Саз әлемі
Саз әлемі «Ел арна» телеарнасында Баян Есентаеваның идеясымен басталған жаңа жоба.
Жоба мақсатында, 12 номинация бойынша жылдың әнін, әншісін, композитор, ақын, топ әншілерін анықтау.
1. 2011 жылдың ң үздік әні
2. Ең ҮЗДІК әнші (ер адам)
3. Ең Үздік әнші (әйел адам)
4. «Үздік бойз-бэнд» яғни жігіттерден құралған топ
5. «Үздік гёлз-бэнд» яғни қыздардан құралған топ
6. «Үздік бейнебаян»
7. «Жылдың жаңалығы»
8. Баян Есентаеваның жеке сыйлығы
9. Қазақ эстрадасының дамуына қосқан үлесі үшін;-- номинациялары бойыншы қаралады екен.
Сонымен, бағдарлама ішін ақтарып көрсек:
1. Біздің қоғам қандай ала-құла болса, бағдарламада солай. Негізі Ел арнаның сайтында тілі- қазақша деп көрсетілген, бірақ көбіне орыс тілде өтеді. Сөзін қазақша бастап, аяғын орысшамен бітіреді. Сайтта тек комменттер орысша болуы мүмкін деп тұр.
2. Қалжыңдарыда бір түрлі, мадениет жоқтықты көрсетеді
3. Әділ қазылар тым әлсіз, Ринат, сөзін жақсы бастап келеді де, қазақбайлыққа салынып енді осындай болады деп аяқтайды, Бағым, тура пікір айтып отырды, Мадина, пікір айта алатын әнші ме?; Лұқпан аға, мардымды пікір шықпады аузынан. Мен бүгін қатты сын айтсам не турасын айтсам араласып жүрген адам, меніңде күнім түседі деген ой көп маза бермейді әділ қазыларға. Сынды айтып алып, 10 ды көтеретіндері жайында үндемей-ақ қоюға болады.
4. Сарапшылар, оларды әншілердің киімін, толық-арықтығын, мұрты бар-жоғын сынау үшін отырғызғандай. Ләйлә Сұлтанқызы, пікірін ашып айтпайды, әйтеуір елдің бәріне жақсы көрініп қалу мақсатында, Дина, ех Дина тура айтам деп белдіктенде төмен түсіп кетеді, сыни көз қарастан гөрі өзі ақпарат іздегенде таба алмай қалған жаңалығын іздеп отырады, Нұрлан — бәрінің "қорғаушысы".
5. Сахна шыққан соң әншінің бәрі бірдей емес пе, ол «ана» атанды сол үшінде кешіріммен қарап дауыс беріңіз, бүгін ауырыңқырап тұрды. Осындай ойлар жыныңды келтіреді екен. Шықса өзі үшін шықты ғой, туса да өзі үшін. Бізге оның жеке өміріндегі өзгерісті ол жерде жеткізіп қажеті қанша. Ол үшін «Хедлайнер» бар емес пе?.. Сахнаға, байқауға шыққан соң ол біз үшін әнші, әнді жеткізуші.
6. Баянның идеясы, Баянды насихаттау үшін тұрғандай.

Соны айтам, көрініп тұр ғой айта алмайтыны. Десекте көйлегі әдемі болды бірақ.
Көйлек жағынан, сахнаға арнап көйлек, қойылым дайындайтыны жағынан барлық әншілер сол қыздан үлгі алса болады. аты кім еді, есіме түспей қалмасы бар ма?
Әйгерім Қалаубаева. Мен де басында есіме түсіре алмай, жылайды жапырақ қой деппін мамама кім дегенде))
Маған мысалы осы уақытқа дейін ән орындап келгендердің ешқайсысы супер емес, дауыстарын әзер жеткізіп жатыр альбомындағы керемет туындыға.
Сосын, за то джисысы жаңа, бойы ұзын, шашы жуылған, дауысы марожни жеп қарлыққан дегендей сылтаусымақтармен көтермелеп жібереді.
Сосын қазылар алқасы жамандаааап алады да, 10 деген бағаны көтереді, ол не мазағы?
КешYou-дың зары ұнамайды, не керек осы «уууууу, әәәәәәәә, өөөөөөөө» деген ыңырсық созулар. Сыңсу ма, жоқтау ма?!
бұрын солай ойлаушы едім, алайда кеше жанындағы Ринаттан үйренері болды ма, жақсы пікірлерді айта білді.
Ал Дина «артық қылам деп тыртық ететінін» өзі де сезбей қалады-ау
Пікірлерді оқып көруге тұрмайтын бағдарлама екен дедім.
Баяғыда бір бағдарлама жүргізіп жүргенде де, «Уот я Уральская, у нас такого нет. А эти Таразцы и Шымкенты ужасные» деп ұзын көйдек киюді «сынап» еді. Сол кезде Оралдық апамызға ровно дышать етіп қалғам.
менің де кеше бір көзімнің қиығы түсіп кетті… Форматы ерекше… Басқа бағдарламалардан өзгеше орынға орныға алған бағдарлама екен деп түйдім… Бардың ішіндегі тәуірі ғой әйтеуір…
Ринат өртейді..)) Негізі жақсы жақсы үш төрт кісіні бекіткен жөн әділ қазыларға… Соның ішінде Ринат үнемі болуы керек… Адамның жынын келтіріп, бағдарламаны «бұрыштап» отырады…
Айтпақшы, Мәдина Сәдуақасова мағанда ұнамайт)
Жазғаныңызға көп рахмет!
Ринат деп отырғандарың қай Ринат? Гайсин? Зайытов?
Ашық айтады, сұрақты жөнімен қояды.
Қытай киім киіп жүрген әнші емес біздерге рахат екен, ешкім сөз етпейтін!))
деген жерінде, Сіз ол телекомпанияда сайт барына меңзеп, оқырмандардың кликтері үшін қомақты ақы алып отырғаныңыз, көзі қарақты оқырманның кез-келгеніне түсінікті болып тұр.
Әділқазылар: Мейрамбек, Ринат Зайытов, Нұрберген Махамбетов, Рашид Адай.
Қатысушылар: Еркін Нұржанов, Маржан Арапбаева, Динара Сұлтан, Алмас Кішкенбаев, «Меломен» тобы, Ақбота Керімбекова, Сырым Исабаев.
Дина туралы жоғарыда айтылғанға қосылам, клиптің мазмұны (қымбат-қарапайым), инетте осы клип қанша рет тыңдалғаны т.б. біртүрлі пікірлер айта береді. Ләйлә Алмасты жақтап, Мейрамбекке қарсы пікір айтты (сенен басқа ешкімнің әні хит емес шығар дегендей). Нұрберген мен Рашид орыс тілді болған соң ба қатысушылардың әнін тыңдамақ түгілі, ондай әншіні (мысалы Еркін) білмейді екен.
Ринат жақсы пікір білдіріп отырды. Қызығы сол, сайысқа қатысқан бірнеше әннің авторы өзі екен.
Қысқасы көруге болады, қызық үшін.
Бұл 16-сы басталған. Әр жексенбі болады. Жүргізуші Б. Есентаева мен Тұрсынбек.
Көрдің бе, ТВ қарамайтын мен білем)))
Анау өлең сөзін сынайтын ақынның да пікірлері ұнамады. Нақты айтпайды. Быт-шытын шығарып сынамай ма.
Назқоңырға 40 қойғандары да дұрыс емес. Сәкен қанша шырылдаса да, ешкім тыңдамады. Сәкен шашын боявалған ба?
Байланыстан тыс бір жерде… (ыххахахах)
Жақсы композиор, әнші. «Бәйтерек» тобының біраз әндерін сол жазған («Сен» деген хит болған әнін мысалы)
ертең салайын сілтемені, өзім де көрмедім.
Кешегісін көре алмадым.
Жыным келеді тойдың әншілеріне, блин кішкене болсын көздерін ашып, қақшиып өлең айтып немесе өтірік «Шапалақ, қайдасыңдар, бірге!» деп айтпай нормально билеп, ән айтып кетсе ғой. Қашан көреміз сондайды!!!
Жалпы кешегі әндердің көбісін 1-ші рет естідім. Арнаудың әнінен басқасын:))
Еркін Мәулен — самовлюбленный:))
Азаматтыкі ұят болды. Сұмдық актер сияқты ғой, бәрін қырып кете жаздады. Болдым-толдым деген адамды жиіркенішті көрсетеді екен.
Менің ойымша, Z триосы болу керек, егер телефонға қатысты жоғарыда үзіндісі келтірілген ән болса...Өзіме ол әндері ұнамады, бір концертте жігіттерге жақсы деген баға қойған ем, сахнадағы алғашқы қадамдары соған тұрарлық болатын.
Түсінбейтінім, ән жетпейді ме бізде? Жарайды, әр әншінің орындауында әр түрлі дейік, сонда да…
Шынымен жастардың арасында Жұбаныш няғып жүр? Олардың алдында оның абыройын түсірмейді ғой бәрібір. Әлияға "қоя сал, сіңлім" дедім. Арнау тобының әнінде мен даже құндызым деген сөзін де түсінбедім шынымды айтсам, миымды ашытып жіберді өлеңі. Азаматтың бәрімен ұрысып кетуі ужас енді, көпшіліктің алдында еркектердің әйелдерден асып бажылдасып кетуі жәмән екен.
әлі осы деңгейден көтерілмей келеді ғой.
Жазғандарыңды оқып мен де Айконадай мен Сатыбалдының бір айтқанын еске алдым, «шетелде деген арып, аршып, би үйреніп, дәріс алып жүруші еді әнші болам деген адам» дегені есіме түсті:)))
Шынымен ғой бір өзі шығып алып, не 3 қыз, 5 жігіт не 4 жігіт боп шығад та микрофонды ұстап сахнада тұрады қақшиып, бір би құрастыру деген жоқ атымен. Не бір әнінде мағына болсашы
Жауында ма? жоқ әлде «нәзік сезім бірақ, қалдым неге жылап» деген бе? әлде «Ортамызда Төлеген тұрсың зорға ахау» болмаса «Бауырым сен бұл күнді көреалмадың ба»?
Қазылар өз бағасын қойғандарымен, көрермендерге дауыс беріңдер деп үндеу тастамады. Сарапшылар да ештеңе айтпады…
Жұбаныш ағаға жететін ешкім болмады. Орындау мәнері де, даусы да ерекше әнші ғой. Мейрамбектен кейінгі жұлдыз)))
Самал тобы «Сезім азабын» орындағанда ғой :) Маған жәй ғана ұнайды.
Інжу айтпақшыкімдер екен?
Кім екені әлі анықталуда…
Қазір олар бәрін қойып, бір-бірімен «атысуда».
"Үздік ән" номинациясында Дәуреннің «Таңғы қаласы» топ жаруына тілектеспін.
Осы сарапшылар әділ қазы бола алмағынан қызғанып отырғансияқты боп көрінеді де тұрады.
Орынсыз сөйлегендерді орындарына қойғанда әсіресе Бағым, Қалқаман, Ринатқа разы боп қалам.
гладиаоторларсссРинат анау «сағынамын сені, сағынбашы мені» деген сөздері құсық әнге Асхатқа ерегісіп 10 қойғаны мүлдем дұрыс емес. Біреуге ерегісетін болса, оның қай жері әділ қазы?
Қалқаман дипломат
Әлгі тұлымшақ туралы айтқаны субъективті пікірі ғана. Әркімге ұнауы да, ұнамауы да мүмкін.
Өткен апта көре алмай,
«Портрет недели»-дің кесірінененді ғана қарап жатырмын. Алғашқы шыққан 2 топ та ұнамады. Осы байқаудың басталғаны қашан, өзгеге айтылған сыннан қорытынды шығарса қайтеді екен? Жарайды, оны қоялық, жалпы ән таңдауда неге шалыс басады… мен соны түсінбеймін…Бірақ, сахнадан сығалап қарауға болатын шығар, жұртқа не деп жатыр екен деп…
Көп комменттер мына жерге кетіп қапты:
www.kerekinfo.kz/blog/Abilakim/5081.html#comment150993
Әлде мен білетін ән бе екен?download.files.namba.kz/files/3850288/%D0%9A%D0%B0%D0%B9%D1%80%D0%B0%D1%82%20%D0%9D%D1%83%D1%80%D1%82%D0%B0%D1%81%20-%20%D0%9C%D0%B5%D0%B9%D0%BB%D0%B8%28Instrumental%29.mp3?oqvRFsrsiiqGzLi80Pti27lG4kxjws1YQih0Ck1tSMcq
өйткені көп көре бермейтінмін, бірақ есіме түсіп жатыр әлденелер )
басқа қалжыңдасатын құрдас қалмағандай
Заманды енді танып жатырмын. А так әріптерім қазақшаланғанын байқамадың ба? алдын тілипонмен жазып жүргенмін
«Саз әлемі» ұлттық музыкалық жүлдесінде:
ең үздік әнші қыз – ДИНАРА СҰЛТАН
ең үздік әнші жігіт – ҚАЙРАТ НҰРТАС
ең үздік топ (қыздар арасында) – KEШYOU ТОБЫ
ең үздік топ (жігіттер арасында) – МЕЛОМЕН ТОБЫ
жыл жаңалығы – ЗАМАН ТОБЫ болды. Ал жылдың үздік әнін айтпаймын. Себебі, оны 31- желтоқсан күні «Еларна» телеарнасынан көріңіздер!
Ақпарат мына жерден алынды
Жылдың үздік әні «Ауырмайды жүрек» не болмаса Ғаділбек Жанайдың «Жылама, жаным»-ы (осы әні болып па еді) шығар
Ооо, қалааааа*(
Айкона, үздік әнді айтпағаның жақсы болыпты. Енді көруге стимул бар. )
Меломен үшін қуаныштымын.
ал он мың долларды кім ұтты?
Кешіріңдер, 31-күні «Саз әлемі» бағдарламасының қорытынды концертін қарай алмап едім.