айтқан сөздеріңмен емес, игілікті мінез-құлықтарыңмен оларды баурап алып, Құдайдың иелігіне айналдырыңдар" — не қуып отырсың? :(
PiaoLiang
бұл дәйексөз (цитат)
TERISKEY
Әлімсақтан Құдайдың иелігіндегі нәрсені қалай Құдайдың иелігіне айналдырыңдар дейді ол дәйексөзің? Өзің ойланып көрмедің бе осыған?
Nurgisa
Иә, шынымен Шаолинг… ой, Пиаолинг, өзің ойланып көрмедің бе осыны?
Nurgisa
Зайып алған ерлерге арналған ескертулер онша емес екен деген қорытындыға келдім.
KILYZAMAN
Зайып алған ерлерг
-зайыпты өмірлік Жарға айланлдырудан айнымаудың жолын тарихымыздан іздесек…
KILYZAMAN
Нұреке,…………… нұрландыршы осы жерді! Базадан қажыдым!
KILYZAMAN
Базардан… Админшырақ, пендеің(қолданушыңның қатесін түзеудің мүмкіншілігін алып тастауға кім ақыл берді?)
asaubota
27-ші рет қайталап жазайын:

движоктың жаңа нұсқасына барлық плагиндер әлі сәйкес келмейді. өздігімнен алып тастаған жоқпын, плагин жаңасына келтірілгенен кейін осында қосылады.
KILYZAMAN
27-ші рет қайталап жазайын:
— Санамызды саралайтын Бауырым — Шаршамашы)! — Бар жақсы — жоқ болса кімге уәж айтар едік?
KILYZAMAN
Базадан есес -Базаар
KILYZAMAN
Және әрқайсымыз еркек болсын не әйел заты болсын, барлығымыз біреуді айыптап, сөкпес бұрын өзімізге сыртан қарап, баға беріп, тек жақсылыққа, тек түзелуге талпынсақ, қарым-қатынасымды өзгертуге тырыссақ мұндай жан-ұялар саны сөз жоқ көбейеді.
— Қазағымыздан озған барма?
araika
посттың соңғы бөлігін түсіну қиынға соқты
Айып етпеңіз, н және ң әрпін шатастыратындарды жиі кездестіруші едім, сізде ү мен ұ екен.
Zilola
автор бір сөзінде "өйткені мен қазақ тілін толығымен менгеруге тырысып журген тұлғалардың бірі едім" дейді. демек бұл кісі қазақ болмауы да мүмкін
araika
ешкімге де жеңілдік жоқ :)
patick
қатал жазалауға бейім екенсіз :)
araika
жазалаудың жұмсақ түрін білмейді екем :)
PiaoLiang
жоқ, мен қазақпын… мың өліп, мың тірілген!:-))
patick
мен ноғаймын бір өліп, екі тірілген
TERISKEY
онда дұрыстап жаз!
Zilola
Бір өлсем, тірілмей қоямын деп қорқамын. Сондықтан өлім жайлы айтуға да қиналамын.
a63a1
оо шешшессс… мынауың қай секта тағы?
Aizhantabyn
неге екенін, осы посты жыным кеп отыр…
Nurgisa
осы посты жынымды келтіріп отыр
не
осы постқа жыным келіп отыр
дегіңіз келген шығар иә, әріптес? ;)
Aizhantabyn
аха! осы постты жек көрем деймін деп жыным келеді боп кеткен аяғы)))
Nurgisa
Ашу шақырсаңыз бой алдырмайтындардансыз ба деп қалдым…
Aizhantabyn
көп нәрсеге ашулана бермеймін, бірақ сіздікі дұрыс, бір ашулансам…
meirzhan
Суреттің өзі нейрон талшықтарын қоздыруы ықтимал.
nurbergen_makym
Неге? Өзіңізді құйтырқы бір ғылыми зерттеудің субъектісі сықылды сезініп отырсыз ба? :*) Аққонжық Венадағы Дачыда!:*)
Aizhantabyn
өйткені, орынсыз ақыл айтып, өздерін бір АҚИҚАТ иесі ретінде көрсеткісі келетін мағынадағы жазбалар жыныма тиеді. Будто, ерлі-зайыптылар ескертусіз өмір сұре алмайтындай. оның үстінде астары басқа жаққа лағып кеткен!
timurrr
«Киелі кітап»??? Хехе…
asaubota
мұсылмандар басқа дін өкілдеріне құрметпен қараулары тиіс сияқты еді негізі…

өткендегі 99 пайызым еске түсіп кетті.
timurrr
Мұсылмандар басқа дін өкілдеріне құрметпен қараған, қарайды және қарай береді, Аршат! Ал бұл кісі өзін «Мың өліп, мың тірілген қазақ» деп таныстырды. Ал Қазақ этникалық мұсылмандар боп табылады. Бұл не деген сөз? Ар жағында қырғын әңгіме жатыр. Алысқа бармай-ақ қоялық…
asaubota
Қазақ этникалық мұсылмандар боп табылады.

:)
timurrr
«99 пайыз» деген ол сенің жеке пікірің ғой:) Пайғамбарымыз (салаллаху алейхи уассалам) адамдардың жүрегіндегісін Жаратқанға тапсыруды бұйырған. Сондықтан Оның ісіне араласпай-ақ қойғаның дұрыс негізі:) Қарайсың ғо…
e_zhalgas
аптыр бейдіндік көзқарасты ұстануға тырысқаны ғой :)
dark_nazgul
суреттегі еркектің профилі Пәтіштің Мұстафасына келетін сияқты ма?
klipmeiker
ерли-зайптылардын урсы ол улкееен филсофия, здесь нечего обсуждать