САБЫР ТҮБІ САРЫ АЛТЫН немесе Сабырлық сыры

Сабырлық діндегі мақамдардың бірі, дін жолына түскен жандарға берілетін дәрежелердің бірі. Діндегі жалпы мақамдардың барлығы үш негізге сүйенеді: таным, жағдай және амал ету. Әр мақамның анықтамасы ара-жігіп ажыратпай оны айқындай алмаймыз. Әрбір айқындалған мақам жағдайы анықталады. Ал, жағдай амал етуге себі тиеді. Демек, таным бейне бір ағаш, жағдай оның бұтақтары тәрізді. Ал, амал оның жемісі іспетті. Келесі кезекте Аллаһтың жаратқан үш түрдің: періште, адам және жан-жануар арасындағы сабырдың орны қандай? Сабырлық тек адам баласына тән қасиет. Сабырлық жан-жануарда және періштеде жоқ. Жан-жануарда болмау себебі, ол ақылсыз жаратылыс. Ал, періште бойында сабырлықтың болмауы, ол Аллаһтың кемел туындысы. Демек, сабырлық ақылы бар, алайда кемелдікке өз талпынысымен жетуі керек болған жаратылысқа қажет. Ол жаратылыс адамзат.

Иман екі бөліктен құралады: бірі сабырлық, екіншісі шүкіршілік. Сондай-ақ, бұл екеуі Аллаһтың көркем есімі мен сипаттарына жатады. Аллаһ өзін Шакур және Сабур деп құранда көрсеткен. Осы екі ерекше қасиетті білмеу иманның қос қанатын білмегенмен тең. Өйткені бұл қос қасиет бізді Аллаһты тануға жетелейді.
ما يكن من خير فلن أدّخره عنكم, و من يستعففْ يُعفّه اللهُ, و من يستغنِ يغنِه الله, و من يتصبّرْ يصبّرْه الله, و ما
أطعي أحدٌ عطاءً خيراً و أوسعَ من الصبرِ
Мағынасы: «Қолымда тағы бір игілік болса сендерден әсте аямаймаушы едім. Кім сұраудан ұялса, Аллаһ оны жанын пәк етеді. кім қанағатшылық танытса, Аллаһ оны басқаға мұқтаж болудан сақтайды. Кім сабыр етуге ұмтылса, Аллаһ оған сабыр береді. Ешкімге сабырдан артық және мол игілік берілмеген.» Хадис қос имам Бухари мен Муслимде келтірілген.
Бөлісу:

6 пікір

Zhan
Менің мінезімде шыдамсыздық, сабырсыздық бар. Кейде бір жағдайлар болған кезде осы маған сабырлы болуды үйрену керек-ау деп ойланып қаламын. Кейін басымнан өткен оқиғаларды өтіп кеткеннен кейін сараптап отырсам, сол тірліктерімнің бәрін сабырсыздықтан жасаған екенмін. Сондықтан, өмірімде кездескен оқиғаның бәрі маған қашанда сабырлы болуды үйрену керектігін ұқтырып тұрады.
a63a1
Ал, періште бойында сабырлықтың болмауы
осы жерді сәл айқындап кетіңізші.
mistermarlen
құрметті бауырым, бұл жерде айтуым керек болғаны — періште нәпсісіз жаратылыс, ол ауру-сырқау, жоқшылық, таршылық немесе шаршауды білмейтін жаратылыс. Алла тағала оған бұларды сезінуді бермеген. ал сабырлық белгілі бір қиыншылықтарға төзумен қатар, өзінің тағаттығын көрсету мағынасын алып жатыр. Алла тағала періштелерге әмір берсе, сол тірлікті істей алатындай оған құдірет береді. Ал адам баласы дүниеде емтиханмен жаратылған. сондықтан да адамдар мен жындар, яғни нәпсі иелері сабырлық етуге үйренеді.
e_zhalgas
сабыр — мінези ерекшелік. оны адам бойында тәрбиелеу мүмкін бе екен!?
asaubota
мүмкін екен. мен көрдім :)
just19
Сабырлы адамның билік жасауына қызығуға болады: небір қызба мінезді мықты жігіттерің жанында, небір қолында билігі бар адамдар жанындағы сабырлының пікіріне бағынып жатады ғой