Қалды жігіт
Машинаның шиқ ете қалып тоқтағанын бірақ көрдім. Одан бұрын мұрныма резеңкенің күйген исі келді-ау деймін. Бағдаршамның жасылы жанғанда жолдың екінші жағына өтуге ұмтылған лектің ішінде мен де бартынмын. Машина менің аяғыма шамамен 1-2 сантиметрдей аралық қалғанда тоқтап үлгеріпті. Жоқ, жерде «ана жаққа»ерте кете жаздағаныма ызаланып жалт қарадым. Ақ «тойотаның» рулінде тәжік пе күрт пе бір жас жігіт отыр. Мен оны бірден таныдым. Оң көзінің астындағы бармақтай қара қалы оны тез есіме түсіруге көмектессе керек. Мен онымен қалаға келген жылдары танысқанмын. Сірә, ол да біздің қалаға осы жылдары келсе керекті. Алдымен оны жерасты өту жолында жолықтырғанмын. Кейін бірнеше рет түрлі бағыттағы қалаішілік автобустардан көргенмін. Иә, ол кезде ол бүйтіп шетелдік көлікпен ызғытып жүрмейтін, бірақ мен, дәл бүгінгідей қоғамдық көлікпен жүретін ем. Ол кезде ол өзінің адамды қағып кете жаздағанымен қоймай көлігінің есігін ашып айқайламайтын. Себебі, артта қалған сол жылдары ол көліктерде қолын жайып Құран оқып, «Жаулап алды махаббатты, „Ветер с моря дулды“ айтып ақша табатын. Иә, ол ол кезде бала еді…
айналмай-ақ қойыңыз, мен сізге шырша емеспін