КВН-биатлон

Админнің ІТ-мамандарға арналған анекдоттарын қалай КВН-ға қолдануға болады деген сұрақтарына жауап бергесін КВН-да қолданылатын «болванкамен» шығарылған әзілдерден үзінді.

Ескерту: әзілдердің анау айтарлықтай күлкілілі болатынына кепіл бола алмаймын, бірақ, КВН барысында көріп, тыңдап жатсаңдар таң қалмаңдар. ))))))))))))

Сонымен, болванка — жаңалықтар.

Сабақта оқушылардың басын сызғышпен ұратын мұғалім, оқышулардың бастарының ені мен ұзындығын жатқа біледі екен.

Дене шынықтыру пәндерінің мұғалімі сабақты дұрыс оқымайтын балалардың ата-аналарын мектепке шақырудың орнына оқушының өзін мектептің арт жағына шақырады екен.

Математикадан сынақ тапсыра алмаған жігіт дайындалмау себебін түсіндіремін деп байқамай философиядан сынақ тапсырып кетіпті.

Белгілі кино жұлдызы Анджелина Джоли Павлодардың қала күніне сыйлық ретінде Екібастұзды асырап алыпты.

Өзінің кішкентай күшігіне «От» деп ат қойған жігіт күн сайын агенттегі статусына «Отпен ойнап отырмын» деп жазып қояды екен.

Табиғат аясына демалуға шыққан 10 жігіт пен 2 қыз түнде кім-кімнің қасына жататынына таласып қалып, ақыр соңында палатканы өртеп үйлеріне қайтып кетіпті.

Нұр Отан партиясы соңғы кезде экстремизм қаупі төнуіне байланысты оқ өтпейтін партмоне және партбилет пен партжилет шығаратын болыпты.

шамамен осылай…

«КВН-де шамамен 700-800 әзіл бар, қалғаны вариация» деген пікірдің өзі болванкалардың өміршеңдігін көрсететін болуы керек…
Бөлісу:

11 пікір

asaubota
болванка деген шаблон ма сонда?
Gulistan
От ұнады.
Aldeken
осы болванканың вариациясы ретінде: бір қорап сіріңкені жеп қойған жігіт аузына келгенді оттап жүрген көрінеді.
asaubota
түріктер мафия басшысын «мафия әкесі» деп атайды. сондай турецкий прикол:

— мен ұлымның атын Мафия деп қоямын
— неге?
— сонда мафия әкесі боламын!

бір группалас түріктің фамилиясы Pilsen еді.

сол айтатын ұлым болса атын Эфес деп қоямын, сонда Efes Pilsen болады деп
Gastarbaiter
Аршаттың е-КВН-і не болды осы?
asaubota
әзірше қатысуға ұсыныс білдіргендер саны 0
VKM
мен қатысар едім, бірақ команданы артқа тартамын ба деп қорқамын
KILYZAMAN
Өзіңді өзімше нағыз алғырлардың қатарына қосып жүрсем… :-( Мұның болмады!