Еріккендер ойлап тапқан ойлар:Әбіләкімнің ұнататын һәм ұнатпайтындары.

Нұрғиса бауырымыз маған Азиада алауын эстафета таяқшасын ұстатқан екен. Олай болса:
ҰНАЙДЫ: ақсақалдардың салиқалы әңгімесі(әжелердің), жылқы, атқа міну, жайлау, киіз үй, баласын бесікке бөлейтіндер, тазы иттер, ақшалы болса да қарапайым жандар, әдемі пастар мен голдар, тәтті шырындар, алма, қауын-қарбыз, манты(тамақ жағын осымен тоқтатамын), көшеде бала-шағасымен жүрген адамдар, ашық-шашық киінбейтін қыздар, туған-туыстарымның қажетіне жарау, КЕРЕКИНФО, компым(оның әрбір бөлшегі), дәстүрлі әндер, жұмыстан қайтар уақыт, көктем, алтын күз, су астында көзімді ашып жан-жағыма қарау (енді ол арман, құлағымның ауруына байланысты), жылы жаңбыр (ақ жауын, соқыр жауын), жапалақтап жауған қар, жетім балаларға көмек көрсететіндер, сөзінде тұратын адамдар, Әке-шешем, ата-әжем, туған-туыстар, негізі адамның ұнататын нәрселері көп қой

Ұнамайды:CamRip фильмдерді көретіндер және сататындар, ашық-шашық киінетін қыздар, денесіне сурет салғызатындар, сөзінен тайып кететіндер, өз шаруасы бойынша маяк тастайтындар, сағызды шатырлатып шайнайтындар,қызылша, тамақтағы суға піскен пияз(ірі болып туралса), беталды мақтана беретіндер, күшік күйеулер, кабинеттес апайдың дауысы,Қазақстан арналарындағы жаңалықтар топтамасы, арналардағы шоу-бағдарламалар, Жеңісхан деген әншісымақ, көшеде қайыр сұрап жүретін әнебір ұлттың өкілдері, жауыннан соңғы жердің батпағы, ішіп алып әңгіме айтатындар (сыйлау-сыйламау жайлы), күйеуіне елдің көзінше ұрсатын қатындар, мал бауыздау, мал сою, масаның ызылы негізі көп қой тере берсең…
Бөлісу:

23 пікір

asaubota
оқу-ағартушылық бағыттағы түрлі жиындар қалай, ұнай ма?
sammita
? белгісін басып ем баға саны емес «Рейтингін қарағыңыз келмеді» деп шықты.
AKY
көрінеді ғо енді сол кезде муахахала рейтингі. уфф, шаршатасыңдар сендер.
sammita
за то бағалай алмайды екем.
AKY
Бағалағың келсе, бағалауың керек еді бірден. Сен алдымен опрелицца етвал, бағалағың келсе, стрелкілерді бас. Ал жай рейтингісін көргің келсе, ортасындағы сұрақ белгісін бас.
Әлде рейтингісін көргесін ғана определицца етесің бе + немесе — қоюды? Ондай болса, сенің өз пікірің жоқ деген сөз
sammita
мен Асаубота айтқанды іс жүзінде тексергім келді.
AKY
Асауботаның барлық айтқанын іс жүзінде тексере берсең, не боласың? Байқа
sammita
Асаубота, банда дабай.
sammita
шүкір, 5 жылдан асты нормально жүрміз
balzaminka
осыдан кейін Аршат флудшысыңдар десе ренжіп көріңдер
asaubota
хммм ол сөзді өзгерту керек екен, рахмет.
AKY
Кемпір-шалдың баласы
direct
Қасым Олжастың нөмірден шықпай қоятын жаман әдеті
Ұнамайтынға мынаны жазуды ұмытыпсың)))))
a63a1
ұнамайтын нәрселерің осақпа? онда сен бақытты екенсің
VKM
Күшті жазба! Ұнады. Бірақ… мен ұнамайтындардың ішінде кетеді екенмін)
Gastarbaiter
Қоооойш, ашық шашық киінгендерді көргенде беті-аузың тыржиып, басың айналып, аузыңа шіріген жұмырқаның дәмі келеді ме?
Maya
Сенің айтпайтының жоқ екен. Ай тентегім-ай…