Көп қыздың әкесінің әлегі.....
Шалғай ауылда бір ағайым тұрады. Көпті көрген көнбіс адам, ешқашан ренжіп, ашуланып айғайлағанын көрген емеспін, бірақ, әрбір адамның "өз қотыры" болады демекші, оның да әлсіз тұсы бар…
Құлжабайдың үйленгеніне үш жыл толды, қыздай алған Сәбирәсін ауылдың фельдшері роддомға әкетті, аға-інілері «папаша боласың, ұлың туады»,-деп иә көтермелеп, иә әзілдеп қояды. Ұлдың туылатынына әбден сеніп алған Құлжекең конторға барды, біргәдірдің кабинетіндегі телефон арқылы роддомның регистратурасына телепон соқты. Ана жақтан "қыз туды, құттықтаймыз" деген қысқа жауапты естіген Құлжекең есеңгіреп қалды. Қалайша? Сәбира не былықтырып жүр? Ұл қайда? Үйге тәлтіректеген күйі жетті. Алғашқы немересі туралы хабарды алабұрта күткен шешесіне "қыз",- деп шорт қайырды да, үн-түнсіз диванға бүк түсіп жата кетті.
Шешесі ұлының оқыс мінезін көріп аң-таң, біраз уақыттан соң ғана Құлжабай беті бері қарады. Әйелі екінші рет қыз туғанда ауылдан бір жұмаға безіп кетті.
Кейін «ер кезегі-үшеу»,-дегенді өзіне медет етті, Сәбира үшінші рет перзентханаға барғанда егіз қыз туды. Құлжабайды асылайын деп жатқан жерінен туыстары әрең ұстап алды.
Үміт әбден үзілгенде ұл да дүниеге келді, бірақ, Құлжабай қуанышын көрсетпеді. Жүйкесі әбден тозғанда Сәбираға: «Мен тек қыз ғана жасайтынмын, ер баланы кімнен туып алдың»,-десе керек.

Апайымыз үшінші рет босанып, хабарын айтуға келген беті әжем:«Ақмайым босанды ма, кімің бар?» дегенде: "Үшінші қызым бар..." дегені есімде мұрны тепшіп. Ал, қазір сол үш сіңлім студенттер, қалаға келді биыл оқуға, үлкен немере екенімізді пайдаланып, қонақ күткенде жұмсап қап, рахатын көріп жатырмыз
Пы: Сы: Жездеме рахмет!
Қызығы одан кейінгі туған екеуі де ұл болды…
Біз 3 қызбыз, папа мүмкін өкінген шығар, бірақ бізге білдірген емес. Жұмаққа жол дайын деп, қыздарым — алтындарым деп мәз боп жүреді.
Енді жиендеріміз ұл болып жатыр Алма-кезек деген осы шығар.
Сосын бағана тәтті жесе, ащы жесе дегендерді оқыдым, ол өтірік папам өмір бойы қызыл бұрыш пен пен пиязды жақсы көрген, және пышақты да жақсы қайрайды.
Әр баланың өз несібесі болады делінсе де, көп жағдайда ер азаматтардың ер баланы күтетіні анық.
Папамдарда 4 қыз,1 ұл ғой. Әділетсіздік: бізде 2 қыз, ал тәтелерімнің бәрінде 2 ұлдан.Егіздер де бар. Солааааййй…
Сол жазбаны компына жүктеп алғандар жоқ па? Бар болса, беріңдерш, болашақта қажеті тиіп қалар.
Мұндау сақтауларға Гаста жақсы, сода болуы керек.