Қазан 2011, Алматы

Құрметті Алматылықтар мен қала қонақтарының назарына қаламызда болатын келесі қызықты іс-шаралар туралы қысқаша мәліметті ұсынамын.



1. 8-қазан күні Love Radio Астана алаңында өз туған күнін тойлайды. Күздің салқын кешінде ескі алаңға барып көңіл көтерсеңіз, денсаулығыңызға өте пайдалы. Туылған күн иелерін құттықтауға DJ Smash, Arash, Quest Pistols және отандық эстрадамыздың жұлдыздары да келеді. Солармен бірге сүйікті радиомыздың кешінде көңіл көтерейік! Кештен соң ұйымдастырушылар керемет фейерверк уәде етіп отыр. Не деген позитифффф!!!




2. «Мен сенімен біргемін веломаршы». Бұл қайырымдылық веломаршы 9-қазан күні өтеді.«Здоровая Азия» қоғамдық қоры Қазақстандағы ең алғашқы балалар хосписін қолдау ретінде осындай іс-шара өткізіп жатыр. Велоқұмар қауым қатарына жатпасаңыз да, балаларға қолдау ретінде қаржылай көмек көрсетсеңіз де болады. Толығырақ мұнда.


3. Субботник дегенге шыныменде сыпырғы мен кетпен алып шығатын екен деп ойламаңыз. Бұл кәдімгі цивильный сенбілік. 15-қазан күні Яндекс «Достық» қонақүйінде өзінің жаңа технологияларымен таныстырады. Кіру тегін. Бірақ ертерек тіркеліп қойған абзал. Толығырақ мұнда.

4. Зерігіп, үйде жата бермей, отандық киноға қолдау көрсетіп қайтыңыз. Қазан айының премьераларының бірі «Шу-Чу» ға барыңыз. Киноман достарымыз Қисық пен Патик бұл кино туралы былай жазыпты: «Бір өзі сценариймен бас қатырған, режиссер болған, қатігез капитанды сомдаған Жантемір Баймұхамедов „Жантиктың“ маңдайына жазған фильмі бізге „біртүрлі“ көрінді». «Біртүрлі» фильм көргенге не жетсін Толығырақ Киностаннан оқысаңыз болады.

5. 16-қазан күні «Ритц-Палас» ойын-сауық орталығында «Яблоко» — «Малиновое настроение» атты жанұялық фестиваль кішкентай бүлдіршендерге өте қызық болады деп ойлаймын. Балаңызға және өзіңізге жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, неше түрлі мастер-класстарға қатысып көріңіз: флористика, аппликация, сурет салу, гербарий жасау, Хеллоуинге дайындалу және т.б. Мұнымен қоймай, арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеде өзіңізге қызық деп тапқан тауарлар алып, жанұяңызды тағы бір қуантыңыз. Қызық деп тапсаңыз толғырақ мұнда.

Жалпы, қаламыздың өмірі қызықты мерекелер мен жақсы көңіл-күй сыйлайтын тусовкаларға толы екенін барлығымыз да білеміз. Менің тізіміме сізде де КЕРЕК ИНФО болса, қосып қойыңыз

Бөлісу:

20 пікір

madlen
Кат жасай алмайтынымды білесіздер.
asaubota
кат жасаудың ең оңай жолы: қай жерден қиғың келеді сол жерді алдымен мышкамен басып, сосын қайшының (ножница) суретіне басу. қайшы мақала жазатын жердегі көп кнопкалардың ең шеткісі, оң жағынан.

ал егер қайшыны таба алмаған болсаңыз, онда кат кодын қолмен жазу. ол үшін клавиатураны ағылшын немесе латын әліппесін қоланатын кез келген тілге қойып, мына кодты жазу керек:

<cut>
madlen
қайшыны табамын ғой… Сіз айтқандай жасаймын. Но олай шықпайды.
asaubota
түзеткеннен кейін сақтау керек, сонда шығады
balzaminka
8 қараша емес қазан болса керек
e_zhalgas
DJ Smash, Arash, Quest Pistols және отандық эстрадамыздың жұлдыздары
Мына жұлдызшалар қызық болмай тұрғаны  

Ал «Яндекске» баруға болады! Рахмет…
Gulistan
Мен Араштан қалмас едім.
omarbirat
24 қазан күні шеткі үйдегі Әкөштің үйінде бешір болады.
patick
8-9 қазан — үйленгеніме 1 жыл. Кемпір екеуміз шағын мейрам жасайтын шығармыз.
madlen
оо, құттықтаймын!
e_zhalgas
Шағын мейрам дегеннің форматына кірігіп кетсең болады ма?
Айтпақтай, құтты болсын…
madlen
не болды саған көрінген жерге навязываться етіп?
e_zhalgas
навязываться???
біздікі тек көңіл ғой, тост айтқым келген шығар, қайдан білесің?
madlen
қойшиш, ақталмасиш ))
e_zhalgas
жарайды, сенікі дұрыс!  (осы жауаппен бәрібір құтыла алмайтынымды сезіп тұрмын, хехе!)
patick
Тойымыздан қалған сыртында екеуміздің суретіміз бар шампан мен қызыларақ… кешірерсіздер, шарапты романтикалық жағдайда ішу. Бірге бассейінге бару, сыйлық беру, т.б. Ризасың ба?
asaubota
қазір келем балдар келіп тұр де де молынан кет
Gastarbaiter
2. «Мен сенімен біргемін веломаршы». Бұл қайырымдылық веломаршы 9-қазан күні өтеді.«Здоровая Азия» қоғамдық қоры Қазақстандағы ең алғашқы балалар хосписін қолдау ретінде осындай іс-шара өткізіп жатыр. Велоқұмар қауым қатарына жатпасаңыз да, балаларға қолдау ретінде қаржылай көмек көрсетсеңіз де болады.

Мен қатысар едім, АЛматылық болсам.