Бельгия - Қазақстан. Еуро-2012 іріктеу матчы



Бүгін Еуро-2012 іріктеу матчтары жалғасады. Біздің қарсыласымыз Бельгия құрамасы. Бұрын Бельгиямен олардың алаңында тең ойнағанымыз бар еді, бұл жолы қалай болатынын көреміз. Букмекерлердің айтуынша біз таза жеңілеміз:

П1 — 1.08 Х — 9.36 П2 — 24.63

Ойынды әрине біздің отандық телеарналар көрсете алмайды. Сондықтан ойын басталардың алдында мына сілтемеге өтіп, интернеттен қарай аласыздар. livetv.ru/eventinfo/90423_belgium_kazakhstan/

Ойынның басталу уақыты Астана уақытымен 00:45
Бөлісу:

7 пікір

Nurgisa
KzSport көрсетіп қалуы мүмкін екен. Әлі белгісіз. Құдай қаласа жиырма-отыз жылда тікелей телетаратылым тұрғысында Түркменстанға жетіп қалуымыз мүмкін. Қолайлы шарттар болса.

Қазақстан ары кетсе екі доп айырмасымен ұтылар. Қазір бабы жаман емес сияқты жігіттердің.
asaubota
Остапенко мен Қонысбаев бармапты Бельгияға, жарақаттарына байланысты. қақпашы Мокиннің орнына Цырин тұрады. құрамаға Карпович қосылған, Хайруллин формада емес.

менің ойымша Қазақстан гол соқпайды бүгін. Лилльде ойнайтын Азардан қорқу керек, бүгін олар 2 немесе одан көп айырмамен ұтады. біздікілер бүгінгіден гөрі келесі апта Астанада өтетін Австрия матчына ойлайтын сияқты, есікті қатты жауып кету үшін.
Nurgisa
1-10-0-0 болады десейші онда бүгін…
asaubota
жоқ, олай болса шаршап қалады. әдеттегідей 4-5-1
Nurgisa
меніңше 6-3-1 болады. Уақыттың кемінде 70% допқа алаң иелері иелік етсе керек. Қателікке жиі бой алдырмаса, әрине.
patick
Остапенко мен Карповичті қойыма шақыртты ма құрамаға, түсіне алмай өтермін осыны өмір бойы.