Қазақша КВН-2011

Админнің қолпаштауынан кейін аз да болса көрген білгеннен бөлісейін дедім. )))))))
Қазақша КВН-ге атсалысқандардың қатарынан болғасын, жақында болған (29.09.2011) жартылай финалдық ойындарға шолу жасап көрейін.
Айта кетейін, 2 топқа бөлінген ойынның тек бірінші күнін көрдім, екінші күні баруға мүмкіндік болмай қалды (жалпы ойындарға бармау менің өмірімде сирек кездесетін жайт).
Сонымен, ойынға 4 команда қатысты:
«Назар аудар» Орал
«Барыстар» Ақтау
«Нұр» Астана
«ТарМУ» Тараз


Командалардың ішінде жасы да, тәжіибесі де аздары «Назар аудар» мен «Барыстар» болғанына қарамастан аталған 2 команда ойын нәтижелері бойынша финалға тікелей жолдама алды.
Бұл қалай дегендерге, «Нұр» мен «ТарМУ құрамасы» өздерінің тәжірибелілігіне сеніп, қарсыластарын дұрыс бағалай алмаған деген пікірге келдім. өз ойым.
Командаларға жеке тоқталсақ:
«Нұр» — Еуразия ұлттық университетінің атынан шыққан бұл команда орысша жіне қазақша КВН-ді қатар алып жүретіндігімен құнды команда болып саналады. Ойындарында орысша стиль басымдау келеді, кей әзілдеріне қазақша колоритті қосуы сәтті шығып жатады. Бұл ойынға түбегейлі жаңа әзілдерін шығармай, бұрынғы ойындарда сәтті шыққан «Әлемнің әртүрлі тілдерінде сөйлеу», геосаясатты студенттер жатақханасына (қонақ үй, вечеринка) проекциялау секілді ұтымды тақырыптарына жаңа вариация жасаумен шектелген.
«ТарМУ құрамасы» — Тараздағы атышулы Армани (Арман Жаналиев) бастаған команда түрлі деңгейдегі кубоктар мен сыйлықтардың иегері атанып үлгерген тәжірибелі команда да беделдері мен танымалдылықтарына сүйеніп келгендей ой қалдырды. Сценарийлері мен әзілдерінің аяқталмағаны (добивка жоқ опшым) көңілге кірбің ұялатқандай болды қысқасы.
«Барыстар» — Ақтаулық жас команда әр ойын сайын таза ақтаулық қолтаңбаларымен жергілікті көрерменнің қызығушылығына дендеп келе жатқаны байқалады. Айта кету керек, классикалық КВН-нің тұрақты жақтасы ретінде сөз түрлендіруде көп тапқырлықты қажет ететін «Биатлон» (қазақшасын «жамбы ату» деп жүрміз) сайысында барлық командаларды жеңіп шыққаны өз тарапымнан командаға деген құрметімді арттыра түсті. («қалыңмалы аз қыздар вокзал жақта», «Менің атам соғыста бәрін қырған, содан бері атама сақал да, мұрт та ештеңе шықпайды» сынды әзілдері биатлондағы әсерлі (КВНшілердің сленгімен айтқанда «болттары») әзілдер болды). СТЭМ сайысында «Барыстар» ауылдағы тойға дайындық барысындағы болатын қарапайым ситуацияларды жақсы проекциялай білді. («Біздің үйдің табағы, сенбесең астын қара, қызыл лакпен «САРА» деп жазылған», «Қазандағы бастың піскенін анықтау белгілері»).
«Назар аудар» — Оралдық команда көрерменнің ықыласы бойынша да, әділқазылардың пікірі бойынша да өзіне назар аудартар атына заты сай команда деп танылды. Сонымен қатар, Оралдан шыққан командаларға тән ортақ қасиет команда ән айтуда сапалы вокалдарымен ерекшеленді. Ойындарының басты ерекшелігі қарапайым өмірден алынған ситуацияларды көрсете отырып, мемлекеттік деңгейдегі келеңсіздіктерді сол ситуацияларға ұштастыра білулері болды деп бағаладым. Ойын қорытындысы бойынша осы команданың ойыншысы Ақболаттың (өкінішке орай фамилиясын білмедім) бірауыздан «ең үздік ойыншы» деп танылғаны да команданың ұзаққа баратын потенциалынан хабар бергендей.
Қысқаша алғанда ойыннан алған әсерім осындай болды.

Пы.Сы. Ойын өтіп кеткеніне біраз болса да, қазір жазып жүргенім үшін осындағы үрдіспен «кечроң» деп қояйын. Алдағы уақытта көңілдеріңе ұнап жатса, қазақша КВН ойындарынан осындай жазбалар жазып тұруға дайынмын деген ниетім бар.
Бөлісу:

28 пікір

asaubota
бұл ойындардың видеосы бар ма интернетте?
Aldeken
Жоқ-ау деймін, қазір қазақша КВН-ң түсірілімдері тек ТРК "Қазақстан" ие болып алған. анау-мынау тғылып түсіргендері боп қалар. Сосын кейде жақсы әзілдер монтажда қиылып қалып, теленұсқада көрсетілмей қалып жатады.
Aldeken
көбіне интернетте байқағаным, телеверсиядан жасалған көшірмелер.
omarbirat
Эх, Тараз. Фаворит командам еді
asaubota
кеше ТВден көрсетті. толық қарай алмадық. ана ақтаулық жігіттердің приколдарын Нұрғиса түсінбеді, мен түсіндім. жігіттер кішкене бәріне ортақ, түсінетін тақырыптарда және сөздермен сөйлесе жақсы болар ма еді?
Aldeken
))))))))))))
Жас команда ғой, сосын Ақтаудың командалары бір себептермен 4-5 жылдай тек өз облысы деңгейінен шықпай қалып еді, сен айтқан жағдайларға осы да себеп болды-ау деймін.
Нұрғиса, менің білуімше, біраз уақыт Атырау жақта тұрып еді және диалектілер мен жергілікті тіл мен салт ерекшеліктерін жақсы айыратын секілді еді… )))))))))))))
asaubota
тұрмыстарымен онша таныс емес шығар. келіндердің тойға дайындығы, ыдысқа лакпен таңба салыну, окорочка сияқтылардың басқа үйде пісірілініп әкелінуі барлық жақта болмауы мүмкін.
Abilakim
Біздің жақта бар)))
asaubota
M мен D-да көп ұқсастықтар бар екенін айттық қой

ал Х жақтағы тойға дайындықты Нұрғиса, Қарасақалдар бір рет жазды ғой. соған қарап тойға дайындықтар әр түрлі және әр жынысты болады деп ойлаймын.
Onlasyn
ТехАс, Көз тимесін командаларынан кейін қазқша КВН өлген сияқты сезіледі маған.
Кеше жоғарыдағы ойынды көрдім, еш ұнамады
Aldeken
ТехАс, Көз тимесін командалары
солардың құрдасы болдың-ау шамасы… ))))))))))))
Onlasyn
Оларды өзің де мойындайтын шығарсың
Aldeken
інілер бізден артық өнер көрсетсе, неге қуанбасқа?
omarbirat
Аталған командалардың да әзілдеріне күлмеуші едім. Сонда мен қазақша КВН өлмек түгілі, тіпті тумаған десем бола ма? ))
Onlasyn
Күлмеуің мүмкін емес
omarbirat
Олардың әзілдеріне күлмеппін.
КазГУ-дің «Сырдария крокодилдері» командасы оларды он орап алатын. Бірақ ол команда Есен Елеукеннің лигасында болған жоқ, білуімше.
Aldeken
Марқұм Алматай апайдың кезіндегі лигада ойнаған команда еді, білуімше…
Aldeken
Біздердің кейде айтатын қалжыңымыз бар еді: «Ол әдеміліктің кезегінде тұрғанда, ақыл таусылып қалған» деп сипаттама беретін… )))))))))))))))))))))))))
omarbirat
Кеше көрдім. Жамбы атуда Тараздың әзілдеріне бәрі күліп алып, үйлеріне қайтарып жібергенін түсінбедім.
omarbirat
Бірақ стэмдерінің соң жағы тақырыпқа сай болмай қалды.
Aldeken
Жамбы атуда Тараздың әзілдеріне бәрі күліп алып, үйлеріне қайтарып жібергенін түсінбедім.
Ойын басталардың алдында телеверсия үшін халықты жайдан жай қол шапалақтатып мәз болған түрлерін жаздырып алатын амалдары бар екенін ескерте кетуді жөн көрдім…
omarbirat
Олар әзіл айтқанда камера фронтменге қарап тұрған. Залдағы күлген дауыстар қаты шыққаннан түйгенім еді. Оның үстіне оларға нашар микрофон тиіпті.
Опшым, сары микрофон ұстағандардың дауыстары дұрыс шықпады.
omarbirat
Тойға шақырылмай қалған кісінің назы шынайы шыққан
Aldeken
Ақболат («Назар аудар», Орал) ойынның ең үздік ойыншысы болып танылды.
asaubota
бүгін және ертеңгі ойындарды интернет арқылы трансляция жасаймын егер бәрі жақсы болып жатса. интернет жылдамдығына байланысты болып тұр бәрі. егер болып жатса бүгін 19-00де осында сілтемесін қоямын.
asaubota
Болмайтын болды, Казтрк түсіріп жатыр.
asaubota
ертең 13:55-те Қазақстаннан көрсетеді финалды. қараңдар, жақсыойын болды. тек домашкасы әлсіздеу.