Көмек керек!!!!!!!!!!!!!!!!!

ЦОН-ға барлығың барған шығарсыңдар…

Опшым, ЦОН-ға барған кездегі бір күлкіңізді келтірген, жыныңызды келтірген, топастықтың шырқау шыңы деп санаған бастарыңнан өткен, куә болған, біреуден естіген оқиғаларыңды жазжверіңдерш, ия?

Сендер айтты деп айтпауға уәде берем…
Бөлісу:

54 пікір

Aldeken
уау, керектіктер, көмектерің керек боватр, опшым…
Nurgisa
Білмейм, соңғы кезде біршама бардым, бәрінде жақсы қызмет көрсетілді…
Aldeken
бұрынғыт сапарыңыздан болса да болады.
satibaldi
— Өлгендігім туралы куәлігімді алайын деп…
— О, Мағзұмовсыз ғой! Көршіңіздікін де ала кетіңізші!
qisyq
Мағзұмов
Қуаныш?
Altygradus
<code>Мағзұмов

Қуаныш?
уахахахаха
asaubota
Астана ЦОНдарынан қазір косяк іздеу мүмкін емес. алдын ала ұзын очеред, нервыға дайындалып, қабағың қатулы барасың ғо. сенімің ақталмай қалады… барлығы тез, барлығы сыпайы

Алдеке, егер КВНға тема керек болып жатса осыны да қоюға болады

зы: жақында адрес бюросына барғам пропискам туралы анықтама алуға. сөйтсем қай қалада «прописанмын» сол қалаға бару керек екенмін. өзіміз 16 миллион-ақпыз, бәріміз бір базаға сыймағанымыз ба?
Aldeken
Бәсе, өткенде прописка туралы ішпиенский жаңалыққа неге ашуланып пікір айтты десем…

адресное бюро дегенің цивилизацияның аулынан өте алыс орналасқан жер ғо. ол жақтағы мәліметтер орталықтандырылмаған әрі орталықтандыру мүмкін де емес. Бірақ, келесі жылы сен айтқан «Жеке тұлғалар» деген базадан берілетін болады, уоот, ол базаға сенің қай қалада тұрғаның важно емес. бірақ, кей жерде мәліметтері актуально болмай қалуы мүмкін. (ох, е-мое, бәрін айтып қойыппын ғо.)

просто мында жұмыста сол баяғы КВНский оыптың бар ғо бірдеңе шығара салшиш дид, соған басымқатывотр… көмектесіңдершиш…
VKM
Адресное бюродан справка алуға барғанмын. Бүкіл офиске 2-3 компьтер, одан сенің фамилияңды тапқан соң, бір каталогтардан,қағаз іздейді 1 сағат… маммааа!!! әлі осындай «тасбақа қызмет көрсету» бар екен деп таң қалғанмын)))
satibaldi
әлі осындай «тасбақа қызмет көрсету» бар екен деп таң қалғанмын)))
35 000 ұсынса — таң қаласың. Күндегідей қызмет көрсетсе — көзіңіз тағы маңдайыңызда… Неткен вакуумдық технологиямен өскен жан болдыңыз Сіз…
VKM
((( ваще маған сөйлемеңізші, плииииз…
sammita
«Адресное бюро г. Астана» деген аты айтып тұр ғо. Республикалық орталық емес. Сондықтан білуің керек админ ағай
Janasil
Үкіметтің порталы арқылы өтініш тастағанмын өткенде *праписанмын* деген анықтапа алу үшін. 1 күнде бітетін тірлік бітпейді. Күніге хабарласам цонның қыздарына күніге ертең барады дейді жауады. 1 апта өткенде біреу айтпақшы араларынан бір адал християнша табылып анықтама алудың интернеттегі жүйесі жұмыс істемейтінін айтты. Амал жоқ жая баруға тура келді. Зато жарты сағаттың ішінде бітті.
KILYZAMAN
Амал жоқ жая баруға тура келді
— амалының жоқтығынан жая апаратындардың қатарында екеніңді меңзегендей болдыңба? Ал егер қате жазылыпты десең, ондай нәрсе өзімде де жетіп артылары анық… Дегенмен, қызық пікір ;-)
Janasil
нені меңзегеніңізді онша қақпай отырмын.
araika
жынымды келтірген оқиға: жеке төлқұжатымды жасату үшін (онда да досрочно)олардың есігін бірнеше ашуым, максимум 20 күнде дайын болатын құжатты мен 2 ай жүріп әрең алдым. Бірақ бұл ең алғашқы қызмет көрсетулері, жаңа ашылып жатқан кезі болатын.
Биыл ЦОН-ға тағы жолым түсіп, бір емес бірнеше рет орын ауыстыруы біраз әуреге салды. Пропискаға тұру үшін, ешқандай қиындық болмады. Бәлкім үй иесі өзім болғандықтан ба? Бас-аяғы 2 сағаттың ішінде бәрі біте қалды.
satibaldi
Аналар КВН-де осыны зарлап ойнап тұрса ше…
qisyq
Жюри солқ-солқ етіп, жер бауырлап жылап жатса…
araika
Жюри ЦОН-нан келеді дейсіз бе?
qisyq
Медведев кетсе, Путин келеді, ну и что?
araika
хехе, ешқандай КВН болмайды, сонымен қатар жюри де болмайды.
qisyq
Әне, қарашы, анау қырдың ар жағында белін қынай буған, қасқырды алдына салып қуған аңшылар кетіп бара жатыр. Жүр, көрейік!? Ахахахаха (сыңғыр-сыңғыр күлкі)
araika
ойнаса ойнасын пост иесі КВН-ге деп жазбағаны несі?
Aldeken
не ғо, КВН-ге емес бұл, просто жұмыста 1 мероприятие болад, соған бастықтар типі осындай дүние шығарш дейді.
Aldeken
Пропискаға тұру үшін, ешқандай қиындық болмады.

прописканың осындай болуы үшін жасалған жұмыстарға қатысқанымды айтсам мақтанған болам-ау, ә?

5000 теңгеге липовый прописка жасау деп ойлапқалмаңдар-еу
araika
өзіме қиындық тудырмағанымен, өзгелерде басқаша екенін байқадым. Содан құтылу үшін өзіңіз белінен сызып тастаған 5 мыңдыққа жасатып, тыныш отырады
Aldeken
Е-мое, ЦОН-ға вапше бармайсыңдар или бәрің Астананың ЦОН-дарына барасыңдар деген ойға келіп отырм… ((((((((((
KILYZAMAN
ХҚО — Халықты қинау орталығы(бір терезеге телміртіп), болмаса — (иек қағысып)көз қысысып…
Aldeken
ел аузынан ба, әлде өз тәжірибеңіз бе? деп сумаңдаған желтая прессаның жорналшылары секілді тықақтап қояйын…
KILYZAMAN
Бір, ашуланғанда келген ой ғой… Көз қысқыш(иек қаққыш) ХҚОдағылар басқа жерлерін қысса ғой, айлығы аз болса ол жерге неге таңылады бәтшағарлар :-(
sammita
неде болса осы кісіні айналдырыңыз, диалогты үзбей ұстап отырсаң болды
a63a1
Кемпір Цондағы документ қабылдайтын қызға:
— Қызым менің сигім келдіме?
Aldeken
Бір таныс қыз ЦОН-да істейді. соның әдеті, РНН деген сөзді РэНэНэ деп айтатын-ды. Сөйтсек, кемпір-шал эРэНэН десек түсінбейді, сосын РэНэНэ деп айтып үйреніп кеттік деееееп отыратын…
Gastarbaiter
«Көмек керек!!!!» Мынандай мұңайған тақырып үшін форумда банға жіберуге болады.
Ақпаратты ашатын хэдлайн жазып үйренейікші, зайып ал.
KILYZAMAN
Осы сен бар ғой бауырым, боқтамай(жаза) сөйлей аласыңба? ;-) Тарқата отырсайшы, ол не лайн Айналайын бауырым?
asaubota
орынды ескерту!
satvaldo
не болдеее, бүйрек-бауыр керек пе екен деп жетеееп келсем. ЦОНындыс.
KILYZAMAN
:-) :-) :-), керек болса берер ме едің?
satvaldo
таза қазақтың органы керек деп жыламаса болды ғой. әйтпесе, төлқұжаты жоқ қаншама адам бар…
Aizhantabyn
бірде ата-анам ініме төлқұжат алу үшін құжаттар тапсырып жатады (16 жасқа толып төлқұжат+паспорт алатын болған), бәрін бәрін берген кезде ЦОН қызметкері: «маған анықтама алып келіңіз!» дейді. Папам: Қандай? ЦОН: ҚР азаматы екеніңізді растайтын!.. Папа: алдыңыздағы екі төлқұжатты көріп тұрсыз ба? ЦОН: иә! бірақ маған анықтама керек! Папа: анықтамасыз ала бер,қызым, еш нәрсе болмайды. ЦОН: аға, егер ұлыңызға төлқұжат берілмесе, өзіңізден көріңіз!

занавес!!!
Осыны папамның аузынан естімесем, ваще сенбес ем!!!
Altygradus
хахахаха ол азаматтық туралы құжатты қайдан алу керек екен?? Алғаш естуім ондайды)))
Шамасы бірдеме дәметіп тұрған ғой, сосын әйтеуір бір сылтау тауып ана Қожанасырдың ұн сап қойдым дегенге келтіріп)
satibaldi
Жапондарда да фольклорында әпенде туралы әңгімелер бар ма?
Ahi
Қазір рахат, военкоматқа тіркелу үшін де ЦОН-ға барасың. Қысқасы, бәрі бір жерден бітеді!
Ottegin
Өз басым, біздің көкшетаулық ЦОН жұмысы ұнайды, жаз бойы 6-7 рет құжаттарды дайндау үшін бардым, барлық жағдайда тез, сыпайы, бастысы, оң шешілген қызмет көрсетілді маған, так ышто, Алдеке, басқаларды алдап көріңіз (шютка)
Dinara
Құрбым жұмыс жасайтын Алматыда бір аудандық ЦОН-да, барлығы камерамен бақылауда дейтін.
Сонда да «вредный» клиенттер блогта небір нәрселерді жазып тастайды атымызды атап тұрып дейтін. Сол блогтардан іздеп көріңіз жұрттың басынан өткендерін, кейбірі жәй ерігіп жаза салатынын да ескеру керек бірақ.
muza
ондайлар кобинесе Блоги в Казахстане да боладыгой