Әр әзілде бар шындық!

Франция, АҚШ және Қазақстан президенттері сөйлесіп отыр.
Саркози:
— Бізде орташа еңбекақы 8000 еуро, салықты, ананы-мынаны алып тастағанда таза 7500
еуро алады. Өмір сүруге 3000 еуро жеткілікті. Қалған 4500-ды қайда жұмсайтынын түсінсем бұйырмасын!
Обама:
— Бізде орташа еңбекақы 10000 доллар, салық-сақтандыруды алып тастағанда таза 8500
доллар алады. Өмір сүруге 4000 доллар жеткілікті. Қалған 4500-ды қайда жұмсайтынын түсінсем бұйырмасын!
НАН:
— Бізде еңбекақы 40 000 теңге, салықты, ананы-мынаны алып тастағанда таза 35 000
теңге алады. Өмір сүруге 50 000 теңге керек. Қалған 15 000-ды қайдан табатынын түсінсем бұйырмасын!
Бөлісу:

6 пікір

izbasar
Кредит…
zarema84
ия, атам қазақ онсыз да кредитке батып жатыр.
Zhan
 Шындықтың көкесін шақырып алып айтыпты
Aramza
Жылауықтардың мысқылы, 20 (бар жоғы 20-ақ жылда!!!) жылда осындай жағдайға жеткенімізге де құдайға тәубе қылу керекқой
sammita
Биыл Қаз-да орташа еңбекақы 45 900 т депті. Ал Астанада тамыз айында орташа табыс 133 808 т.