Біз қандаймыз: Нұрғисаның еріккен ойлары

sammita бастаған, біразы қоштап, Tarazkyzy -нан келген лайкстар мен дислайкстардың эстафетасын e_zhalgas ’сыз қалдырмайын.

Ұнайды: кішкентайлардың былдыры, қыздың ерін құрметтеуі, ойдағы/бойдағы тазалық, Менің атым Қожа, Ipad, шашлық, бес жұлдызды қонақүйлер, галстук, сөзінде тұратындар, шек білетіндер (ұстамдылар), әдемі пас, құдықтың суы, ауылдағы қарапайым кісілер, қызыл балық, жаз, басқатырғыштар, Бекарыс Шойбеков, комеди клаб, тирамису

Ұнамайды: апельсин шырыны, жасандылық, жарасымсыз киім, құсып жазатын ручка, конференцияда тез сөйлейтін спикерлер, өзімшілдік, міндетсінетіндер, шылым шегетін қыздар, компьютердің «абдырап» қалуы, соқыр сенім, қазіргі қазақ сериалдары, әдепсіздік, санаспаушылық, жартылай піскен ет, қазақ футбол комментаторлары, ұшқыш полиэтиленді пакеттер

Эстафетаның әңгіртаяғын Abilakim бауырымызға жалғастырсам…
Бөлісу:

94 пікір

asaubota
мен саған ұнаймын! өйткені мен шылым шегетін қыз емес еркекпін!
qisyq
Онда менің ұнайтын болғаным! Алақааааай!
Nurgisa
Ұнайсың, қисық  Өз замандастарыңның арасында арзанқол іске берілмейтіндігіңмен, өз жасың үшін озат адам болуыңмен, тың ойларыңмен, зеректігіңмен… Әкеңнің ұлы мұраты да баласының дәл бүгінгідей қал-қадірі шығар. Асудың әлі талайын бағындыр, Дінмұхамед.
Zilola
men de unaidy ekenmin, temeki shekpeimin
a63a1
жартылай піскен ет
Жемей-ақ қойсаңыз болмаспа еді?
Nurgisa
Сыйтабақтан баз кешу де аздап ыңғайсыз бірудікінде. Таза, балбырап піскен жұмсағын тәуір көрем. Бар айыбым сол.
a63a1
Піспеген ет демекші, сойылып жатқан жылқының бүйрек майын шикідей жұтатындар да бар
Aizhantabyn
АЛЛА сақтасын!!! Бір рет шикі жұмыртқа жұтқам, содан бері шикіні ваще көре алмайм даже!
a63a1
Жылқының шикі бүйрек майы ем болады дит.
sammita
дұрееес. Бірақ қздарға қарсы ішкі әлгіңді мында да қалдырмапсың. Ұлдардың ұнайтын-ұнамайтын қылығы бар ма?
Nurgisa
Әдемі пас — ұлдардыкі. Бекарыс Шойбеков тағы бар… Комеди клаб — ұлдардыкі, вуменін қарамаймын  Конференцияда көбіне ер жынысты спикерлер асығыстық танытады. Аудармашылардың үлгеріп-үлгермегеніне басын қатырғысы келмейді.
Негізі, дәл жазып жатқанда ойымда не болды, соны жаздым, бір жарым минут уақытым кетті. Арнайы анализ жасап, таразылап жатпадым. Бұл эстафетаның мәнісі мен фишкасы сонда да ұққан едім өз басым. Қате ұғынсам кешірім сұраймын.
balzaminka
Нұрғисаны жетпіс жасында көргім келеді

Сен?
sammita
түрік сериалдары, Керекинфо ұнайды ғой ия?
Janasil
Көпшілікке топырақ шашпаңыз.
AKY
Қай жерден топырақ шашу көріп тұрсыз?
sammita
бала-шағаның дастарханы ауыз бөлмеде
Nurgisa
түрік сериалдары болғанда… Иә, ұнайды, бірақ талғап қараймын десем дұрысырақ болатын шығар. Қараған түрік сериалдарым: "Қыналы қар" (Әли мұғалім), «Махаббат пен жаза», «Фатмагүлдің кінәсі не?». Есесіне, «Богатые тоже плачут», «Просто Мария», «Дикая Роза», т.с.с. сияқтыларды да қараппын. Соған қарағанда, Бразилия сериалдарын қараймын деп жазуым керек болар еді  Ал керекинфо ұнайды емес, одан көптеу нәрсе. Дәл сипатын берер эпитет жоқ па деймін. Өміріме күрделі өзгерістер әкелген сайт болды керекинфо. Өкінбеймін.
sammita
мүмкіндік туып тұрған соң, өзімізді мазалап жүрген сұрақтарды қойып жатқанымыз да.
АКУ, терафлю ішіп болсаң, сөз кезегі өзіңде, мә, микрофон
AKY
Сөз бергеніңізге рахмет енді Саммита ханым, кхм-кхм… Ал енді архивті ашып қарайтын болсақ, Нұрғиса ағамыз мына керекинфо ашылған жылдардан бері осы Қазнетте небір форумдар мен блогтардың жілігін шағып, майын ішкен адамға ұқсайды. Сонааау Керекинфодан басталған оның виртуал өмірінің тарихы… дееееп бастап кетсем, ә.
TERISKEY
"құдықтың суы" — маған да ұнайД, тастай су! Рахатанееееееееп тұрып ішесің, керемет шөлің басылады.
AKY
тирамису
Маған да ұнайды. Еще Чиз-кейк те.
Nurgisa
Иә, келісем, чизкейк те керемет нәрсе. Рационға күнделікті қосып тұрсаң да «шықпайсың»
Gastarbaiter
Мохитоны ұмыттыңдар
AKY
міндетсінетіндер
Уот-уот, осындайларды жеП көрем. Бірақ
апельсин шырыны
сүйікті сусыным.
sammita
апельсин шырыны асқазаны ауыратындарға ауыр.
asaubota
үстел теннисі және бадминтонды неге жазбадың дос?
Nurgisa
Ерекше көзқараста емес екенмін оларға. Айттым ғой, ойымда постты жазу барысында не болды, қаз-қалпында түсірдім. Әйтпесе, әрине, барлық ұнайтындарым/ұнатпайтындарым жазылды деуге келмес. Эстафета ұнады. Идеясы жақсы екен.
Aldeken
біраз ұқсастықтар байқадым…
asaubota
айтпақшы мен әдемі пас беретіндерденмін, футболда да волейболда да. бәсе неге мені жақсы көред дим
Nurgisa
Ұнайсың, Аршат. Кейде сендегідей тік мінез де керек. Қонақүй ісінің маманы бола тұра, ізденімпаз юзер болуыңмен симпатиямызға иесің. Оригиналдығың тағы бар. Жүрген ортаңның аурасына дөп баса аласың. Тек, темекіні тастаймын деп қанша талпынғаныңмен, шегіп қоясың. Бұл әлсіздіктің белгісі, әрине.
konvict
Ұнайсың, Аршат
тағы 5-тің басы қылтыйады
Nurgisa
Алдымен дұрыс жазуды үйреніп ал, конвикт  Бесінші сенің не теңің, жылтырайды…
konvict
Жарайды, бесінше менің не теңім, жылтырайды… Оны сендерге қалдырдым.
Nurgisa
Сөйте ғой, конвикт.
VKM
Нұрғиса ағамен ұқсас жерлеріміз бар екен)Әдемі «Біз қандаймыз»)))
Gastarbaiter
Бекарыс Шойбеков,

Ең болмаса оның өнері ұнайды деп қойш, гейпарадынссс
konvict
5-Қауымдастықтың исі сезіледі ме?
meirzhan
Сенің 5-ші қауымдастықты іздеуіңде бір гәп бар сияқты. іздейсің де отырасың, іздейсің де отырасың. тіпті жоқ жерден
AKY
Ал сен Конвидің тамырын басып отырсың. Бір гәп бар-ау…
meirzhan
1 постта 5-ші қауымдастыққа 2 рет іздеу салғасын не ойлауға болады?
Gastarbaiter
ұшқыш полиэтиленді пакеттер
Шешес-ай десейш…
VKM
Асқар, сен де жазшы.Оқығым келеді
sammita
таяқ жемесе сөйлеуге құқы жоқ.
asaubota
таяқсыз әркім өзінше бастап кете берсе қайтеді? сарылып күтіп отыра бергенше. қазақпыз ғой…
sammita
осының бәрін қауымдастық па бірдеңеге топтастыру керек еді. Шатыса бастадық. Әркім өзі жаза берсін аха, көңіл-күйіне қарай.
Gastarbaiter
таяқ жемесе сөйлеуге құқы жоқ.
4 минуттан кейін.
Әркім өзі жаза берсін аха, көңіл-күйіне қарай.
Жеке өміріңде де өстіп тез берілесің бе?
sammita
алдыңғы ереже бойынша таяқ ұсынатын ек. Мен бастаған эстафетада. Кейін Аршат сарылып күту туралы айтты, келістім. Онда не тұр? Кекшілсің.
Gastarbaiter
кектің не қатысы бар?
Құрбақа сияқты бақ етіп, жоғарыдағы пікірм шыққанда қызық болады екен деп ойладым
Маған бірдеңе жаман бірдеңе істедің бе әлде бұрын? Тез мойында, не істедің?
Nurgisa
))))))) тез мойындайды қазір ))))
sammita
оқымаған екенсің ғой әзіл. Эстафетаны жалғастыр оқиық.
Gastarbaiter
Уақыт жоқ Еңбек етем отдуши Отаныма, сенсеңдер сен сенбесеңдер қ***ғыма!
omarbirat
Мәшине мініп жүріп ашуланбайтының жақсы екен. Астана — мәдениетті жүргізушілер қаласы
Nurgisa
Әзірге айтарлықтай кептеліс жоқ болғасын шығар. Бірақ көп ұзамай оны да көз көрер, ауыз коменттер…
Maya
Мәссаған мен демалыста жатып қаншама дүниелерден құры қалыппын ғой. Бәріңізде тамаша жазыпсыздар.
VKM
иә, Мая, маған да керім ұнады))) Шынымды айтсам, ьарлық керекшілердің жазғандарын оқығым келеді,әсіресе танитын адамдардың.@sammita да рұхсат беріпті
AKA
кішкентайлардың былдыры, қыздың ерін құрметтеуі
… воооо, керемееет!!!
sammita
Abilakim таяқ қайда? жалғастырып па ең?
Abilakim
жазған шығармын, жазуым керек еді, жазған болармын.Мынаны тапқанда ананы таба алмайсың ба?
sammita
күніне 2 пост жазсаң қайдан табам)))) ізде.
aikarakoz
Таяқты бізге қарай ляқтыратын адам болса… Жазғым кеп тұр менің де
sammita
өшіретсіз жаз, бердім рұқсатымды
Ұнамайды: salta-ны ұмытпа)))))))))
VKM
Неге қыздар қырлыса береді екен, бұрын ондай жоқ еді((((((((кейбір сөздерді оқуға ұяласың
sammita
оны менен неге сұрайсыз?
aikarakoz
Қаз мен көріп келиш ұятты сөз жаздым ба екен…
VKM
жоқ, шынымен,не в обиду, екеуің де жақсысыңдар, ақылдысыңдар, бөлек алғанда.Ал қосылып кетсеңіздер, тайфунсыздар)Игнорить ете салу қиын ба?Қоғамдық орын ғой бұл жер
sammita
ол адам игнор дегенді жеңілу деп ұғады, міне мәселе қайда
aikarakoz
Игнорыңды түсінбейді ғой қарсыласым. Көрінген жерде жармасып… Тілімді қышытып алады. Үндемей қалсаң, «жеңдім» деп масайрайтындардың қатарынан екен да…
sammita
әй дейтін әже жоқ, пікір жазу мәдениетін білмейді. Соғысқа себепші болғандарды айдап шығу керек. болды.
aikarakoz
 мәәәәә, Саммита! Сізді мұндай деп ойламаппын. Мен де кетем ғо сосын
sammita
себепші болсақ кетеміз, 1-2 күн қойкезекке)))
VKM
ой, кетпеиии,қалай сенсіз Керек?
sammita
құтырып менмен болып кетпеуі үшін арасында кетіп тұрғаны да дұрыс ©
aikarakoz
Онда дауысқа салыңдар да, қойкезекке жверіңдер! өөөййй
AKY
қораның сыртында не деп күңкілдесіп тұрсыңдар?
одан да мәселені шешуге тырысыңдар. мысалы, кәллектиптік домалақ арыз немесе шағым
sammita
үйібай, сонша көңіл бөліп соған, бізге десе @guvik-ті ертіп келсін
VKM
Нұрғиса ағаның тақырыбы қуып кетті
AKY
көңіл бөлмегендерің осы ма
sammita
көңіл бөлу мынау:
кәллектиптік домалақ арыз немесе шағым
)))))))
salta
 бас-көзге қарамайтын әзірейіл келді… ал, атыңдар, алам десеңдер басым міне
Gastarbaiter
Салтаның арқасында, мег ғана сұмырай еместігімді біліп, рахаттанып қалам. Өзіңнен бөлек, біраз адамды басқа жағынан танытып, таланттарын паш еттің.
sammita
осы жеті жыл ішінде сені сұмырай деп ойлап көрмеппін де
Gastarbaiter
Пікіріңнен соң, менікі комплиментке тіленгендей боп тұрғаны
ПС. Ал негізі Нұрғиса өлеңді жақсы айтады.
Abilakim
ала сал таяқты, саммита берді, мен қарсы емеспін))) егер жазбай кетсем әрине
alisha
қағып алып жатсаң маған тастай сал
aikarakoz
Тәәәәк, алдым. Оны кешірек не ертең жазуым мүмкін. Қолыңыз бос болса, Алиша, сіз жаза беріңіз. Сосын маған ляқтырарсыз)
asaubota
таяқ, лақтыру деген сөздерді де абайлап қолдан қызым
sammita
онсыз да әр сөздің синонимін іздеп абайлап жазып жүрміз пікірді
aikarakoz
ондай да бар ма еді)))