99 пайыз...



Біздің ұлтшылдардың 99% өтірік ұлтшылдар.

Біздің діншілдердің 99% өтірік діншілдер.

Құлқын мен нәпсіден, позерлік пен понттан адалар 1%.

Болмысың қандай болса солай көрін немесе қалай көрінесің сондай бол. (Мевлана Джелаледдин Руми)
Бөлісу:

21 пікір

AL-ASTER
Жамандар жақсымын деп айқайлайды,
Жақсылар жақсымын деп айта алмайды — деген термені еске түсіруден басқа амал жоқ.)
Gastarbaiter
Әкім әркім өзін әйгілі бір пайзға жатқызатын шығар :-)
asaubota
кешеден бергі ұзақ үнсіздікке қарап, үнсіздікті келісумен тең көруіме болатын шығар, иә?
Onlasyn
"Өтірік ұлтшыл" дегеннің анықтамасы бар ма?
asaubota
солай көрінетін бірақ шын мәнінде ондай еместер, ұлтшылдықты тиын табудың бір түрі қылып кеткендер, репутация жасайтындар. обшым тек сырткөзге ұлтшыл болып көрінетіндер.
satvaldo
бізде де Жөнтүрктер пайда болған ба?
asaubota
біздегі жасандылық ешкімде жоқ. ең болмаса осы позиция бойынша бірінші орындамыз.
satvaldo
енді. тарихта қалу үшін барлығын жасау керек қо. белі бекімеген мемлекеттің «алғашқылары» осындай болуы таңғаларлық жай емес…
Gastarbaiter
біздегі жасандылық ешкімде жоқ. ең болмаса осы позиция бойынша бірінші орындамыз
Одмин қырғыздар мен никарагуалықтарды білмейді екен.
Aldeken
Кейбір ұлттың қамын жегіштер (кейде солардың тірлігіне қарап, "қ" әрпін қоспай айтқың келеді) жыл сайынғы демалысын шетелде өткізіп, өз бала, немерелерімен орысша сөйлескенін, ұлттың байлығын өз пайдасына жарататын мүмкіндік беретін лауазымға тағайындалғанда барлық саяси позициялары өзгеріп сала беретінін көргенде,
кейбір діндарларымыздың «дәрі деп ішсең, күнә болмайды» деп, өздерінің басы қосыла қалғанда таза спиртке су құйып ішетінін, пәтуасын айт десе, Саудиядағы қазақтың не екенін білмейтін, басқа мазһабтағы арабтардан пәтуа сұрайтынын көргенде
Құлқын мен нәпсіден, позерлік пен понттан адалар 1%.
осыған да күмәнім бар. Аз ғой, ондайлар… Өзімді де қосуға күмәнданып отырмын…
asaubota
99 және 1 әрине нақты статистикалық көрсеткіш емес. бұл жәй ғана теңеу, екі жақтың айырмашылықтарының үлкен екенін көрсету ғана.
Gastarbaiter
дегенмен кыртриоттар мен пиздiндарлар арасына бирталай туыстарымыз бен акконил бауырмал амиголар кездесед. Егер олар болмаса, кейбиримиз олардын касында шынайымын деп понт тастау мумкиндигинен айрылар едк.
Janasil
Әлгі орыстың ұлтшыл жалтырбастарын қай қатарға жатқызуға болады? Оларды өз елінің нағыз ұлшылдары деп есептесек болады ма?
patick
Олар ұлтжандылықтың садо-мазо, фанатизм формасына өтіп кеткендер ғой. Жәй жөтел мен асқынған өкпе ауру арасындағы айырмашылық секілді.
direct
Халықтың алдында ұлтшыл һәм діндар болып көрініп жүргендерге көңіліңе сыйған пайызды айтуыңа болады. Нағыз ұлтшыл һәм діндар адамдар байбалам салмай ақ, күнделікті өмірде ұлты үшін кішкене болса да бірдеме жасап, Құдайдың алдындағы парызын өтеп, өз жолымен жүре береді.
Lyaila
Өзінің отбасы, ошақ қасында шынайы тірліктерімен ұлтшлдық һәм діншілдіктің үлгісін көрсете білер жан болса, басымды иіп мойындауға мен де даярмын… ал өзге жұртқа көз етіп, қоғам сахнасында "әртістік қабілетін" көрсететіндер сол «талантының» арқасында 99 пайыздан ойып тұрып орын алатынына еш күмән тудырмасын…
Gastarbaiter
«Ау, жүрміз ғой үндемей-ақ ұлтым үшін бірдеңе істеп жатырмын» деп деді сол кезде Алтынқожа Пірзадаев.
«Ал не істедің ал?»
— Пәленшені соқтым, ешкімге тіс жармадым, түгеншені ойлап таптым, ләм-мим демедім. Тіпті телебизорға түсіруге мүмкіндік болд, мен ұлтымды ойлап қашып кеттім.
-Дұрыс қылған екенсіз.
-Біреулер алған орден-пордендерді алмасақ та, партиядан премия көрмесек те үндемей жүрміз ғой осы -деп сөзін жалғастырды ниньзя қахарман ағамыз.
-Соны айтамын.
-Пәлен күні, нағыз ұлтының қамын ойлаған деп, Кендебек Қасқаомарды мәжіліске шақырып жатыр деп естідім. Ай, ішім күйгені-ай… Ол зар-жақ, жағы қарысқыр, елін ойлайтын адам емес. Ау, көз алдында тұр ғой нағыз ұлт қамын ойлайтын адамдар… Мысалы, ііі, мысалы мына, ау, енді бар ғой, көзін ашып қараса. Тек біздер елдің бәріне жария қылмаймыз. — деді ауыл шарушалығының аардагер ағасы.
Жанды тақырып қозғалған болса керек — Алтынқожа ағамыз, қазір қоймайтынын түсінген мен, әңгімені племенной аттар тақырыбына бұрып әкеттім. ©
asaubota
ұлтшылмыз деп жүргендердің көбісі шын мәнінде құлқын үшін тиын істеп жүргендер, діншілміз деп жүргендер де жылтыр көт көрсе нәпсілерін тия алмайтындар.

осылай бола тұра өздерін ***здец қылып көрсетіп, басқаларды кінәлайтындарына жыным келеді неге біз сияқты дұрыс болмайсыңдар деп.

елім, ұлтым дейтіндердің көбісінің әйелдерімен, балаларымен, немерелерімен қай тілде сөйлесетіні кірпіге де белгілі. алдымен өздерін дұрыстап алып әңгіме айтсын деген ой ғой менікі.
gunner
99 пайыз деген қайдан шықты? Статистика агенттігінен алынған мәлімет па?))