«ШАХТЕР» – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ-2011
Футболдан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл жолғы біріншілікте, «Жетісу» емес, «Шахтер» ұтып алды. Біз осыдан біраз уақыт бұрын «Жетісу» чемпион атанбайтынын жазып едік. Сол жолғы айтқанымыз айдай анық келді. Сонымен, еліміздің су жаңа үздігі, қарағандылық «Шахтер». Ал күміс пен қола «Жетісу» мен «Ақтөбенің» қоржынында.
Қарағанедылықтар ел біріншілігінің шыңына алға рет шығып отыр. Ал «Жетісудың» бұл алғашқы жүлдесі. «Ақтөбе» биыл қоланы қанағат тұтты. «Ертіс», «Астана», «Ордабасы» чемпионатты жүлдесіз аяқтады. «Астананы» жоғарыға сүйреймін деп келген Холгер Фах бапкерліктен кетті. Бұл алғашқы алтылықтың жайы. Енді »жан сақтау» бөліміндегі жағдайға келейік. »Қайрат» пен «Восток» бірінші лигаға билет алды. «Тобыл», «Қайсар», «Тараз», «Атырау» шатқалақтап жүріп, Премьер лигада қалды. Өкініштісі, Англиядан ат шаптырып бапкер алдырған «Қайраттың» күйі. Джон Грегори даңқты командаға еш көмектесе алмады. Ал «Восток» үшін бұл маусым өте сәтсіз аяқталды. Әрине, әкімдік жақтан көмек болмаған өскемендік команда бүгінде жетімнің күйін кешіп отыр…
«Шахтер» — «Астана» 2:0 (1:0)
Гол: Хижниченко 19 (1:0), Хижниченко 81 (2:0)
«Ордабасы» — «Ақтөбе» 2:4 (2:2)
Гол: Костич 26 (0:1), Аверченко 30 (0:2), Нұрғалиев 32 (1:2), Әшірбеков 44 (2:2), Мане 90 (2:3), Джилас 90 (2:4)
«Ертіс» — «Жетісу» 2:1 (0:)
Гол: Остапенко 20 (0:1), Кулибали 77 (1:1), Мальцев 78 (2:1)
«Кайсар» — «Атырау» 1:0 (1:0)
Гол: Малков 30 (1:0)
«Восток» — «Тобыл» 1:3 (0:1)
Гол: Гридин 38 (0:1), Бекрич 65 (0:2), Джолчиев 68 (0:3), Жұмаханов 81 (1:3)
«Қайрат» — «Тараз» 1:1 (0:0)
Гол: Недашковский 60 (0:1), Головской пенальти 90 (1:1)
рахмет Ордабасы!