Әбдразақтың жұмбағы: Қара дақ құпиясы



Бірде Шалқарабад қаласындағы «Шри-Мақатнақ» атындағы храмда Әбдіразақ деген ғұлама бопты… Аха, әлгі Тибет манақтарын бұтағынан тартып, медитация мен ацралдан реалға қуып, левитациясынан түсіретін бұзық шал. Сол шал ерігіп, жұмбақ жасырып шәкірттерінің тасын ауыртпақ бопты.
Сияға қауырсынды батырып, аппақ қағазға сілкіп жіберіпті де,
— «Уа, үш көзі ашық, чакрасы ояу, тәқуа-әт чихуахуа шәкірттерім! — депті. „Сендердің ойларыңша мынау не?“ — деп шәкірттеріне көрсетіпті.
—«Невкурил!» — депті Қасен Еспібі.
—«Мағынасы бар дүние мағынасыз дүниеге айналғанына куә болдық, пәтуасыз дүниеге мағына бәруден аулақ болсақ екен.Бірақ мән іздеген адамға, бұл да болса қайран дүние ғой, шіркін. Ұрпағымыз ойлау, ойландыру бір болмаса керек деген түсініктен айырылмасын дегенімді түсіндіре алмай қойдым. Ең жаманы, өзім де соны түсінбей-ақ қойдым» —деп Ылқинамаз да ағынан жарылды.
— „Бұл самғап ұшқан құстың суреті!“ -депті фантазиясы әсіре бай, бірақ қисын іздемейтін Мейіржан деген шәкірті.
— „Бұл мәмбеттік жасап тұрған, мәмбети мәмбеттер“ — депті Ершат деген вундеркинд-бала.
—»Бұл төмен қамтылғандықтан қиын күй кешіп жатқанына қынжыла қабырғасы қайысқан қахарман бейнесіне ұқсайтын сияқты, алажағы мен бережегін келістіре алмай жатқандүр. Ал негізі помидор жақсы көкөніс". -депті жыршы бала Жырғиса.
—«Боян» -деді е-zholdas.
—«Бұл иятсыз ағашка» -депті ОКY.
— «Бұныңызды біреу ксерокстан өткізіп сатып жүргенін көрдім!» -деді эксперт-бала ZAXO.
-—«Түсінбедім, бірақ маған да ұнайд!!!» — депті NKM есімімен жасырын тапсырма орындап жүрген полковник қызы.
—« Көрмегір көз бұл балағатыңызды да көрді ғой, Малевичінсс» — деді Сабытадлы Кербасян кәдімгідей ренжіп.
—«Емшегінен бір қыссаң ғо, шіркін» — депті Патрик, неге екені белгісіз, балағын тартқылап.
—«Фотоға түсіріп алып, сақтап қойдым, қорықпа» -депті басқасымен шаруасы жоқ Келтебай бала.
—«Ужс» -депті, Лозали, неге екені белгісіз, құлағын уқалап.
—«Біреудің сақалы ма бұл??» — депті Травести Пати ұйымдастырып жүрген Владлен.
—«Владлен, кімнің сақалына ұқсайды екен?» —деді көзіне теріскен шыққан Дабай бала.
—«Коньюктивит уішвөл!!!!!» — депті ала сақалды Бердібұлақ.
—«Троль детектед» —депті анимеші онанимус.
—«Басына табурет киіп алған «дух» сияқты» —депті Айәкім Лібәсұлтан, жастық шағын еске алып.
—«Таптым! Таптым! Ұстаз бізді сынап жұмбақ жасырып отыр!» -деп мәз майрам болды Әбілет98.
Сонда бәрін тыңдап болып, Әбдразақ көңілі босап, көті жасқа шыланыпты. Шәкірттер үнсіз.
«Былай қараса, тым-жақсы туынды, қаламыңызға гүл бітсін!» -деген Өміршалдан басқа ешкім де жұбатпапты қасқаны.
Тек біраздан соң, ұстаздың ең жеккөретін шәкірті Гангстервайпер жақындап кеп,
—«Артыңыздың ашуы қойып, сырқаттан бетіңіз бері қараса, осынау маразматикалық ишаратыңыздың себебін түсіндіре кетіңіз» —дегенде, Әбдразақ орнынан тұрып:.
— «Барлығың мынау кішкентай ғана қара дақты талқылап, ойларыңа келгенін айтыпсыңдар. Тіпті маған тіл тигізіп үлгірдіңдер. Бірақ ешқайсысың, дақтың ар жағындағы ақ қағазды көрмепсіңдер!»
ДепТ.
(Шымылдық)
Бөлісу:

33 пікір

Aramza
әқуа-әт чихуахуа шәкірттерім!
 теңеуіңдісс  
AKY
қып-қызыл фәлсафа
sammita
 Келтебай мен Бердібұлақ кім екенін таппай отырм
AKY
Кендебай мен Қарасақал шығар
Nurgisa
Қатырып жазыпсың, Асқар інім. Тек, журналдар ұрлай алатындай жалпы бұқараға түсінікті риторикаға арқа сүйемеуің аздап өкіндірді.
sammita
 Гаста біледі, біледі))))
asaubota
кеше ойлап отырғам осы пародияның да электронды түрі болады оны да осы Гаста сияқтылар істей алады деп. міне, бүгін істеп қойыпты. метафизика!
AKY
— «Бұныңызды біреу ксерокстан өткізіп сатып жүргенін көрдім!» -деді эксперт-бала ZAXO.
madlen
Ужс, Гангстер! Қуасың сен
Gastarbaiter
Өздерін таба алмағандар аса ренжімейтін шығарсыңдар. «Редакторым» кесіп тастады жартысын, еште маймақ болғыр
madlen
Мен басында Әбдіразақ шалды сен деп ойлаппын
Nurgisa
Әбдүрріззақ әкә мынау болсы керек:

Zilola
ужссс, басты рөлде болмасам да жүр екем ғо әйтеуір, но көп сөйлемейтін момын қыздың рөлінде
e_zhalgas
ілмектер ішінде претензиясыз «шедевр» сөзін көріп, ыңғайсыздау күйге бөленіп кеткенім сол
Gastarbaiter
Қара дақты меңзегем. Шынымен біртүрлі көрінеді екен. Бірақ, менің «кішіпейілдігіме» үйренетін кездерің болған шығар
Erkekyz
Маа, Гаста, джындысың сен, ішім-ай
VKM
фантазиясының шегі жоқ))) браво!
satibaldi
«Невкурил!» — депті Қасен Еспібі.
meirzhan
«Шешенден сайысы» қауымдастығындағы суретті талдауларымыз сияқты екен. Әлгі суреттерге байланысты коммент жазыңдар деп едің ғой, осы ұстаз бен шәкірттер туралы постты туындату үшін бе әлде сол біздің коммент жазыстарымызды бақылай отырып осы пост туды ма?
Көбірек жазып тұр осындайларды. Өте әйбаат екен.
qisyq
Браво, Гаста! Тұнып тұрған афоризмдер!)
konvict
 Епті, дым қалмады ғой, ағып кетті бәрі. Ішегім-ай, ішегім. Өліп кетсем обалым саған
Abilakim
кеңкілдемеске шара жоқ))))
Delhi
ува-ха-ха, шығармайтының жоқ екен. :)
AKY
«Былай қараса, тым-жақсы туынды, қаламыңызға гүл бітсін!» -деген Өміршалдан басқа ешкім де жұбатпапты қасқаны.
AKY
«Түсінбедім, бірақ маған да ұнайд!!!» — депті NKM
AKY
иххихихиххихаа   
konvict
 бір кісінеп алдым тағы