Ең алғашқы тамағым - Сатыбалды
«Палау — кімге тамақтың, ал кімге — мемлекеттің аты шырағым». © Күмісхан апай, жағырапия мұғалімі.
«Рашки». «Рожки». Суретін салмағаным сол: оны, ол пісірілген табаның кескіні қасіретті мұң назымына жетелеуі мүмкін. Сондай сұрықсыз таба мен — Зевстің өзі кешірсін — тамақ.
Очм, бір күні жынды қарын ашт нақ. Ашқанда сұрама. Өзім байқадым: мына істің басын, ана істің аяғын шалып, айқай-шумен жүріп, адам қарны ашқанын білмейді екен. Ал тап сол күні баратын жер таусылып, істейтін іс бітіп қалып, өзіммен өзім қалдым нақ.
Тоңазытқыштың ұзақ уақыт бос тұрғаны сонша, бір күні көршім Қуантқан тауық асырауға торлары жақсы екен, сатшы деп, шынымен ұсыныс жасады. Кент адамында негізі тоңазытқышты сықита толтырып қою деген әдет жоқ, себебі дүкенде — ондай әдет қалыптасатындай тамақ та жоқ еді, завскладынсстың.
Очм, тамақ істеу білмейтін адам не істейді? Мақаннан көргенін істейді! Отченашымды айтып алып, қуыра бастадым. Май құйдым. Сосын пияз турадым. Сосын… Сосын Галик кіріп келді де:
-Лібә, еті жоқ болса — қу рашки зайып ал нақ, шамалы күйдіріп пісірш, тәтті болад! — деді.
Нақтың, әлі тамақ істеп көрмеген мен енді тіпті «күйдіріңкіреп» пісіруге көштім! Асты жабысып қалмасын, үсті шикі болып қалмасын деген ой — тіпті атымен жоқ. Сосын ба, пісті-ау деген кезде алсам: асты жабысып, үсті шикі боп қалыпты. Галик бір асап:
— Сен де тамақ істеп нақ, пяншік! — деді де, алғашқы және соңғы қасығын бетін тыжырайтып отырып әрең жұтып қойды. Тұзды ұмытып кетіппін…

өмір шындығы… )))))))))))))))))))))))))))))))
көп жігіттер үйден алыс кеткенде ғана үйренеді ғо тамақ дайындап
көзіме тамақты қызғанған ит елестеп кетті, неге екені белгісіз