Ең, ең, ең және тағы да ең

Ең бірінші рет интернетті 9-ды бітіріп колледжге түскенде көрдім. Мэйл.руды сайт деп ойлап, ашып алып мәз болғанмын

Ең алғаш рет Ақзеренің «Ақын, Махаббат, Періште» деген блогына кіріппін.

Машинамен ең жоғары жылдамдық 180-ге алып барған етінмін. Одан әрі де асар ма еді, қасымда отырған әкем ұрсып берді. Ал, айдап көрген машиналарымның ішіндегі ең крутойы тайота камри 20 болса, ең нашары «запарожец» етін.

Ең бірінші рет өзімді жаман сезінген кезім 09-09-09 болатын. Сол күні Айдананың туған күні еді. Қолымда сыйлығым бар, бармаймын ба құттықтап. Шықты. Айтатын сөздерімді айтып, сыйлығымыды ұсынып едім, алмай қойды. Анау-мынау деп кетіп қалған. Сосын маған хабарласпашы деп смс жазып жіберіпті. Қайта звондасам не телефонын алмайды. Өзімді өте қатты жаман сезіндім. Біреумен төбескім келді, таяқ жегім келді. Екі квартал жаяу жүріп тиісетін адам таппадым. Әшейінде тоқтатып темекі сұрайтын біреуі де жоқ. Салбырап үйге келдім сосын.

Ең қатты қуанған кезім алғаш рет әкімшілікке жұмысқа кіріп, айлығымды алған кезім. Өзімнің еңбегімнің нәтижесін көріп көңіл шат-шадыман болды.

Бірінші рет аяғымды 6-сыныпта оқып жүргенде шығарып алдым. Тайым бар тұғын. Сонымен құмнан қайтып келе жатқанда үркіп кетті. Содан аяғымның бармағы шығып кетіпті. Бір ай ауырсынып жүрдім.

Бірінші рет өзіме жек соткіні 2008-де алдым. Ақ түсті, экраны жасыл болып жанатын «зте». Алғашқы болғасын қымбат па әлі зте мен пасуорд ұнайды.

Ең, ең, еңдер әзірге осы. Еске түсіп жатса жаза жатармыз
Бөлісу:

20 пікір

AKA
сыйлығымыды ұсынып едім, алмай қойды
… неге сыйлық қабылданбады екен?
19852407
ойпурмоой, жауапсыз махабатты қойсаңшы
AKA
Түсінбей қалдым, бәлкім сұрағыңыз @konvict-ке бағытталған болар?
Beytanis
Дұрыс істеген, кейін өзі сыйлық бере алмайтынын білгендіктен алмаған болар. Бекерге жігітті дәмелендірмегені құптарлық болыпты. Саспа, Абай, аман болсаң, қыз табылар!!!
AKA
кейін өзі сыйлық бере алмайтынын білгендіктен
Қайдан білесіз сыйлықты бере алмайтынын?  Меніңше, басқа себеп болған оған араласпай-ақ қоялық және сыйлықты адамдар кейін маған да қайтарсын деп сыйламайтын шығар… Ол көрсетілген құрмет, көңіл емес пе
konvict
Ол көрсетілген құрмет, көңіл емес пе
Соны айтсиш
Beytanis
АКА, кез келген нәрсенің мәні бар. Әгәрәки, менің пікірімді мұқият оқысаңыз
Бекерге жігітті дәмелендірмегені құптарлық болыпты
дегеннен-ақ ұғар едіңіз. Алды ма,
Ол көрсетілген құрмет, көңіл емес пе
деп жігітіміз дәметіп қалар еді.
Gastarbaiter
Осы жерде толык косылам.
Егер адамнын сены катты унатып турганын бильсен ал даль онын куткенын бере алмайтын болсан, жане сыйлыкты тек сены жакы коретындыктен берип жатканын бильсем сыпайы турде отшивать етер едим.
Мен оган барин стедим, ол мены багаламады деген жыланкы ангимелерды жек корем.
konvict
Саспа, Абай, аман болсаң, қыз табылар!!!
Табылады, табылды да. бірақ дәл соны жақсы көргендей ешкімді ұната алмадым. Бұл енді өткен ғой
konvict
Соның жауабын әлі күнге дейін біле алмадым.
sammita
Бірінші рет аяғымды 6-сыныпта оқып жүргенде шығарып алдым
ал екінші рет сен үшін АКУ шығарды ма
konvict
Біздің AKY -мен ым-жынымыз біркенін қайдан біліп қойдыңыз?: таң қалған әпөштің смайлы:
Gastarbaiter
Айгерим екеуыннен жаксы отбасы шыгар еды.
konvict
Рахмет, Әйгерім-Шүкіманның кіндігіне құлағына платина пирсинг
sammita
екінші рет қашан сындырдың деген сұрақ.
VKM
Жалпы мен де сыйлық алмаймын, ешкімге қарыз болғым келмейді.Жәй гүл болмаса
meirzhan
Гүл қымбат болуы мүмкін  сыйлықтан да
VKM
ммм… солай ма?