Айтып түсіндіре алмайтын нәрселер бар

Баяғыда бір пяншік күнде бір кафеге келіп, 200 грам арақ алып ішеді екен да, «Айтып түсіндіре алмайтын нәрселер бар» деп басын шайқайды екен. Мұны байқаған кафе иесі бір күні пяншіктен:
— Ағасы, бұл сөзді неге қайталай бересің? – деп сұрапты.
— Отыр мен саған айтып берейін, басымнан өткен бір нәрсені – деп пяншік әңгімесін бастап кетіпті:
Осыдан бірнеше жыл бұрын әйелім екіқабат болды. Үй тірліктерін өзім істей бастадым. Сөйтіп бір күні сиыр сауайын деп шықтым. Шелегімді қойып енді сауа бергенімде, сиыр тыпыршып оң аяғымен тепсіне берді. Тұрдым да оң аяғын керіп жіппен байлап қойдым. Сөйтіп, енді сауа бергенімде сол аяғымен тепсіне берді. Ептінің, сол аяғын да керіп байлап қойдым. Сөйтіп сауа бергенімде құйрығын бұлғақтата бастады. Ептінің құйрығын қайда байласам екен деп ойланып тұрдым. Сөйтіп, құйрығын қораның төбесіне тартып байлайын деп ойладым. Жіп таба алмаған соң, белдігімді шешіп алдым. Сиырдың арт жағына барып, шелегімді төңкеріп қойдым да құйрығын төбеге белдігіммен байлап жатқанымда, шалбарым түсіп кетсе бол ма?! Сол кезде есікті ашып қораға әйелім кіріп келді.
Айтып түсіндіре алмайтын нәрселер бар… — деп басын шайқайды пяншік.
Бөлісу:

32 пікір

Zilola
күлкілі бірақ ужссс екен
omarbirat
Айдаладағы біреуге сырын шашып тастағаны несі?
AKY
аяйтын несі қалд дейсің)))
JAKO
Айтып түсіндіре алмайтындай-ақ жағдай екен.
Zhan
Сатыбалды, Нұрбергеннің ізін жалғастырған тәмсіл екен.
asaubota
айтып түсіндіруге болатын жағдай деп ойлаймын. ал кинолардағы қыздардың жігітіне немесе жігіттің қызына "қылмыс" үстінде ұсталып «бұл сен ойлағандай емес, бәрін түсіндіремін» дегендерін түсінбеймін. нені түсіндіреді сонда?
Onlasyn
«бұл сен ойлағандай емес, бәрін түсіндіремін» дегендерін түсінбеймін.

айтпа )))
Nurgisa
«Біз бар болғаны бауырласып жатыр едік» дегісі келетін шығар…
Abilakim
Қолтықтан кетірдің
sammita
түпнұсқада аздап өзгешелеу, пяншік емес)
Асаубота айтпақшы, көзбен көріп тұрған соң «Ты все не так понялдың» қажеті қанша
Onlasyn
kerekinfo стилінде жазылған ғо ))
Gastarbaiter
бирде менин досым кызына смс жверпты, лифанын уйде кап кетты таувалдм деп, сойтсе оны кыздын баска жигити окып койыпты.
madlen
лифасын біреудің үйінде қалай қалдырып кетеді екен? )))))))))))))) «Стиляги» деген кинода айтушы еді ғой папасы: можно заколку оставить у кого-то дома, можно невинность оставить, но как можно без лифчика уехать деп ))))))
Beytanis
бәттібай, басын жоғалтып алып жатқандар бар заманда алақандай төстартқыш сөз болып па? еххе-оххо
Gastarbaiter
Ол қыз тастап кетпеген, таба алмай қалға ғой, қайда шешкенін. Сосын асығыс жұмысқа кеткен. Солай деп досым айтад по крайне мере.
kokbori
«Басыңды неге ұмытып кетпейсің дейтін мұғаліміңді еске түсірдің бе
Erlan
болады мұндай саттер, айталмайсын қиын,
KILYZAMAN
Қонақжай қазақтың қаладғы үйіне ауылдан қонаққа барып(дәретхана, жусан, еркін күшену)……………… @qisyq сөйлесе қисығырақ болар еді…
Armanjan
сол айтқанды іштей түсініп тұрса да, түсінгісі келмей қырсыға беретіндер де бар ғой…
satibaldi
Бір кинода негір-баскетболист теріс қарап, допты насоспен үріп отырады, арт жағынан қарағанда — құрыған онанист сияқты көрінеді де, қызы тастап кетеді
Armanjan
гардобты жарма, бұл кино емес, баскетбол ойынына деген «жарнама» болатын…
Gastarbaiter
Тап сондай аяқ киім кремінің жарнамаса болатын. Теріс қарап отырып бір жігіт қолына екі бұтының ортасына туфлиді қысып алып, екінші қолындағы щеткамен ысқылап отырад, тез-тез ысқылай бастайд бір кезде. Артынан қарағанда Онаний атаның үмметі сияқты, тек шаруасын бітіріп, айнадай жылтыр туфлиді жоғары көтергенде білесің.
Daniar-Alan
енді үйленгем… жолдас балам үй соқты. подвалын арнайы жолдас балдармен қууға деп істеткен. сомен соның ішінде қуватырқ. подвал. сеть ұстамайд. үйге кешігіп бардым. қатын сұрайд: телефонды неге өшіріп тастағансың деп. айттым: подвалда отырдым деп. иии ертеңіне бір бағдарлама болып жатыр и айтып жатып типі еркектер үйленген соң телефонды өшіріп тастап подвалда отырдым деген сылтау көбейе бастайд деп  ол маған қарап күлед, мен оған қарап күлем. бірақ, шын айттым ғо…