Гастарбайтердің сахнадағы алғашқы "обломдары"


Әнші горлопан
Мектептің жыныстық емес акт залында өлең айту, тақпақ оқу, скетчтердің бәрінен бұрын, 6-жасымда Шатуновтың «А я хочу, а я хочу опять» деген өлеңін Мәдениет сарайында айтқанмын. Ол кезде "Әнші Балапан" деген сайысқа кастинг жүріп жатқан.
Өткен жоқпын.

Қайғы тұтқын.
Одан кейін, мектепте көтерілісші Емельян Пугачевтың қаһарына ұшыраған жауынгер рөлінде болдым.
Қол-аяғы байланған мен, тұтқынға түсен қайғы-жауынгер кейіпінде «Ты мне не государь, ты вор и самозванец!» -деп қолбасшыға қарсы шығып, бетіне түкіремін. Мені жендет әкетіп, дарға асады. Бітті. Рахат. Ұзақ монолог жаттап қажеті жоқ.

Алайда класс жетекшім шынайы көрінсін деп он секунд шынымен асылып қалуымды сұрады. Біраз талқыдан кейін, «дардан қорқам» деген соң, менің аяғымды көрсетпейтіндей пердемен көлегейлеп, өзім кішкентай үстелге мініп тұратын болдым.

Бір-екі ауыз сөз айтып, қалған уақытты адам мәйітінің рөлінде болу перспективасы маған ұнады. Бірақ, ара-тұра көрермендер арасынан «Қозғалып қойд, уаххаха», «кірпік қақты, хихихи» деген коменттер естіліп жатқан соң, беті-аузымды тыржитып, аяқ астынан жыбырлап қап, билеген сымақ боп, ыржалаңдап балалардың маған деген назарын, одан әрі қолпаштай бастадым.

«Бәрін бүлдірдің Базарбаев! Жыбырлап, ең болмаса өліктің рөлін сомдай алмадың.Тым болмаса 5-10 минут шынымен асып қойғанда мықты көрінер еді, сонша қорқып сен де» -деп класс жетекшім ренішін білдірді. «Аяқ жағыңды пердемен көрсетпей жауып қойсақ та орындыққа мінгізіп қойғанымызды бәрі білді, асып қойып бес минут тұрсаң, сосын жендеттер шешіп алса, шынайырақ көрінер еді.» -деп налыды ақкөңіл апайым.
Медициналық тұрғыда адам 1-2 минут ішінде бұндай эксперименттен жан-тәсілім болу қауіпім бар екенін, ал алғашқы бірнеше секундтан кейін-ақ актерлік талантымен жарқылдамақ түге, саналы ойлау, көру, есту қабілетім жоғалып, жан сақтауға тырысып тырбаңдайтынымды, аузымнан сілекей ағып, көгеріп, көзім арнасынан шығып, тіпті бұтқа жіберіп қоюымның мүмкіндігі зор екенін ардақты ұстаз білмеген болса керек.
Одан аман қалғанымның өзінде, мойнымдағы арқанның ізін әке-шешеме қалай түсіндер еді? Елестетіп көріңдерші.

Қайрат Рысқұлбековтің әруағын ұялту.

Одан кейінгі есімде қалғаны— университетте түрмедегі Қайрат Рысқұлбековті сомдадым. Үстім қан-қан, көйлегім жыртық. Таяқты өлесі жеп алып, күңіреніп отырып, хат жазамын. Сосын жендеттер қолтықтап алып бара жатқанда, үмітсіз жағдайымды мойындап "Қайратом зовусь я по имени, Я плод Казахского семени, Как в жертву приносят овечку для бога, обязан мужчина быть жертвой народу, Расстрелом хотите меня устрашить? Стреляйте ж! Нет страха во мне, только злоба" -деуім керек еді.
Бәрі керемет. Қойылым жақсы. Айтатын текстім де маған. Әттең менттерді еркектер ойнағанда, бір екеуін баспен ұрып, жұлқынып, тым болмаса боевикке айналдыруға болар еді.
Көзінен күлкісі кетпеген қыздар қол-аяғымды кісендеп, нәзік қолдарымен мені сипалап, абақтыдан сүйреп шығаруға күші жетпей, қылымсыған соң, тіпті оларға бұлқынып, жұлқынып қарсыласудың өзі күлкілі болды. Ақыры көрерменге көрсеткеніміз драма емес, Шапито циркінің сәтсіз бағдарламсына претензиясы бар сексуалдық БДСМ ойындарына пародия болды. Одан басқа да сәтсіздіктер көп болды. Бірақ оны жазсам, өмірбаян болып кетеді.
Бөлісу:

114 пікір

TERISKEY
Рахмет, Гаста, рахаттанеп, айызым қанып оқыдым. "… ең болмаса өліктің рөлін сомдай алмадың." — Шаншардың «көшедегілер» қойылымындағы аттың рөлін ойнай алмайтындар есім түсіп кетті
Qojeke
Хедлайндарын оқып, ары қарай оқуға артым жібермей тұр. Құлатады мынауың
sammita
 рахмет жазбаңа.
"Қайрат дегенім атым бар"-ды өзің аудардың ба?
Abilakim
Мектеп ішілік сахналық қойылымдарға дайындалудың өзі бір ғанибет еді ғой
Nurgisa
Күшті! Кейде өзіңмен-өзің қалғанда сол сәтсіздіктер еске түсіп, іштей немесе бақыра өзіңді «сабамайсың» ба?
Gastarbaiter
Жоқ. Сәттіліктер ешкімге қызық емес. Өйткені бәрі жоспар бойынша жүрсе, адам ешнәрсеге алаң болмай автопилотта өмір сүреді, бірдеңе контрольден шығып кетсе, бағдарламаға қайшы кетсе ғана жұрттың миы іске қосылады.© Black Night — Джокердің сөздерінен.
sammita
«Поле чудестің» гүрілдеп тұрған шағы. 5 класта-ау деймін, мектепте ұлдар барабанды жасап, акт залында өтетін болды. Жоғары кластың 2 қызы бар, мен үшінші. Кондитерлік өнім 5 клетка. Зе*ир. Ана бос әріпті табу үшін бүкіл дыбыссызды атадық-ау Зефир жемек түгілі, естімегем атын.
sammita
дыбыссыз емес, дауыссыз әріпті)
Nurgisa
"Қонақ" деген сөзді жасырмағаны қандай абырой болған…
sammita
«Поле чудес» орысша өткен өкінішіңе орай. Бәрі орысша болатын.
Nurgisa
Неткен алалаушылық… Ұттың ба? Барабанда «банкрот», «П» дегендер болды ма?
sammita
әрине ұтпадым. Якубович жоқ демесең кәдімгі Поле чудес қой. Қыздар бұралаңдап табақша әкеледі
Zhan
Әншілікке де таласың болған екен ғо. Бірақ, нервтері өлмеген өліктің ролін жақсы ойнаған сияқтысың…
patick
Ия, ұқсас сәтсіздіктер болған

Бір рет ауылдың клубының ұжымымен бірігіп мектеп Қайрат Рысқұлбековтың жыл сайынғы қайталанып тұратын «жылататын» эпизодын қойдық. Мен надзиритель болып ойнадым. Бұрын тәп-тәуір репетиция жасап жүргенбіз. Дәл сол қойылым болатын күні, акт залына ауылдың құрметті азаматтарын жинап алып келіп, көріністі қоямыз дегенде менің тамағыма суық тиіп қалады ғой, әкесс. Содан микрофонға сөйлеген әр сөзімді жөтелмен сүйемелдеумен болдым. Очм, қойылым шықпай қалды.

Орыс әдебиетінің кешінде де мектептің акт залы лық толы еді. Орыс тілінен салыстырмалы түрде жақсы болғаным үшін, поэзия формасындағы бір шығарманы айтуды тапсырды. Менің нашар қасиеттерімнің бірі — жаттауға жоқ екендігімді олар бұл жолы ескермеген сияқты. Жалпы сахнадан тақпақ-өлең оқысам, міндетті түрде ұмытып, тұрып қалып, орталарға пауза тастап айтатын едім. Сол әдемі орыс әдебиетіне арналған кештің де сәнін кетіргендер қатарында болдым.
a63a1
бала Абайдың рөлін ойнап едім, 1 класста қалайғана қара сөзін жаттап алғаныма әлі таңым бар, видеодан қазір қарап, 5 минут бойы тоқтамай зырылдатып оқығанымды көріп ақылды болған екенмін-ау деп өз-өзімді жұбатып қоямын
meirzhan
Мұғалім сәтті қойылым үшін ешкімді аямайды екен.
Соңы абзацтың аяғын оқып күлгенім-ай.
Орысша оқыған сияқтысың.
asaubota
мен осындай сәтсіздіктерді алдын ала болжап сахна өнеріне мүлдем жолаған жоқпын, әлде мендегі талантсыздықты көргендер өздері шығармады ма?..
Gastarbaiter
Менің фактурам жақсы болған соң, сондай нәрселерге қатыстырғыс келеді де тұрады. "Қой рахмет" деп қашу менде жоқ.
Abilakim
Мен осындай сахналық қойылымдар анау-мынауларға қатысу арқылы директордың көзіне түсіп алғанмын. Кей сабақтарымның бағасына ықпал жасаған еді.Әңгіме Балқаш қаласындағы мектепте оқыған кездерім жайлы.Жалпы, директор осындай шараларға қатысатын балаларды сабақ уақытында жұлып алып дайындалта беретін. «Бағаларыңа өзім жауап берем» осы жарыста жақсы орын алсаңдар болды дейтін. Біз де ол кісіні жерге қаратып, мұрнын шұқытпадық
Bekjan
1989 Республикалық Әнші Балапан байқауына қатысып кедім 4 сыныпта оқып жүргенде… Біздің мектептің «Бұлбұл» деген фальклорлық ансамблі бар болатын, мен соның бас солисті болғанмын… Мұғаліміміз татар музыкант, композитор Ғалымжан Таминдаров деген кісі… Сол кісінің жазған «Бұлбұл» деген әнін орындадым… Сол кездер есіме түсіп кетті… Ақжолова жүргізіп еді сол кешті… Сыйлыққа бір былғары доп, бір қорап шиколад берген..)

Сосын 3 класта оқып жүргенде бірінші рет сахнамен танысып, Лениннің түрмеде кітап жазып отырған рөлін сомдағанмын… Ленинді ойнайтын баланы таңдағанда мұғалім, маған «сенің маңдайың Лениндікіндей кең екен» деген себеп айтып еді… Ол кезде мойынымызды қызыл галстук байлаған пионерміз..Ұлы адамның рөлін сомдау асқан құрмет еді ғой…

Сценарция бойынша Ленин түрмеде нанның қамырына сауыт жасап, ішіне сүт құйып сонымен оқып отырған кітабының беттеріндегі ашық жерлерге жазып отырады… Бұны аңдып жүрген күзетші, есіктегі тесіктен сығалап қылмыс үстінде ұстайды дағы, "қап, бәлем, ұсталдың ба" деп есікті сықырлатып ашып болғанша Ленин қамыр сауытты жеп қоятын… Ал күзетші кірген кезде кітап оқып отыратын… Кітапты қараса ештеңе жазылмаған… Кейін сол кітапты сыртқа беріп жібереді… Оның үзенгілестері кейін сол бетті отқа жақын ұстағанда сүт қарайып шыға келетін болған… Сөйтіп олар Лениннің оларға жазған хатын оқып тұрған…

Бұл қаншалықты өтірік шын, білмеймін… бірақ сол кезде керемет бір ерлік, романтика болатын біз үшін..)))
sammita
мен соны жасап көргем. Крупскаяға хатты солай жазатын деп оқыдым-ау. Қағазға сүтпен жазып өртегем, сүт (жазу) ағарып шығады.
Abilakim
қоңыр түске енеді
satibaldi
Сірә ол ұнтақ сүтпен жазған болса керек…
Zilola
химияда осыған арналған бір параграф бар, сонда сүт пен қанттың құрамында көмірсу бар болғандықтан өртегенде оның түсі қоңыр түске енетіні жайлы бар.
Aldeken
Менің есімде қалғаны, Бекжанның біздің 9-классқа оқуға келгенде «Табиғатым, махаббатым» дейтін өлеңді айтатын. Содан кейінгісі Әуез екеуінің дуэтпен «Басталады, басталады, Тамаша-думан, басталады жастар әні Тамаша-думан» деген әнді айтқаны 10-класста, қазір домбыра тартпаймын деп қымсынып жүр… деп намысын қамшылайын…
sammita
Таааабиғатыыыым, махаббатым әні хит болған замандар боведі ия
Бірақ мектепте ондайды айтпаппыз, "Құстар қайтып барады" болмаса
Aldeken
«Жаулап алды махаббаттың» оригинал версиясын айтатынбыз…
asaubota
мына пікірді оқып көрші www.kerekinfo.kz/blog/music/3634.html#comment62914
Aldeken
сол ғо. Біздің класста оқыған Сарыпбеков Айтнұр деген жігіт негізі авторы. Айтнұрдың бұл әнді он орайтын әндері болған, бірақ, осы «Жаулап алды махаббат» әніне танымал болу бұйырыпты, Бейбіттің арқасында…
araika
Сыйлыққа бір былғары доп, бір қорап шиколад берген..
Қазіргілерге сыйлап көрші, сол доппен басыңнан бір қояр ед
meirzhan
Былғары доп қазір де бағалы. Дермантин мен кожезаменительден әлдеқайда жақсы.
araika
Әнші балапанға қатыс та, бағалы болса сол допты құшақтап қайтқын!
meirzhan
ммм. Контекстін не уловил.
nurbergen_makym
Менде сахналық сәтсіздіктер болмапты… «Содан да шығар, жиырмажүзді боп кеткенім» — деп, ойлап қоям кейде.
satibaldi
Жыбырлап, ең болмаса өліктің рөлін сомдай алмадың.
Лібәд десейш, негізі мұғаліміңді де түсінуге болады.
Janasil
түрмедегі Қайрат Рысқұлбековті сомдадым. Үстім қан-қан, көйлегім жыртық. Таяқты өлесі жеп алып, күңіреніп отырып, хат жазамын
мектепте осы рөлді менде сомдаған едім. Әсерлі шықты ау дймін, алда отырған мұғалімдер көздеріне жас алған.
patick
Мұғалімдер Қайрат Рысқұлбековтың аты аталғанда-ақ еңіреп жіберетін.
Janasil
Ә бәсе. Неге жылады екен десем.
Abilakim
Бізде мен сомдадым деп айтпай-ақ қояйын.Бірақ жоғарғы сыныптардың бірі осы қойылымды қойған кезде Қайраттың қолына кісен ретінде аттың тұсамысын салған болатын
VKM
Ой, Гаста,өлдім күлкіден. Саған жазушы болу керек. Юхыңды келтіретін повесть, романдар емес,қысқа әңгімелер жазсаң күшті болар еді деп ойлаймын)))
Zilola
Мектепте ең бірінші рет мектеплагері болуыш еді ғо, соған барғанмын әлі мектеп оқымасам да, титтей едім. Содан Мақта қыздың рөлін ойнадым жынды ойнасам керек (ол кезде активная едім), пионерважатая барлық іс-шараға мені қатыстыратын. Қысқа әдемі көйлегім болатын етегі желпілдек, сонымен ламбада билеймін әлгі жерде қоймай-қоймай
Сосын бірінші класста 9 майға «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»-ды айттым дуэтпен, екінші класста «Айгөлек»-ті айттып, подтанцовкада класстың 4 қызы бар өте сәтті шықты орындауым. Сосын бұзыла бастадым (өнерге деген құлшыныс азайды), 3-ші класста "Ұр тоқпақ" ертегісіндегі кемпірді ойнатты, содан ващще жүрегім айныды активистка болғым келмей қалды.
Сосын көбінесе «эрудит», «21 ғасыр көшбасшысы», нешетүрлі жарыс, олипмиадаларға ғана қатысатын болдым. Логикалық есеп дегенге мықты едім. Есіл дертіп ребус, шарада шешу етін (көзілдірік киген Бэттиді елестетіп кетпеңдер, нормы қыз болғанмын).
Жұмысқа алғаш орналасқанымда жақсы көршім болды, тура менің қасымда отырады Дидар деген ағай. Бір күні қасыма келіп:
Я пришел к тебе с приветом,
Рассказать, что солнце встало, деді, ұзақ ойланбастан жалғастырайын ба десем анау ағай күліп жіберіп неге соншалықты оқымыстысың дегені, өзім ұялып кеттім ))
Gastarbaiter
Жеке постқа тұратын коментарий екен.))
Beytanis
6-жасымда Шатуновтың «А я хочу, а я хочу опять» деген өлеңін Мәдениет сарайында айтқанмын.

русча оқығанмисин?
Gastarbaiter
Балабақша мен нолебайда орысша оқыдым.
AKY
Рөлдерім:
— Балабақшада әлгі «түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты» деген ертегідегі жылқының рөлі (сәтті шықты);
— Бастауышта «Репка» ертегісінде репканың рөлі, «Яблоко» деген қойылымда қоянның рөрі (сәтті шықты);
— 5-класста нашар оқитын оқушының әжесінің рөлі (сәтті шықты);
— 7-класста нашар оқитын оқушының рөлі (сәтті шықты);
— Ағылшын тілінде «Белоснежка» ертегісінде басты рөл (сәтті шықты, ол кезде расымен-ақ сүйкімді едім);
— Екі езудің "әскердегі 1 күн" деген қойылымында солдат рөлі (муахахахаха, сверхпазззорный қойылым болД)
— т.б. цуніксіз рөлдер.
a63a1
мен төлегеннің атының рөлін ойнағам
— Ақбозат Төлеген қайдааа?????
— Ихохооо
— Ақбозат Төлеген қайдааа?????
— Ихохооооо
sammita
Екі езудің "әскердегі 1 күн" деген қойылымында солдат рөлі
«он многоооооо воды напился» деген бе
AKY
Ол емес. Ақтөбеліктердің қойылымы, Кенжебек Шайқақов деген Ырғыздың қазағы сол рөл үшін «Шабыт» сыйлығын алған сол кезде.
«стрәшнина» деген сөзі бар
sammita
Екі езуді білем ақтөбелік екенін. Көрген шығармын бұны, ондайды қалдырмаушы ем))
AKY
сенің айтып отырғаның «Шымкент шоу» болатын, «там Сарсенбаев больше воду не пьет»
sammita
шатыстым. Жұбатқан армияда боп ойнайтынды көргем, үйге келсең бірге көреміз
AKY
Жұбатқан кейін Шайқақов кетіп қалғасын неткен ғо, алдын әлгі Шайқақов ойнайтын ол рөлді. Нұрлыбек тек соның образын копи-паст жасай салған, и то сәтсіз де сүйкімсіз.
sammita

мына қыз күшті ойнайды, Нұрлыбекке енді сөз жоқ
AKY
Фуууй, Нұрлыбек Жұбатқанға жыным келед, сценраийлерін жазып жүре бергені дұрыс еді, сахнаға шықпай. Кенжебектің тырнағына да татымайд. Анау Гүлсім болу керек, ұмытпасам.
Жалпы «Екі езу» онша ұнай бермейді, сол есімде қалғаны тек "әскердегі 1 күн"
sammita
болар елдің баласы бірін бірі батыр дер..)
Маған ұнағаны сізге ұнауы шарт емесс©
AKY
қойшы, Нұрлыбектің ойынын ұнату енД… Ваще екенсіз, дачы.
sammita
Нұрлыбек қайтыс болды былтыр. Ана Кенжебек қазір ойнамайды-ау деймін. Гүлсім, Берік, Бақыт бар.
AKY
Ааа? Қайтыс болғанын естімеппін. Иманды болсын.
sammita
ойбай(((((((((((((((((
Нұрлыбек, Нұрлыбек деп қара басып. Нұрдәулет қайтыс болды(((
AKY
ол қайсы ед? жөнсіз айғайлай беретін? стрәшнинаны ойнаған?
sammita
тәйт жамандама. Одан да солдат болғаныңды айт бізге.
AKY
бәлендей ештеңе болған жоқ. просса… ешкім күлген жоқ
Зато өзіміз күлдік
Zere
Актерлерін жатқа білетіндеріңе таңмын.
AKY
Өзіміз жақ болғасын дә
А так Жетісайский мини-театрлардың әртістерін мен де танымайм.
sammita
Жетісайдың «Витамин» КВН командасы жақсы)
AKY
«Шымшыманың» дискісі де бар шығар сенде
sammita
бар, жетеді ондайлар
AKY
— Жақында күшті итальянская би шығарғанбыз.
— Оооо, қалай аталады?
— Наурыз.
sammita
мен бұндай нөмірлерді қарамайды екем
AKY
 мойындашиш, Әңгөш.
sammita

Әңгөштің есіне түсті
AKY
 қотыр-қотыр принт-скриніңдсс
TERISKEY
жердегі кім-кім өзі? Саммита ханым бар ма сонда?  (жоғарыдағыларды оқып оқып келіп түйгенім)
TERISKEY
бұл жердегі, яғни. (түзету...)
sammita
Шымшыма. АКУ-дің айтуынша күшті итальянский «Наурыз» деген би билейін деп тұр
— мәә, қыздар шаштарың қайда?
— кеше линейкада апай алдырып тастад, шашымыз биттеп кеткен
TERISKEY
Сонымен мына суретте бүгінгі туған күн иесі бар ма, әлде "Әңгөш" бар ма?
Nurgisa
Қаламқас, қайсысы сен? Розовый көйлектегі ме, бетті қып-қызыл «анаусы» ма?
sammita
мен орыс сериалдары мен осындай әзіл/әзілсымақтарды қалдырмай көрем, жинаймын. Басқа сериалдарды қарамаймын (кәріс/түрік т.б.)
Abilakim
Бұлар былтыр бізге кеп еді.Мойны қылқиған ұзын жігіт қана жақсы ойнайтын секілді. Нұрлыбектің орнына Гастаны шығарса да болады енді…
Gastarbaiter
Жексұрын болса ойнар едім. Жақсы адамды ойнау қиын.
Gastarbaiter
Рөлдерім:
— Балабақшада әлгі «түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты» деген ертегідегі жылқының рөлі (сәтті шықты);
— Бастауышта «Репка» ертегісінде репканың рөлі, «Яблоко» деген қойылымда қоянның рөрі (сәтті шықты);
— 5-класста нашар оқитын оқушының әжесінің рөлі (сәтті шықты);— 7-класста нашар оқитын оқушының рөлі (сәтті шықты);
— Ағылшын тілінде «Белоснежка» ертегісінде басты рөл (сәтті шықты, ол кезде расымен-ақ сүйкімді едім);

Кезінде Бондарчук пен Бекмәмбетіп сақал жұлысып таласқан қазақтың қызы кім деп жүрсем

— Екі езудің "әскердегі 1 күн" деген қойылымында солдат рөлі (муахахахаха, сверхпазззорный қойылым болД)
Өзің күле бермей, айта отыр бізге де...Қалай сәтсіз болды? Шамамен сол кезде білген шығарсың, әртістікпен пицца тауып жемейтініңді?
AKY
Сәтті шыққаны рас енді, андай-мындай казуссыз, сөзін ұмытып қалусыз дегенім дә. Бала болғасын қалмай қатысасың ғо бәріне де.
Ал әлгіні… Есіме де алғым келмейді, муахахахаха))))
Gastarbaiter
Мақтаулы қыздың қылығын жасап қойдың ба? Әлде сахнаға дамбалсыз қу мылтықпен жүгіріп шықтың ба? Айта отырсайш, фантазияны қоздырмай.
satibaldi
Бала болғасын қалмай қатысасың ғо бәріне де.
Бұдан, Сізді де бала болған деген қорытынды шығарсам бола ма?
satibaldi
Жансерік ағай Гамлетті қойыңдар деді. Сосын міскіндерімізге қарап, құрысын, қойыңдар деді.
Abilakim
уахахахахах, кеңк-кеңк
sammita

-Аға, шәй қояйын ба?
-Қоя бер, қоя бер,- деп киініп кетіп барады дит) («Базар жоқ»)
AKY
Шымкенттің диалект қо.
satibaldi
Күлкілі ештеңесі жоқ, сайқымазақ Йориктің бас сүйегін ұастап тұрып айтатын монологын кіші дәрет ұстамайтын халге жеткенше жаттағам.
Барлық бақталастарымыз кілең Бай мен кедей, Абай, Хуямбас батыр дегендермен шығып жатқасын, Гамлетті түсінбес деп, ағай тиып тастады.
omarbirat
Жетінші класта «Меккеде — Мұхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет» деп бата беретін ширк қатушы құдайы қонақтың ролін ойнап едім.
nurbergen_makym
— Бірінші класста сәбет одағының батыры Боран Нысанбаевтың рөлін ойнадым: «Амбразура тажалы...» — деп басталатын ұзын-сонар монологы бар.
— Сосын, былай мектепішілік сайыс-майыстардағы скечтердегі ойнаған рөлдерімді ұмытып қалдым;
— Универде Абайдың жас кезін ойнадым. Лібә, дауыс қою үшін, театрдан адам шақыртты нақ. Ойлағам сонда, бұған дейінгім, қойымдыкі екен ғой деп.
— Факультеттің КВН командасында бір маусым ойнадым. Приколдарымыз не недогон, не перегон болып кеткесін оны да қойдық.
— Қазір, серьезный қызметкер рөлін сомдап жүрк
balzaminka
Гаста, рахмет, біраз мағлұмат алып, балалық шаққа тағы да бір саяхат жасап кеттім

Мектептің тұрақты әр мереке-мейрамдағы нөмірі біздің кластың билері мен гимнастикамыз еді   Неге екенін, бізден өзге ешкім билеген де, гимнастика көрсеткен де емес. Көтерілгеніміз соншалықты, ауданнан аспадық

Қойылымдарға қызығушылығымның барлығы да букварьмен қоштасудағы муха-цокотухадан басталған еді. Скетчтерде кемпірлерді күшті салатынмын, сол кемпірден өзге рөлді бермейтін болды кейін . Сол кезде дауысым зор болған екен деймін де, микрофонсыз шығатын едім. Ал, қазір аудитория тұрмақ қасымдағы кісі зорға естиді мені

Әліппемен қоштасуда әлі жалғасып келе жатқан травмы алған едім, Әйгерім апайым құлағыңды аю басып кеткен деп ән айтқызбай қойған, бірақ неге екенін мектеп хорының құрамында бар едім

Кейін солардың бәрі басқа мектепке ауысқанда ұмытылды. Ол мектепте ешқандай қоғамдық жұмысты көрмедім, өкінішті жылдар болғанымен есте ол мектеп
Aramza
сахнадағы алғашқы «обломдары»-ңыз алғашқы болып қалдыма әлде осы күнге дейін созылдыма?
AL-ASTER
Жасөспірімдер театрында актер болғам. Актерлік ұнамаушы еді, бірақ қызық іздеп барған ғой біздікі, әдемі небір биші, әнші қыздар бар болатын. Ол кезді қазір еске алу да керемет дегеннен басқа айтар жоқ.
araika
Мен ылғи автор болатынмын. Рахат, ешкім жағаңнан алып, жекіп жатпайды. Тіпті дайындықта да бой көрсетпеуіңе рұқсат. Және үлкен плюсы — өзгелер сияқты сөз жаттап, ұмытып қаламын-ау деген үрейден ада болып, папкаға салынған парақтағы мәтінді зуылдап оқып беретінмін.
satibaldi
Мен ылғи автор болатынмын.
«Күшік күйеу» сенікі емес пе кездейсоқ?
araika
Сахнадағы рөлдерге қарай рульді бұрыңыз
Simona
Бaлaбaқшaдa не ойнaп, не қойғaным есiмде жоқ. Бiрiншi сыныптa қaрғaның рөлiн сомдaғaм. Жaттaғaн текст: "Қaрқ"
meirzhan
1-ші сыныпта "Қаңбақ шалды" сомдадым, «миды» тепкенім есімде.
1-ші курста Наурызда Тазша баланы ойнадым.
araika
1-ші сынып пен 1-ші курс аралығында қалың ұйқыда болғансың ба? Ара қашықтық деген енді…
meirzhan
Алғашында жақсы ойнайды деп ойлап қала беретін көрінеді. Мұғалімдер
Anar70
1988 жыл «Дөкей келе жатыр»)))))
qonyrbai
Сақал таққаны сіз бе әлде самаурынның қасында "әәә-ее" деп аузыңызды ашып отырған кейіпкер ме?
Anar70
)))) сақалдының қасында, аузын ашып отырған кейіпкерді құшақтап отырғаны)))