Бельгия-Қазақстан, тікелей репортаж

Қайырлы түн, құрметті футбол жанкүйерлері!
Сіздермен еліміздің құрама командасының евроіріктеу бәсіндегі кезекті матчынан тікелей мәтіндік репортажымызды бастаймыз.
Бөлісу:

64 пікір

Nurgisa
Бүгін құрама командамыз біраз белді ойыншыларынсыз ойнайтын сияқты. Алаңдағы бастапқы он бірдің тізімін күтудеміз.
Nurgisa
Алдыңғы ойындармен салыстырғанда бүгін біздің құрам айтарлықтай өзгерген. Алғы шепте, әсіресе.
Nurgisa
Әуелеп беріліп жатқан доптарда таласуда кемшін түсіп жатырмыз. Логвиновский қақпашымыз алғашқы соққыны қайтарды осы сәттерде.
Nurgisa
Бүгін стандартты жағдайлардан көп қауіп күту сияқты. Қорғаушыларымыз екінші қабатта абдырап қап жатыр.
meirzhan
Ойын не болады екен, ә.
ҚАЗАҚСТАН! ҚАЗАҚСТАН!!!
Nurgisa
Әзірге әупірімдеп қақпашымыз бөгет боп жатыр баспен ұрылып жатқан соққыларға…
Nurgisa
Бізге қарсы қауіпті соққы орындалады қазір. Стандартты жағдайдан.
Nurgisa
Доп тізілген ойыншыларымызға тиіп, корнерге кетті.
Nurgisa
Алаңға шыққандар:

Бельгия:

Mignolet
Ciman
van Buyten
Kompany
Vertonghen
Simons
Hazard
Witsel
Dembele
De Camargo
Mertens

Қазақстан:
Logvinovskiy
Kurgulin
Mukhtarov
Rozhkov
Kirov
Karpovich
Muzhikov
Evstigneyev
Khizhnichenko
Averchenko
Tazhimbetov
Nurgisa
Ойынның он бесінші минуты өтуде. Бельгия құрамасының еншісінде допқа иелік ету уақытының үлесі 60%, қақпамызға 6 соққы жасады, 3 бұрыштама добын асырды.
Nurgisa
Беранек бүгін эксперимент жасауға бел буыпты. Джуниор құрамадан не күтуге болады? Әйтеуір азырақ жіберсек екен.
Nurgisa
Бельгияның шабуылдары өткір сияқты болып көрінгенімен, шошытарлық сес әзірге жоқ. Біз әлі бір де бір соққы жасағанымыз жоқ.
Nurgisa
Логвиновскй әзірге жақсы әсер қалдырып жатыр.
Nurgisa
Тәжірибе аздығы қатты сезіледі осындай ойындарды. Аяққа доп тисе, аптығып қап жатыр жігіттер. Тиісінше, қате пас та көп.
asaubota
айтқанымдай біздікілер Австрия матчына дайындалуда. бүгінгі жаңа құрам соның айғағы.
Nurgisa
Бельгия әуелеп берілген пастардың 90% жеңіп жатыр. Осыдан бір пәле шықпаса…
Nurgisa
Голдың исі сезілетіндей. Бара бара еркінсіп бара жатыр қақпа маңымызда…
Nurgisa
Біздің сапымыздағы Евстигнеев алғашқы соққыны жасады. Алыстан, әлсіз. Қақпашының оңай олжасы.
Nurgisa
Мұндай фарт ұзақ жалғаспауы мүмкін.
Nurgisa
Бірақ бұл біздікілер фартингпен айналысып жатыр деуге келмес.
Nurgisa
Ойынның 35 минуты. Қақпамыз әлі дін аман. Понидәме қылаң беріп жатыр… 0-0 қайталанар ма екен деп…
Nurgisa
Жақсы қорғану жалғасуда. Толассыз шабуылдарға сәтті тосқауыл қоя білуде біздікілер.
Nurgisa
Бізге пенальти…
meirman_g
осы Беранек келгелі ПЕНАЛЬТИЛЕР қаптап кетті
Nurgisa
Карпович құлатты олардың 8 нөмірін.
Nurgisa
Симонс асырды айласын қақпашымыздан.
Nurgisa
Иә, Түркия немістерден жеңіліп жатыр. Бельгияға бұл жақсы шанс… Бізді жеңіп, екінші орынға қонжиюы мүмкін.
Nurgisa
2-0
Nurgisa
Қорғаныстың тоталды фиаскосы.
Nurgisa
Хазард соқты екінші голды.
Nurgisa
Бірінші таймның негізгі уақытына бір минут қосылды.
Nurgisa
Бірінші тайм тәмам.
meirman_g
мен 1спортивный деген каналдан қарап отырмын
Nurgisa
Екінші тайм басталды.
Nurgisa
Белгиялықтар тағы бірер гол соғудан кетәрі емес. Бұрыштамалар сериясы басталды.
Nurgisa
дегенімізше болған жоқ, есеп 3-0
Nurgisa
Компани табылды қақпа маңынан керек сәтте.
meirman_g
Нұрғиса, сен қайдан қарап отырсын???
Qojeke
Осы қазақтарға футболды қоятын уақыт жеткен сияқты
meirman_g
ГОЛ КЕРЕК
Nurgisa
Ол үшін соққы керек, оны көріп жатқан жоқпыз, өкінішке қарай.
meirzhan
Қазақ құрама командасы ойынын көру жүрекке қиын
meirman_g
айтпа((( олар футбол болғанға дейін, ір күн бұрын ресторандатып жүреді, арине жалақылары 2 мығ доллардан асып жатса
Nurgisa
Тәжімбетовты Остапенко алмастырды. Қорқыңдар, бельгиялықтар…
meirman_g
остапенкон жүгіре алмайды
Nurgisa
Кургулинсіз ойнаймыз. Қуылды ол.
meirman_g
нервылары қайда
meirman_g
көңілім қалды жігіттерден, не деген делқұла өздері
meirman_g
Түркиямен ойнаған ойыннан кейін бір шама дәрежелері өстіме десем
Nurgisa
Бүгін басқа құрам ойнап жатыр. Біздің жасырын қаруымыз Гридин бүгін шыққан жоқ )))
meirman_g
Гридин жақсы
meirman_g
бүгін шықпағанда қашан шығады, сол гридин, гетериев, шмитгальдарын
meirman_g
ЖАРАЙДЫ ҚАЗАҚТАР, мен кеттім, ұйықтайық, сары қыз уже ұрсып жатыр)))
Nurgisa
Біздің пайдамызға пенальти…
Nurgisa
Гол. 4-1
Nurgisa
Алаңда Қазақстанның туы бар екен… Қайрат Нұрдәулетов соқты.
Nurgisa
Ойын осымен тәмәм. Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет!
rauan97
рахмет десеңізші рақмет емес
Qojeke
«Рақмет» болады қазақша. Арабша дыбысталу нұсқасы: Рахмет.
satvaldo
памилясын өзгерткен ебірейді құрамаға шақырып қана қоймай, оны капитан ғып тағайындағын кім? Беранек па? одан да көңілім қала бастады. аустриялықтардан айласын асыра алмаса, қай жері қышып бельчикамен осал ойыншылармен экскремент эксперимент жасады деп жүндей түтеміз чех азаматын.