Біз қандаймыз? Еріккен ойлар

balzaminka-ның эстафетасын жалғастырайын.

Ұнайды: әйелім және ұлдарым, Керекинфо, футбол, афера және тонау туралы кинолар, логикалық ойындар, құмар ойындары, қызыл түс, ет және картоп қосылған тамақтар, палау, қара шәй, құйылмалы сыра, сауна, жігіттермен әңгіме соғу, анекдоттар, КВН, ақша, темекі, түн, жалғыздық, жаңбыр, рок музыка, Алматы.

Ұнамайды: телефонмен сөйлесу, орысша сөйлесу, біреудің ойымды, концентрациямды бұзып бірдеме сұрауы, топас адамдар, мәмбеттер, фантастика кинолар, бірдеме сұрай беретін адамдар, ақыңды уақытында төлемеу, күту, жылаған баланың даусы, топас анекдоттар.

Эстафета таяқшасын алыстағы қарындасымыз chimaq-қа беремін.

Түзету: chimaq жауап беріп болмағасын таяқшаны Tarazkyzy-на ұсынамын.
Бөлісу:

30 пікір

balzaminka
біраз нәрселерде үндеседі екенбіз , Саммита сияқты ой емес-оу, ағайын
Zhan
футбол мен Алматы, роктан (бұлар маған ұнамайтындары енді) басқасының бәрінде почти ұқсас екенбіз
VKM
вааааййй, Аршат аға, сізбен де бәрі түсінікті. Хехе
әйелім және ұлдарым
,
жылаған баланың даусы
))))
asaubota
иә, иә көп қыздарға ұнайтынымды білемін
VKM
неге? Ұнайсыз))))
balzhan
мәмбет десе жыныма тиеді. Себебі найманның ішінде мәмбет деген ел бар. Осы сөз қайдан шығып кетті өзі?
asaubota
давай осы сөздің тартысын осы сайтта сегізінші рет бастамай-ақ қояйық.
Tarazkyzy
«Түн. Жалғыздық»? хм, әйеліңізді басқа бөлмеге қуып жібересіз бе?:-))))
asaubota
түн тек қана ұйқы мен секске арналған деп кім айтты? түн менің жұмыс істеу үшін ең жақсы көретін мезгілім!
Tarazkyzy
әлгі сөздерді оқығанда ойыма оралған сұрақ осы болды.Әйтпесе, жаман ойым дым болған жоқ:-) Жаман айттыңыз ғо
asaubota
айналайын оңтүстіктік қарындасым, біз бастыстықтардың сөздері кейде басқаларға қатты, ұрсу сияқты болып естіледі. оған түсіністікпен қара, біз сөйтіп сөйлейміз

айтпақшы таяқшаны саған бердім.
balzhan
маған дейін 7 рет айтылса жақсы болған екен.
sigma
Ұнайтындардан футбол мен темекіні алып, ұнамайтындарға қоса салыңдар
PS гаста бірдейсіңдер қоймайтын ед, міне бірдей емеспіз
AKY
Сәпсеп бірдей емессіздер
ken
ия. бірі қара, екіншісі ақ-сары
Gastarbaiter
Cөйлеу мәнерлерің ұқсас. Сенде ауылдық бауырмалдық басым. Аршатта қалалық прагматизм, әлде, шахматизм дейміз бе
a63a1
топас адамдар
нақты критерилері қандай? Кейде менде топастық жасап қоямын)
sammita
маған да соткімен сөйлесу ұнамайды. Былай жақсы жан екенсің.
asaubota
білгем саған ұнайтынымды.
TOTY
@asaubota, жігіттермен әңгіме соғу

һмм, не жайында?
asaubota
хммм… мысалы жиі кездесетін Ерланмен не әңгімелесеміз? Керекинфода жазуға болмайтын пікірлер, шабашкалар, топас адамдардың топастықтарына күлеміз, анайы анекдоттар айтамыз.
sammita
оффтоп кешір. Әлгі алдына ит қойып шақыру функциясымен қашан қуантасың? Онлайн отырғанды өзің көре аласың ба, ВКМ бар ма қарап берші өтініш)))
asaubota
олар болады жақында. күтіңдер.

онлайндағыларды былай да қарап отыруға болады www.kerekinfo.kz/people/online/
sammita
менің күшім ұнап тұр. 999)
asaubota
өсіріп жібердім 1000.07 қылып
AKY
не диді, құдай-ау…
sammita
өсек айтады да
meirzhan
М-да, қызық екен. Концентрация бұзылып, екі жақтан кісілер сөйлегенде маған да ұнамайды.
Bayan_
Ұнайтынның ішінде ұнаған жауап "әйелім мен ұлдарым" деген жолдар… КВН-ның орысша нұсқасы ма?
asaubota
бұрын қыз болса екен дейтін едім. қазір үйдегі бөлтіріктерге қарап, Алланың ұл бергені қандай жақсы болған деп шүкір етемін.

иә, орысша КВН қараймын. бірақ, қазақша КВНда да соңғы жылдары деңгей өсіп келе жатыр.