Қолданушы рейтингтері



Сайтта минус пен плюстің жыры көбейіп кеткендіктен, бағалау жүйесіне өзгерістер енгізіп отырмын. Бұдан кейін:

  • Пікірлерге баға беру үшін рейтингі кем дегенде 3 болуы керек;
  • Қауымдастыққа баға беру үшін рейтингі кем дегенде 4 болуы керек;
  • Тақырыпқа баға беру үшін рейтингі кем дегенде 5 болуы керек;
  • Қолданушыға баға беру үшін рейтингі кем дегенде 2 болуы керек;

Ал, тақырып алғашқы бетке шығуы үшін 8 балл жинауы керек.

Осылайша тек минус/плюс қою үшін тіркелген өтірік аккаунттардың еш күші болмайды. Жаңа қолданушылар рейтингтерін көтерулері үшін еңбек етулеріне тура келеді. Жақсы пост, пікір жазса рейтингі де тез көтеріледі.

Жоғарыдағы сандар аз ба? Тағы да қосайын ба? Пікірлеріңді күтемін.
Бөлісу:

52 пікір

AL-ASTER
Тақырып алғашқы бетке шығуы үшін балл аз сияқты.
asaubota
мен көп па деп жүрсем.

пікір жазыңдар, ойларыңды ашып айтып. соған қарап ортақ шешім қабылдайық.
Zilola
тақырыпқа плюс қоя алмай отырмын
asaubota
күш немесе рейтингің жетпейді дей ме әлде плюс қоятын жерді таба алмай отырсың ба? сұрақты толы, ырақ алуыма бола ма?
Zilola
± қоятын жерді посттың астынан іздеп таппай қойғанмын, сөйтсем сол жақ шекесіне қыстырып қойыпсыз ғо, рахмет, жаңару жақсы болды!
asaubota
қазіргісі жақсы болып тұр, иә?

жасаған мен емес, мен тек сатып алып, түзететін, аударатын жерлерін ғана жасадым.
Zilola
соның өзі үлкен еңбек ғо, ауыстырғаныңыз жақсы болды!!!
Onlasyn
Сатып алдың ба дизайнды?
Qojeke
Уа, админ, авторитетныйлар минус қойса, нахтан бір-ақ шығарады, пилус қойса, аспаннан бір-ақ шығарады. Осы жағын реттеуге бола ма?
konvict
Қожекенің ойы ұнап тұр. Осыны бір ғана дауыс қылатын ғып реттеуге болмас па екен?
asaubota
ондай болса рейтинг пен күш не үшін керек?
Qojeke
Сайтта санаулы авторитеттер ғана шешуші роль ойнап кете ме деген күдік.
Onlasyn
авторитетныйлар минус қойса, нахтан бір-ақ шығарады
)))))))
19852407
Дұрыс болды, жеке басым рейтинг, баға беру, алу дегендерге аса мән бермейді екем.
Керекинфонының қызықты ақпарларын оқу үшін келем.
manshukn
Тақырыпқа баға беру үшін рейтингі кем дегенде 5 болуы керек;
Қолданушыға баға беру үшін рейтингі кем дегенде 2 болуы керек;
осы екеуі бір емес пе?
Zilola
қолнаушының жеке бұрышына барып та бағалауға болады
Gastarbaiter
сонын кажеты шамалы
Qojeke
Қой на. Авторитетный аяқтанушы келіп баға берсе, үлкен өзгеріс болады.
Gastarbaiter
Пікірді не постты бағалау кк адамды емес. Әйтпесе, бұл жердің талаптарын білмей минусқа оңбай кірген адамға мүлде шанс болмайды, рейтинг жинамақ түгіл, банально пікір жазу үшін.
konvict
Мынаны ескеру керек секілді. Одмин қалай қарайды екен?
Gastarbaiter
Оның бір жаманы, қолданушыға бір ақ рет баға бересің болт. А быдрук мен саған кешегі бұтақбастығыңа жыным кеп минус қойып, бүгін басқа пікіріңе риза боп пілус қойғым келсе ше?
VKM
сенен шығады ))
Zhan
«Керектен» керекті қызық инфо алу үшін, қызықтан құр қалмау үшін ғана келеді екем. Ал әлгі рейтинг, +, — деген нәрселерді қалай қояды, оларды ваще білмейді екем. Білген күнде оларға бас қатырмас едім.
Qojeke
Биржаға валюта мен алтынның бағасын білуге бола барамын. Ол жерде қалай саудаласатынын білмеймін. Білсем де бас қатырмас едім. Қалай қатырамын ақшам мен алтыным болмаса?
araika
күшті аударма жасалыныпты
meirzhan
Тағы қосуға болатын сияқты деееп қойсам
direct
Пікірлерге баға беру үшін рейтингі кем дегенде 3 болуы керек;
Қауымдастыққа баға беру үшін рейтингі кем дегенде 4 болуы керек;
Тақырыпқа баға беру үшін рейтингі кем дегенде 5 болуы керек;
Қолданушыға баға беру үшін рейтингі кем дегенде 2 болуы керек;
Мына баға беру сандарын сәл көтерсеңіз, а то басқа никпен кіріп өз өзін демеп/қолдап/қолпаштап жүрушілер рәсә көбейіп кетті.
Ottegin
«Дәніккен түлкі мамағын жалар»,- демекші, өзінікін уқаласа, уқалай берсін, сайттағы белсенділіктің санын(сырттан санайтын интернет санақшыларына арналған) арттырады, уқалағыштар басқалардың мазасын алмаса болды емес пе…
direct
Тегінот бобур, мәселе өзіне демеу жасап рейтингін көтеріп алуында емес, бірнеше ник арқылы хай! уай? посттар жазып мазаны алуында және бәзібіреулермен қасарысып/ерегесіп қалғанда бір бірін қосымша никтермен минустауында және осыған ұқсас т.б. мәселелерде болып тұр.
Gastarbaiter
Айголекке біреу солай жасап жүр.
Abilakim
Ептеп көтеру керек тәрізді бағалау сандарын
asaubota
2 есеге көтеріп көрейін бе?
Abilakim
сөйту керек тәрізді
sammita
рейтингке мән бермейді екем. Бастысы өзім оқып, пікір жаза алам, сол да жеткілікті
Onlasyn
Уақытың болса, бір адамның екі аккаунт аша алмауы турасында жұмыс істесең болады
asaubota
ондай еш жерде мүмкін емес
Onlasyn
Хабрахабр-да бар емес пе?
sigma
„Бір адам„ дегенді сіз қалай түсінесіз?
Машина қалай түсінеді?
Ойланайық!
asaubota
соны айтамын, сұрақты дұрыс қою керек.
asaubota
кейбір белсенді бірақ ни за что минусталып негативке кеткендерді плюске шығардым. осылай әдейі минустап жүргендерді аямай жазалаймын.
Zilola
менің арыма тиетін пікірге ғана "-" қоямын, кейде менімен айтысып қалған қолданушының пікіріне "-" қойылса, мен екен деп мені де минустайды. одан менің мұртым қисаймайды да, және сол ± үшін арызданып, дауласпаймын
VKM
мен де, тек маған тиіскенде ғана минус қоямын.Мазақтап не қылжақтағанда… жалпы мен «мирная»мын ))
konvict
Шынымды айтсам плюс-минус қоймағалы көп болыпты
sammita
мойында дабай, сонда мен қойып жүрмін бе минусты
saken
көптен қолым тимей кетіп еді сайтымызға соғуға.
Әйбәт болып кетіпті ғой!
sammita
мына Киностан жазуы көзді ауыртады екен((