Құжаттарың түгел ме?
«Осыншама өмір сүргенде құжаттары түгел қазақты кездестірмедім» © танымал біреу
Негізі, бәрін бірдей осы стереотипке телу қисынсыз болар, бірақ, басым көпшілігі (оның ішінде өзім де бармын) осындай сияқтымыз.
Жақында жұмыс ауыстырып, барған жердегі кадр бөлімі мен бухгалтерияға тапсыру үшін құжаттарымның көшірмесін жинақтайын дегенде, ненің қайда қалғанын білмей, 10 күндей уақытымды құжат түгендеу операциясына арнағаным бар.
Содан туындаған сауалдар:
1. Құжаттарыңыздың (жеке куәлік, паспорт, ӘЖК (СИК), СТТН (РНН), жүргізуші куәлігі, машинаңыз болса оның құжаттары, тағысын тағкылар) түгелдігі мен жарамдылық мерзімін қаншалықты жиі тексересіз? Ауыстыру қажет болғанда уақтылы ауыстырасыз ба?
2. Құжаттарыңыздың тап-тұйнақтай, түгел болуы сізге қаншалықты маңызды, соған орай қандай да бір шаралар қабылдайсыз ба?
Ал, бөлісе отырыңдар ойларыңмен…

жалпы прописка деген нәрсені алып тастау керек қой есі дұрыс мемлекетте!
Ал жеке куәлікті өздеріңмен бірге анда-мында алып жүргеннен гөрі, көшірмесін жасатып, нотариалды түрде бекітіп алған дұрыс. Түпнұсқасын бірге алып жүрген күннің өзінде әмиянға сақтамау керек, мүмкіндігінше құжаттарды сумка немесме барсетканың әр жерінде ұстап жүріңдер.
Жарты ай қалғанда ауыстыру қазақилығымызға сай келмейтіндей, стереотиптерінссс.
Арзан бағасына қызығып, кері қабылданбайтын «горящий турларды» сатып алғаннан кейін паспорты жоқ, немесе мерзімі өтіп кеткені есіне түсетін қазақ емеспіз бе? )))))))))))))))
айтпақшы келесі күні үйге участковый «сенің партманеңді бір кемпір тауып алып, бізге әкеп берді, келіп алып кет» деп звандағанда қуанышыма шек болған жоқ.
Мен бәрін 1 папкада ұстаймын, біздің үйде бұл өте қатал тексеріледі, лекциялар оқылады…
Тіптен үйдің коммуналдық төлем қағаздарына да жеке-жеке кішкентай қалташалар дайындап сыртына аттарын жазып бір үлкен папкаға салып бердім (мысалы: "Қазақтелеком", «КСК», «АлмаТV» т.б.). Әрқайсысының түбіртегі төленгесін өз орнында тұрғаны жақсы ғой, мұның бәрін анама ыңғайлы болсын деп жасаған едім.
Зейнеткешығалмайқағыр.
өрт ))))))))))))))
үйің өртенсін деген сөз бе?(құдай сақтасын)
ойнап жазсаңдар да ойланып жазыңдар.
Бірақ загранпаспорт жайлы жазбаңмен келіспеске шара жоқ… ((