Махаббаттың физиологиясы
Махаббат бір тәтті у,
Iшер жүрек, болар мас.
Дүниедегі у мен шу
Мас жүректі оятпас.
Махаббат бір дәмді у,
Iшер жүрек, төгер жас…
(МАҒЖАН)
Осы махаббат, махаббат дейміз, әнге де қосамыз, кітап та жазамыз. Махаббат, сүйіспеншіліктің бір сезім екенін бәріміз білеміз. Ал ғылым бұған не дейді екен, ғылыми тұрғыдан зерттеп көрдіңіз бе? Әзірше нақты ештеңе болмаса да кейбір физикалық шындықтар бар…
Біз неге сүйеміз, махаббатсыз неге өмір сүре алмаймыз, не үшін керек бұл сезім деп ойлап көрдіңіз бе? Неге физикалық немесе биологиялық бір тұжырым жоқ, әлде махаббат тек психологиялық себептерден туа ма? Әрине бұлай емес. Махаббат, денеміздегі кейбір қажеттіліктердің орнын толтыратын бір сезім. Әйелдерде остроген, еркектерде тестесторон гормондары болмаса махаббат та болмас еді. Сезім гормоны эндорфин және кейбір секреция бездері денеміздің жүйке жүйесінің қимылдауына себепкер болады. Махаббат ұлғайған сайын бұл қимылдардың да көбеюі, организміміздің әрқашан бұл физиологиялық қажеттілікке мұқтаж екендігін көрсетеді.
Психиатрлардың айтуына қарағанда "ғашық болу" деген нәрсе жоқ, бұл жәй ғана бір ой. Ғашықтықтың негізі физикалық бір ұнату және көз тартарлық сұлулық, тартымдылықтан басқа ештеңе емес екенін көп ойлай бермейміз. Өйткені, біреуді ұнатудың мөлшері артқан сайын, сана-сезіміміз де азая бастайды. Бір адамды ғашық болу үшін таңдап, оны ойымызда үлкейткен сайын үлкейтіп, санамыздын ең биік шыңына шығарамыз. Бұл ғашықтық бізді жүдетсе де, бізге зиян берсе де, махаббат үшін көзіміз еш нәрсе көрмейді, құлағымыз еш нәрсе естімейді. Өзімізді босқа қинап, тығырыққа әкеп тірейміз.
Біреуді сүйген кезімізде денемізде физиологиялық өзгерістер пайда болады, гормондарымыз әдеттегіден басқаша қозғалатындай болады. Өзімізді бір жарысқа қатысқандай сезінеміз, ешқашан бітпейтін бір жарыс сияқты бұл жарыс. Бұл жарыс біреуімізді шаршатар, әлсіз қылар, бірақ осы сезім үшін де өмір сүрудің өзі де қызық біреулеріміз үшін. Егер махаббат екі жақты болса, яғни екі адам да бір-бірін сүйетін жағдайда екеуі де өздерін бақытты сезінеді және бір-біріне сенімдері арта түседі. Мұндай адамдар айналасына позитив энергия жаяды және оқуларында немесе жұмыстарында басқаларға қарағанда анағұрлым алда екендіктері көрінеді. Ал егер махаббат, паталогиялық яғни «ауру махаббат» категориясына кіретін болса, мұндай жағдайдағы адамдарда мазохизм нышандарын байқауға болады. Бұл кісілер сүйген адамдарыннан ешқандай сезім белгісі ала алмағандықтарыннан өз өздеріне зиян беріп, дене мүшелерін жаралап, сүйген адамыннан ала алмағанын өздеріне осылай бергендей болып, өздерін алдарқатады. Секс тарихындағы Садо-Мазохизм деп аталатын бұл құбылыстың негізгі бастапқы себебі осы жауапсыз махаббат болса керек.
Бұл мақаланы 21 ақпан 2004-те Түнгі жаңбыр лақапатымен КерекИнфоның алғашқы нұсқасында жазыппын

эстроген гормоны.
Осының бәрін жинап, архивтен оқып жүресің бе Асаубота?