Сөзімізге сақ болайық

Мынадай бір оқиға болған. Нағашы атасының атақты кісі болғандығын мақтаныш сезімімен жеткізгісі келген жиені қасындағыларға: «Білесіңдер ме, менің атам жынды кісі болған!» депті. Айтайын дегені – нағашысының есінен алжасып, жынданып кеткендегі емес, өз заманында атақты балуан болғандығы. Мұндай мысалдарды арамыздан жиі кездестіруге болады. Ең өкініштісі – «жындының» жастарымыздың ауызекі сөйлеуінде «жақсы», «күшті» сөздерімен алмастырылып айтылып жүргендігі, үрдіске айналғандығы. «Неге олай?» деп сұрап көргенімде, бірі: «прикольно ғой» десе, екіншісі: «ол сөз «жақсы», «күшті» деген сөздерден де күшейтіліп айтылған сөз, сондықтан солай қолданады» деп жауап берді. «Олай айтуға болмайды» деп барлығына бірдей тосқауыл бола алмасымыз иағы анық.
Десек те…
Алдымен, сөздің түп-төркініне назар аударайық. «Жын» — араб сөзі. «Жасырын, көмес болу, көзге көрінбеу» деген мағынаны білдіреді. Ал, «жынды» деген сөзі «ақылынан алжасқан, есуас, жарымес» дегенге саяды. Әлдебір жаңа киім не бұйым сатып алсақ, «О о, жындысын алыпсың! Құтты болсын!» немесс «Мә ә, мынауың жынды ғой?!» деп таңғалып жатады. Кейде әлденеге ашулансақ, «жыныма тимеші», «жыным келіп тұр» деп айтамыз.
Осы жөнінде Сабыр Алтынның («Жынға қол жайып, бата алушылар хақында», Астана қаласы) мына бір пікірі көкейге қонымды: «Жындар өте ұзақ ғұмыр кешедi. Екi жүз-үш жүз жыл және одан да көп жыл жасайтындар бар. Бұны жын шығарушы молда мен жынның арасында болатын диалогтардан оқысаңыз болады. Ордашылардың өткен шақты тура айтуы сондықтан. Оның үстiне әр адамның бойында өзiне тән туғаннан бекiтiлген жыны болады. Оны дiнде “бекiтiлген жын” дейдi. Ол адамның қан тамырымен жүредi. Адамның бойындағы шайтани қылықтардың барлығы осы жынның әсерiнен. Бекiтiлген жынның болатынын өзiңiз күнде қолданатын, бiрақ мән бере бермейтiн сөзден-ақ байқай аласыз. Мәселен: “жыным келiп тұр”, “жыныма тимешi”, “жынымды қоздырма” дейтiн сөздердiң барлығы әркiмнiң өзiне тәуелдi жыны болатынынан хабар бередi...» «Жынды» сөзін «круто» деп түсінетін замандастарым екі сөзінің бірінде осыны қолданып жатады. Бірақ «қолмен ұсталмайтын, көзге көрінбейтін жақтарын да» үнемі біліп жүрген дұрыс. Сөздің төркініне мән бермей, орынды-орынсыз жұмсай берудің орнына, осы жағын қаперімізде мықтап ұстау керек сияқтымыз.
Кейінгі кездерде жындылар жайлы әзілдер де жиі еститін болдық. Қазақ жасы үлкен ата-әжелерге, «осы кісілердің жасын берсін» деп күлгенімен, кемтар адамдарды ешқашан келеке қылмаған. Сөз арасында «осы сен-жындысың» деп жатамыз. Нағыз жын ұрған адамның қандай болатынын білмейді екенсіз. Білгіңіз келсе, жындыханаға бас сұғыңыз не жазушылар қиялынан туған сол іспетті шығармалар оқығанның өзі жетеді.
Бөлісу:

15 пікір

Janasil
Менің әкем де осы сөзді алғаш естігенде біраз күлген еді.

Эх!!! Жастар, жастар.
Aizhantabyn
ең алғаш рет тоғыз оқып жүргенде бір баладан естігем, шығыстың диалектісі деп ақталып жатты. Маған ұнамайды жынды деп жақсыны айтқаны, сол себеп қолданбаймын.
balzaminka
имам сабақ бергенде аяқты айқастырып отырғанда жын туады деген еді, малдас құрып отырған емес
a63a1
Жас кезімде айтатын едім қазір қойып кеттім,
timurrr
Қоя алмай жүрміз… «Керемет» деген мағынада көп айтамын…
e_zhalgas
тіл және ол тілдегі сөздер тек этимологиядан тұрмайды, оның қолданыоуы мен айтылуы тек сол тілді пайдаланатын адамның еркінде… ендеше, «бұтақ» деген сөзді жақсы мағынада қолданғысы келсе және оны айнала ортасы солай қабылдаса, сөздің төркіні де, оның этимологиясы да ештеңе шеше алмайды. себебі… себеп жоқ, нақ! тілі — тірі организм, ол да дамиды.
satibaldi
Лібә, қорқынышты екен. «Сайтан алғырды» өңін айналдырып «сайттан алғыр» дейтін едім біреуге: сукі шынымен плагиатор болып кетіпті, әнасс.
omarbirat
Жиі айтушылардың бірі едім. Дәл осы постта жазылған себепке байланысты соңғы кездері "қояншық", «есалаң» деген сөздермен ара-тұра алмастырып тұратын болдым
Sayana
Жазбамның мақсаты орындалды деген сөз…
meirman_g
мен мысалға, ол сөзді айтпаймын
Sayana
сізге 5!
a63a1
мағанше????
Sayana
саған да 5, бірақ арыыыыыыық 5)))
a63a1
бордақылап аламын, рахмет)
satibaldi
Әрине, сорлы жазба екеніне еш күмән жоқ. Меніңше, құсық жазба жазуға да талант керек пе деймін.