Мен көрген Астана
Астана тамаша, ғажап. Әдемі ғимараттар. Зулаған шетелдік көліктер. Бәрі жақсы, бәрі керемет.
БІРАҚ…
Мен көрген Астана бөлек. Кемшіліктерін айтқым келіп тұр ғой:
1) Мешіттің санынан шіркеудің саны көп. Бұл өзі Ресей ме әлде Қазақ елі ме? Әлде мен жүрген жер шіркеудік жаны болды ма екен?! Шіркеу неткен көп еді деп іштей ызаланып келе жатсам анадайдан менмұндалап синагога тұр. О Құдай, бұ қалай болды?! Әйтеуір мен білетін мешіттер Нұр Астана, Артемнің қасында Ғылмани атындағы бір мешіт және Шұбардағы мешіт, одан басқа қандай мешіт бар? Тағы бір байқағаным бұ жақта Алматыға қарағанда хиджабтағылар аз екен. Бәлкім, орамал таққан әпке-қарындастарымыз үйлерінде отырған шығар деп жақсы ойлап қояйық!
2) Қазақ тілінің халі мүшкіл екен. Қай облыс орталығына барсаң да орысша сөйлейтіндерді көріп үйренгенбіз ғой. Алматыда да солай. Бірақ Алматыда орысша сөйлейтіндер мен қазақша сөйлейтіндерді түріне қарап-ақ байқауға болады ғой қайсысы қай тілде сөйлейтіні. Ал мына жақта түріне қарасаң ауылдың қап-қара қазақтың баласы, бірақ бірауыз қазақша білмейді, таң қалдым. Қайдан екенін сұрасаң, солтүстік жақтан екенін аңғартады. Қайда-а-ам, қанша уақыттан кейін барлық жерде қазақша болатынын. А мен қырсықпын, Астанаға келіп осы қырсықтығым одан сайын шыңдалды: БӘРІНЕ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН, ТҮСІНСЕҢ ДЕ, ТҮСІНБЕСЕҢ ДЕ!!!
Конституция, заңға қайшы емес.
Қайта Целиноград Астана болғалы тілдік жағдай жақсарды. 10-15 жыл бұрынғымен салыстырғанда. Дәл осы аймаққа астана салудың себептерінің бірі де осы ғой. қазақыландыру.
Ақтөбеге келсейші, хиджаб тұрмақ, көзінен басқа барлық жерін тұмшалап алғандарды көресің.
Обаған деген де көше бар) Айтпақшылай, шынымен Обаған деген не немесе кім?
Неге дейсіңдер ме? себебін айтайын.
Біріншіден, қай мешіт, шіркеу мемлекеттің заказымен салынды екен. Менің білетінім бір шіркеу, ол Ақтөбедегі «Нұр-Ғасыр» мешітімен қатар салынған шіркеу, бірақ, онда да екі құрылысқа да жергілікті әкімшілік бастамашы болғанымен, құрылысты қаржыландыру ерікті түрде арнайы қорларға жинақталған ақшалар есебінен жүргізілді.
Бір қызығы, жаңағы Ақтөбедегі мешіт пен шіркеудің салынуына байланысты бір мезгілде екі арнайы қор құрылды. Содан біздің қазекеңдер газет, телефизорға сұхбат беріп, «Алла жолындағы құрылысқа ырым қылдым» деп, 7, 77, 777, 7777, 77 777, 777 777, 7 777 777 теңгеден аударып жатқанда, христиандар барды да, үн-түнсіз 100 миллиондап құйып тастап, құрылысын бастап жіберді. енді болмағанда мешіттің құрылысын енді бастап, ішіндегі туалет саны қанша болу керектігі туралы облыстық деңгейдегі даулы сұрақты шешеміз дегенше, Шіркеудің төбесі жабылып, Ресейде арнайы құйылған қоңыраулары келіп те қалды. Енді мешіттің құрылысы шіркеуден кеш болатын болды деген наразылықтар туа бастағасын облыстың Бегалыдан шыққан әкімі іске араласып, шіркеудің тітейін деп тұрған құрылысы тоқтатылып, мешіттің құрылысы қуып жетуіне мүмкіндік тудырған еді, мешіт құрылсына жетпей тұрған қаражат, облыстың маңдайалды кәсіпорындарына (мұсылман, қазақ, шүршіт, пұтқа, буддаға сиынатынына қарамастан жаппай бәріне) бөлініп, жедел түрдже қорға аударылуы міндеттелген еді… Бұндай мәселе көп жерлерде болды десем қателеспеспін.
Ал, сонда мешітке қарағанда шіркеудің көп болғанына кім кінәлі?
Онда кешегі мемлекеттік мекемелердегі намазханаларды жаптырып тастаған заңға да бір норма кіргізетін адамсыңдар ғой, мемлекет ел ішіндегі мешіттердің санының шіркеу санынан көп болуын қадағалайды деген, толеранттықтарыңдыссс.
Пы.сы. Алдын-ала ұзақ пікір үшін кешірім сұраймын.
Арнайы Сатыбалды Кербабаев үшін: Көвәріп Технолоджидің бұл жазбаға қатысы жоқ…
ҚАТЕ ПІКІР, САУДА ҮЙЛЕРІ КӨП, УӘҚӘҚӘҚӘҚӘҚӘҚӘҚӘҚӘҚӘҚӘҚӘ!!!
пЫсЫ: ол жақта біраз Қазалылықтар жиналып қалды деп еді, жалғызсыратпайды деген үміттемін.