Пяншік баяншы немесе баяншы пяншік

Бүгін жұма ғой. Бояннндар жариялайтын күн. Өзім бұрыннан блог жүргізіп жүрмеген соң, Youtube-тен тауып алған бір видеоны бөлісейін деп едім.
Бұл өзі — Одессада өткен «Большая разница» халықаралық пародия фестивалінен үзінді. Сонда бір жынды пяншік баян тартып шығыпты (тура мағынасында). Гармонь тартып шыққан болуы мүмкін екенін де жоққа шығармаймын (музыкалық аспаптардың осы бір түрін ажырата алмаушы едім). Опшым, жасаған номері ұнап қалды нақ


Бұл фестивальге қатысқандардың ішінде былтыр КВН ТМД Ашық кубогында Қырғызстанның құрамасында ойнаған жігіт те жүр («Тебе скучно быыы?» деп, орындықтан құлап қалатын жігіт бар ғой? Сол). Тәжік Джимми де жүр.
Опшым, фестивальді толық көрем десеңдер:
Бөлісу:

9 пікір

asaubota
ох елки! рахмет Омар! күшті номер екен мынау. толығымен түсіріп жатырмын.
VKM
күлкіден өлдім)Капец номер екен.
Gulistan
Мен ТВдан көргем, әдемі номер! Бірақ жюридегілер онша ұнатпады ғой, креатив жоқ, анау-мынау деп.
Gulistan
Тәжіктікі кішкене ескілеу номер болды, бірақ маған қырғыз бала мен Безруков/Боярскийге пародия жасаған бала ұнады. Тұрған талант қой!
omarbirat
Кішкентай бала өлтіріп кетті жюрилерді
meirzhan
Пародия жасайтын бала керемет өнер көрсетті. Әсіресе жастың кішілігін ескерсек.
sammita
Шымкенттен неміс қатысыпты ғо. Ұнатпады бірақ. Жақсы программа екен.
asaubota
бүгін финал Евразияда, 20-10да
asaubota
финал онша болмады  тек жалғыз ана татар қыз ұнап еді, ақырында сол жеңді гран-приды. финалистердің көпшілігінің номерлері тым қарапайым, қалай финалға жіберген ондайларды?
omarbirat
Финалға жеткенше бар креативтерін сарқып біткен шығар деген болжам болып тұр. Финалды өзім көрмедім әлі бірақ