Дипломсыз мұғалім
Соңғы уақытта армандарыммен бөлісіп жүрмін ғой, олай болса енді өкінішіммен бөліссем.
Кішкентайымнан мұғалім болып ойнағанды жақсы көрер ем, үй жақта ойнар бала аз, білмеймін кімнің тақта істеп бергенін, әйтеуір көкене артына маған мектеп жасап берген еді үйдегілер. Содан математика сабағы басталады ағаштарға, кейде қызып кетіп ойнауға шақыра келген Жанарды партаға отырғызып сабақ өтер едім. Мұғалімдікке қызыққаным соншалық, үш жас үлкен апаммен қалыспай метепке барып класында отырар едім апайына қарап. Кейде апам класқа кіргізбей үйге қайт деп жібереді, сонда да есіктен сығалап тұрар едім. Кейін апам мені мектепке ертпейтін болды, сонда да үйге кірмей апамды далада күтіп жүрер едім.
Кейін өзім сабаққа бардым, бардым да Әйгерім апайыма қызыққаным соншалық, өскенде кім боласың деген жанға мұғалім дер едім. Мектеп бітіремін дегенше арман өзгерді, мұғалімдіктің орнын адвокат басты. Бірақ, арманына жеткен кім бар, мен де жетпедім. Бір дипломды алып, екіншісіне оқып жүргенде балалық арманым бас көтерді. Сөйтіп, Қызылорданың М. Мәметова атындағы педколледжіне ағылшын тілі мұғаліміне құжат тапсырып, грантқа түстім. Мамамнан басқалардың бәрі қарсы болды, екі оқуды қатар алып жүре алмайсың, екі түрлі мамандық неге керек деп. Шыны керек, оңай болмады, университетте мұндай көп тапсырма болмайтын, колледждің тапсырмалыры бір күнде үш вагон десе артық болмас.
Университеттің бесінші курсында жүргенде диплом алғаннан кейін Астанаға кетемін деп шешім қабылдадым. Колледжді бітіруге әлі бір жылым бар болатын, Астана педколледжіне ауысамын деп оны да шешіп қойдым. Содан Астанаға келе салып педколледжге құжат тапсырдым. Директоры грантпен қабылдай алмаймыз деп қабылдағысы келмеген. Өмірімде таныстықпен проблеманы шешуді осы жолы бастау керек деп, Тоқтар Әубәкіровтің арқасында сол колледжге қабылдандым. Директоры бір жайсыз кісі екен, сабаққа еркін қатысуға рұқсат сұрағанымда бермеді. Ол кісіге бар жағдайымды түсіндіруге тырыссам да көнбеді. Айтып, айтпай не керек, дипломды сәті түскенде алармын деп жұмысқа тұрып кеттім.
Енді өкінішімді айтсам.
Практика кезінде мектепке барып сабақ берер едім. Сабақ кезінде «апай, апай, мен айтайыншы» деп шулаған оқушылардың дауысы сабақты әрі қарай қызықты қылып өткізуге стимул берер еді. Берген тапсырмаларды орындап, ендігі қандай ойындармен жалғасады екен деп күтіп отыратын оқушылардың жанары қуат беретін. Оқушыларды сағындым, сабақ бергенді сағындым. Репетитор де болдым-ау сол сағынышымды басу үшін. Алайда, ұнамады жалғыз баланы оқыту.
Қазір де сабақ беріп жүрмін аптасына бір рет, жеті оқушым бар жастары алты мен он екі арасында. Сабақтан шыққанымда бойымда қандай қуаныш болатынын білсеңіздер ғой. Келесі сабақты қызықты өткізу үшін, жалықтырмас үшін былай істеймін деп барып, сол жоспарыңыздан шыққан қандай керемет?! Кішкентай балдармен жұмыс істеген өзіме қатты ұнайды екен, соған қазір көзім жетіп жүр. Үлкендер қайта-қайта сұрақ қоя берсе жыным көтерілетін, кішкентай бала мың сұраса да көңілім орнында болады екен. Ал, жеткен жетістіктерін көргенде өзімді өте бақытты сезінемін.
Ертең не істеймін, білмеймін. Жоспарларым кішкентай балдарға сабақ берумен еш үйлеспейді, еш

Жергілікті халықтың тілін білесің бе?
Амин, рахмет
Жоқ, Букингем сарайында тек тұрғым келеді
мұғалім арман* енд біздер ұқсаспыз)))
Чинайда ма? да ты че, күчт ғо мынау.
зы: ВТ-32Р — сүйікті тобым, ақылды әрі әдемі тәтті студенттер.