Таңқалмаңыз...

Таңқалмаңыз деп Ченнайдың медициналық қызмет көрсетуі жайлы жазғым келіп отыр  

Осында келгелі дантистке тұрақты бармасам да, бір кісідей барып тұрамын. Дантист бір досың болсын деген, досым болмаса да, жақсы консультантым бар .

Артықшылығы:
— әрқашан күлімдеп қарсы алып, күлімдеп шығарып салады;
— Сіздің ауруыңыз Сіздің ғана проблемаңыз емес, сондай-ақ, біздің де деген саясаттары;
— бағасының қолжетімділігі;
— емдеп қана қоймай, Сізге аурудың шығу салдары, оны жою жолдары жөнінде егжей-тегжейлі айтып береді;
— емдеу барысында әрбір қадамына сипаттама беріп отырады;
— озық технологиямен жабдықталған;
— жұмыстарында интернетті қолданады

Соңғы уақытта басым ауырып жүр деп жазған едім ғой, естеріңізде болар, көзіме қатысты екен  Окулистке де тексерілдім, несін сұрайсыз  Жүз рупиймен барлық тексеруден өтіп, консультация да алдым десем мақтап отыр демеңіз. Енді сол туралы бірер сөз.

Артықшылығы:
— әрбір кабинет соңғы технологиялармен жабдықталған;
— құрал-саймандарының түгелдігі таңқалдырды;
— персоналдың кішіпейілдігі;
— бағасының арзандығы;
— шешімді тез қабылдайды

Байқасаңыз, екі орталықтың кемшіліктерін жазбадым. Ұзақ ойлансам да есіме жеке өздеріне тән кемшілігін таппай отырғаным. Сондықтан, ортақ кемшіліктері мен артықшылықтарын бірге көрсеткенді жөн көріп отырмын

Жолға қойылған сервистерінің арқасында жүйкеңізді құртпайсыз. Кезектің соңы кім, қай дәрігерге баруым керек деп еш алаңдамай соңымнан еріңіз, болмаса күтіп отыра тұрыңыз деген персоналдың айтқанын істесеңіз болғаны. Сол күтіп отырғанда Сізге қалауыңыз бойынша кофе, шәй, су әкеліп береді, Сіз тек күте біліңіз . Бір жағынан алып қарағанда, бұл да дұрыс. Сау адам дәрігерге келмейді десек, аурудың жүйкесі тыныш болсын деген ойлары болар. Алайда, мұндай сервисті өз басым өмірге қыры жоқ кісілердің қолы деп таптым. Дайын асқа тік қасық, біреу Сіз үшін шешіп қойды, Сізден бар болғаны бас шұлғып соңынан ере беруіңіз сұралады. Өз басым әрбір қадамды біліп отырғанды қалайды екенмін. Не үшін? Неге? Қалай? деген сияқты сұрақтардың жауабы болса құба-құп . Өмірге икемсіз кісілерді жақтырмағандығымнан ғой деймін.

Сөз аяғында, еліміздегі медициналық қызмет көрсету бұл жақтан да жоғары болса өте керемет болар еді деп қорытындылағым келіп отыр жазбамды. Назарыңызға рахмет, Сізге деген құрметпен, Бальзаминка
Бөлісу:

9 пікір

AKA
Бізде де осындай тәртіп, мәдениет орнатылса, шіркін!..  Соңғы кездері кезекке тұратын жерлерде талон енгізіпті, «Кім соңы? Одан кейін мен едім, сен едің» дейтін ұрыс азайды. Талонды алып, нөмеріңнің экраннан шығуын күтіп отырасың
meirzhan
соның өзіне ұрыс шығаратындар бар. Анау сандар тоқтап қалды деп
AKA
  қайдам, ұрыстан аулақ жүрем, бірақ талонға үйренісе алмаған халық көп. Әсіресе банкте қай кассаға қандай талон алу керектігін білмей жатады
manshukn
Сондай талон алу Алматы вокзалына да қойылған. Негізі жақсы болды. Студенттер қайтатын кезде адамдар кассаның алдында топырлап кетеді.
balzaminka
ия, дәл солай дегім келеді
AKY
Рахат екен.
Дантистке бармағалы не заман. Чоколайф акцияларынан чисткаға купон алғам, 6000 теңгенің қызметі 2000 деген. Айдың аяғынай дейін баруым керек енді.
Altygradus
Біздегі бір дәрігерге келер адам санының көптігі маңызды фактор сияқты айнаып келгенде бәрін құртатын.Бірақ техниканы білмит біздегілер сосын не ауру екенін мыналар сияқты бала да түсінетіндей етіп суретіне шейін салып жасамайды ғой. Себебі уақыт жоқ деп құтылса болады. Бірақ та приват клиникаға қаншама жүз доллар төлеп кірген өзінде де бір керім түсіндіргенін көрмедім.
Әйтпесе бізде дәрігерлердің бәрі сауатсыз демес едім. Ауруды қалай емдеу жолдарын үйреткенмен пыросто науқаспен жұмыс жасау этикасы дәрігерлерге дұрыс үйретілмейтін сияқты.
Менше бізде сақтандыру жүйесін енгізу керек. Сервис деңгейі арту керек, қаржылардыру көбейеді. Бірақ оны ойласаң тағы бір сол жүйеден тыс қалатын адамдар қаншама болады, олар арам өледі ғой бірдеме болса.
Тыныш қызметіңді көрсет, сау бол деп жіберсе науқас та рахметімен кетеді.
Бірақ біздің адамдар жалпы өздері біртүрлі ғой, концерт, автобус любой қоғамдық орында өздерін ұстауды білмейді. Емханаға барып та сол қылықтарын жасайды. Ал дәрігер байқүс қайсібіріне шыдап отырсын, ол да адам.
balzaminka
ага, бізде аурумен сөйлесу деген жоқ, оған түсіндіріп не керек дейді, сонысы жаман.

Үйде Стомедке барғанмын осында келер алдын, бәрін жөндеп алайын деп. Содан дәрігер қарады да, бірнәрсе істегелі жатыр. Не істейсіз деген сұрағыма дәрігерсің бе оны сұрайтын, саған не қажеті бар деп ұрсып берсін. Не зат істегелі жатқанын айтып, қанша болады алдымен ақылдасу керек қой, мүмкін менің ақшам оны көтермейтін шығар дим да. Ұрсып жатқанда сөйлей алмай қалатын әдетіммен тұрдым да шығып кеттім, ол кісі сөйлеп қалды
muza
енди бар нарсе журе тузелер осыган шыдап журе беремизгой казıрше
мумкин кореядагыдай немесе унди елиндегидей дамымасада казакстанга караганда осы турик елиндеде карым катынас жагы алде кайда жогары.Даригерден шыгар кезде кырык жылдык дос сиякты боласын
Алла даригердин колына тусуден коргасын делик, айтседе тусип жатсакта ак жаулыктылардын колына аман есен жазылып шыгуды жазсын :