Біз қандаймыз?

Найт:

ОТбасымен бірге болған, достардың ортасында шалқып отырған, Альмира мен Аянаны жұбатқан, еркелеткен, иіскеген. Мамамды күлдірген, бірге зарядка жасаған. Спортзалда тер шығарған. Интернетте қаңғыған. Секс. Өзіме ұнаған әдеби шығармаларды аударған. Жігерлендіретін өлеңдер тыңдаған. Назарда болған. Балалыққа салынған. Караокемен Santa Esmeralda-ның «You're my everything» әнін орындаған, Поручик Ржевский туралы "ұятсыз" анекдоттар, тауықтың етін, фасоль мен горох, қара нан, шашлык, қуырдақ, алысып-жұлысқан (ойнап), әділ төбелестер, сұлу нәрсенің барлығын. Қыздардан комплимент естіген. Бастығыммен жұмыс істеген. Айнаның алдында құтырған. Үйренуге болатын адамдарды. Біреуге ұстаз болған. «Нәзік»-тің торттарын. Суда жүзген. Электронды кітаптар жинаған. АСАРлатқан. Түнгі 3-те шай ішкен. Саунада шомылған. Мейірімімен қарусыздандыратын адамдар. Алматының таулары. «Ботанический сад». Арбат.
Әртүрлі интеллектуалды жарыстар. Тасай без газа. қысқа свитерлер мен курткалар. Кофе. Сатыбалдының ақкөңілділігі. Толықтығынан ұялмайтын, ақ жарқын без комплексов адамдар. Дживанши (көк түсті) иіссу. Ашық жасыл түс. Өзін күтетін адамдар.

НАМАЙТ:

Қара және лас жұмыстар,
өсекке мән беретін адамдар,
Ермелер,
«Алма піссе, аузыма түссе» дейтіндер.
Кешірім сұрай білмейтіндер,
Спортзалда штанганың астында жатқанымда, менімен әңгімелескісі келетіндер,
Міңгірлеп, сыбырлап сөйлейтін, немесе мүлде сөйлемейтін толық/безеубет/ұсқынсыз адамдар (содан кішкентай боп қалатын сияқты)
Лиза мен космополитанға тойып алып, білгішситін топас секретаршалар.
Өзін-өзі аяп жылайтын бай қатындар
Арамтамақтық
Енжарлық, ештеңеге қызықпаушылық, тірілей өлік адамдар. Суицидшілер.
Синтетика сүлгілер. Еркекшора әйелдер гендік деңгейде ұнамайды.
Сыйлыққа берілетін костюмдер.
«Неге амандаспайсың?» -деген сұрақты.
Ішімдіктерді кесемен ішу.
Макарон-рожки-вермишель. Бешбармак.
«Тамақ пісіре алмаймын» -дейтіндер.
Ауылда жүрсем қор болам деп, қалада қор боп жүретіндер.
Ауылға келгенінде қолпаштап күткен достарына «Бізде былай, бізде былай» деп әлдеқандай болатындар.
Әртүрлі маңызы жоқ, қажетсіз шарттылықтарды.
Фанатизмнің кез келген түрін. Ғылыми, спорт, діни… Интернети упс… соңғысымен жұмыс істеу керек.
Бөлісу:

37 пікір

araika
Бешбармақты ұнатпайтындардың қатарынанмын.
e_zhalgas
оқып отырып, образың елестеп кетті!
Zilola
namaitynnyn ishinde kettim (((
e_zhalgas
тамақ пісіре алмайсың ба?
patick
Жоқ,
Ішімдіктерді кесемен ішу.
AKY
Ауылда жүрсем қор болам деп, қалада қор боп жүретіндер
тема
a63a1
Елдің найтынан намайтыны көп екен қарап отсам
Gastarbaiter
санадың ба, әлде тексттердің жуандығына қарап айта салдың ба?
sammita
біраз жәйттің бетін ашыпсың, тани түстік
VKM
Білгенмін Асқардың жазғандарының «Күн тәртібінде» болатынын. Ұқсаймыз)))
sammita
кеше ғана майысып отырған ең қол тимейді деп.
Nurgisa
Былай, ұнататын нәрселерің бар екен ғой, Асқар. Күлшетайдың бетпердесі ашылыңқырады аздап  Айананың артынан іні-сіңлілері ерсін деп тілеймін, ақыры "ұнатады" екенсің
sammita
бала тілеуден шаршамайсың сен Қабыл болсын.
Gastarbaiter
Тіл аузым тасқа, бірақ бір хабары бар сияқты
madlen
ааах, ештеме айтпай тұрайын
balzaminka
ішіңе сөз тұрмайды ғо сенің
Gastarbaiter
Ішіме сөз салып қойып па едің ӘЛде жаман бірдеңе айттым ба?
balzaminka
ұрысамыз ба не, әлде төбелесеміз?
Gastarbaiter
Құрметті ақкөңілдер!
Мен тек «хабары бар сияқты» дедім, қалғанын жүз құдай біледі.
оны арзан журье сияқты іліп ала жөнеліп, оған қосымша деректер қосып, звондап құттықтау керек деген сөз емес. Жәй, сағынып жүрген соң, жазып жатырмын.
madlen
Ақкөңілдер деген лохи ма?
Aizhantabyn
күшті!

Енжарлық, ештеңеге қызықпаушылық, тірілей өлік адамдар. Суицидшілер.
neoman
осы пункт маған да ұнады
madlen
Суицидшілер. — мен ондайларды көрмегенбін бе? олар қандай болады?
Gastarbaiter
Өтірің аңқау болатындарды ұнатпаймын деген сияқты еді біреу
madlen
жоқ, түсіндір! Олардың басқаша бір белгілері бар ма?
Gastarbaiter
жоқ, түсіндір!
Талапшылсың ғой е! Билікті жақсы көрем де
neoman
Мына жерлері де күшті:
Мейірімімен қарусыздандыратын адамдар.
Фанатизмнің кез келген түрі
boztorgai
мейірімімен қарусыздандыратын адамдар
аржағында жасырын билік бұғып жатпасына кім кепіл
Gastarbaiter
Демек шебер кісі болғаны да. Сонда да ұнайды.
Gastarbaiter
Негізі мына эстафетаны әркім өз жеке бұрышында жариялағанда дұрыс болар еді.
Жалпы мұндай эстафетаны — дегенді белсенділігі құлдырап бара жатқан блогосффералар түсіп бара жатқан дамбалын көтеру үшін қолданушы еді.
Бізде ондай мұқтаждық жоқ деп ойлаймын.
Сондықтан тақырыпқа пікір қалдыруды бөгеп тастадым. Тағы да айтар-қосар коментарий, комплименттерің, сұрақтарың болса, жеке хатпен, немесе профиліме қош келмеңіздер.