Осы Сигма қайда?!

-Ия, осы сигма қайда? Алматыға келіп елді дүрліктіріп, өзі дүрлігіп (бір асығыс бар бітпейтін) келгенінен кетер тез болды. Сайтақа салам деген суреттері қайда, өзі қайда?- деп, бар екенімді ара тұра қылтиған бірлі жарымды коменттерімді оқып қойып жүрген боларсыңдар.
жалпы аманбыз, елге аман есен оралдым. Қарбалас шабыс сол Алматыда басталған болатын. Алматыға бір түнеген күні настырымыз пәс болған. Шағын кәсібім бар еді Атырауда, сояқта жұмыс қылып тұрған өзбек жігіттерді көші-қондықтар тиеп кетіпті. Екі күн бойына жағымнан тел түспеді (Көзден таса болсаң, көңілден кетесің деген рас сөз екен). Елге келіп, жұмысқа шықтым, сөйтсем менен басқа сауатты адам жоқ екен деп қалдым, құдай басқа бермесін бәленбай хатты бір төкті жауап беру керек деп. Көк түйір пайдасы жоқ хаттар, лишь бы отписаться. Содан әлі аванстық есеп тапсырмадым, бланкісін алып отыра бергенде интернеттің қарасы үзілді. Сөйтсем, шлюз құлапты. Ертерек кетіп, балдарға Ос құйып, SSH көтеріп қойыңдар десем түк бітірмепті. Интернет әлі жоқ. Бүгін бәріне қол қойып, әбедке дейін демалып отырмын, ми демеалмаса шаруа шешілмейін деп тұр.
Жоғалып кеткендегім осы, айыпқа нетпеңдер.
Бөлісу:

5 пікір

sigma
Астана арқылы кет деп еді Аршат, шарушылығым үйлеспегесін кешіге алмадым.
Gulistan
Шаруаң тез реттелсін дейміз, Мақпал келгенше тап-тұйнақтай қылып қоясың ғой
asaubota
сол ғо, кетіп қалсаң апокалипсис орнайды.
sigma
Осы жазбаны жазған күні, жұмыстың жұмысына қол қойып үйде жатқан болатынмын. Келесі күні ерте барып кешке дейін сервер көтердім. Сол проксиіміз, әлі степ тұр, серверный содан кірместен енді Алматыдамын, мен барғанша құламаса екен.