Біз қандаймыз? Еріккен ойлар

АКҮдің Монтиға арналған таяқшасын қабылдап алдым

Ұнайды: Антошкамды жақсы көру, тыныштық, Агата Кристидің Пуаро сериясы, билеген, көңілім болғанда сабақ оқу, есеп шығару, Сатекеңнің жазбаларын оқу, көңілім болса пікір таластырған, себелеп тұрған ақ жауында қыдыру, көк орман, тау арасында демалу, Көлсай, Бурабайда тас үстінде жатып ұйықтаған, су ағысына қарап отырған, өтектеген, сорпа, сынды бетіме айтатындар, Легенда о пианисте, классикалық музыка

Ұнамайды: бір нәрсені мың қайталап сұрап, айта беретіндер, көңілім жоқта сабақ істеу керектігі, жігіттердің ездігі, аузы ашылып жүретіндер, молданың айтқанын істе, істегенін істеме деген өмірдегі, фантази фильмдер, рикшаның жүргізушілері

Эстафетаны Асауботаға бердім
Бөлісу:

77 пікір

asaubota
тыныштық пен табиғат сияқты ғой бәрін біріктіріп тұрған?
AKY
өтектеген
Жыным келед Одан да кір жуған жақсы
balzaminka
өтектеп отырып ыңылдап ән айтып, пәлсапалатуға болады  жақсы моменттерді еске алыппп
sammita
үтіктеп деңіз. Маған да ұнайды, көөөп қып жинап алып үтіктеген. Сосын нәтижесін көру рахат.
Aizhantabyn
пол жуғанға жетпейді маған)))))
balzaminka
пол жуудың қай әдісі?
Aizhantabyn
швабрамен конечно)))))
balzaminka
ага, бұл да кайф, егер үлкеннн зал болса, рахат, билеп жүріп жууға болады
Gastarbaiter
Физраға кеды-дамбал ала келмегендерді спортзал жуғызатын
balzaminka
неа, өтек. Үтікті танымаймын  Еңбек сабағында өтек болмаса машинада тігу болса, сол өтекті таңдап бес алатын едім, одан үйде ағаларыма, апаларыма киімдерін өтектеп ақша табатынмын, бір беторамалды өтектегінім бір морожні еді, ностальжи болып кеттім ғо
Zhan
Точно, кір жуған жақсы  Үй жинап жүрген кезде де пәлсапалатуға таптырмайтын уақыт. Әсіресе шаң сүртіп жүріп
satvaldo
и-неттегі «бейнеңізге» қарап кір жуу мен сізді байланыстыра алмай отырмын. көп нәрсеге / тез жынданасыз ба сонда?
AKY
кір машинамен дегенім ғо
satvaldo
бәсе, мен неге қаталәстіп десем
AKY
хмм, «бейнеме» не боқапТ деген ой енді қылаң беріп жатыр…
satvaldo
ештеМе болған жоқ. ол «бейнеңіз» риылдағыға келінкірейді де. содан туған ойлар…
AKY
фантази фильмдерді жақсы көрем.
balzaminka
бәрі жақсы ше, тек неге екеумізге бір типтегі жігіттер ұнайды?! Осы жерде алшақтық болса жақсы ше, а то таласып жатқанымыз сол жігіттерге
AKY
 Мен таласпаймын ғо, сен ғо.
Aizhantabyn
жігіттердің ездігі ұнайтын қыз жоқ шығар))))
balzaminka
енді ешкім жазбапты да

Өз басым ондай жігіттерді ұнататын кісілерді білем, ондай кісілер де бар бұл өмірде
a63a1
Бурабайда тас үстінде жатып ұйықтаған
Аунап кетіп жүрмеңіз
balzaminka
Жұмбақ тасқа қарама-қарсы тұрған қалай айтсам екен, төбешік пе екен сондай тас бар, отт соның үстінде жатқан керемет, күн ашық болса аспанға қарап, арасында судағы қайықтарға, көлдің тербелгеніне қарап, арасында ұйықтап алған ұнайды  Жол түсіп жатса байқап көріңіз
AKY
Оқжетпес?
balzaminka
жоқ, Оқжетпес ол тау ғой.
AKY
Тау емес, шың
balzaminka
тау
sammita
Оқжетпес шыңы. Аңызында да солай айтылады.
balzaminka
шың деген ең жоғарғы төбесі, піл баласы жатқан, ал өзі тау.

Географияны ашып қарайтын адам бар ма екен? Бурабайдағы экскурсоводтардың брошюрасын, берген ақпараттарын естіген жан бар ма екен? Сол жердегі мұражайға барған кісі бар ма екен? Көкшетаулық кісі бар ма екен? Жамағат, бұл даудың дұрыс жауабын кім айтар?

Менің жадымдағы ақпараттармен бөліссем, Оқжетпес тауы, гора Окжетпес, mountain Okzhetpes география пәнінен
sammita
мен көкшетаулықпын, Бурабайды жақсы білем.
balzaminka
аңызға сүйеніп айтқаның? Жағрапия пәнінде не деп өттіңдер?
sammita
Қазақстан географиясын оқымадым. Мен сәбет кезінде оқығам))))
balzaminka
мүмкін емес, аттестатыңда Жалпы география, Қазақстан географиясы деп тұрған болар. Сәбет кезінде Қазақ КСР географиясы деген болған
sammita
есімде жоқ, Бурабай туралы не жазылғаны. Ал былай каникул сайын мұражайына, экскурсияға барып аңыздарын тыңдайтынбыз. Жә қоялық айтысты, менікі дұрыс
Оқжетпес тау-шыңы болсын бұдан былай.
balzaminka
топырақтану пәнін екі жыл қатарынан оқыған адамға оңай деймісің бүйтіп қоя салған?
sammita
аңызға сүйеніп айтқаның
аумайды Аршат. Логика, обоснование іздеп)))
AKY
Самми, сөйдеп болысып қойшы, а то Жанна екеуі кеше маған жеңістік бермейді, «тау, тау» деп. «Шың» деп ерегіскенімнің себебін ақыры басқадан іздеп, мені ақымақ қылды бұлар
balzaminka
ойбай, өзі тау мен шыңның айырмашылығын айтшы неде екенін алдымен

Тау деген жер бетінен көтерілген төбе, оның аталығы мен аналығы болады. Ал шың сол таудың ұшар биігі
AKY
Тау деп ана жердегі төбелердің бәрін айтады. Сосын оның жеке-жеке шыңдары — Бурабай, Жекебатыр, қырт-жырт.
balzaminka
тау болмаса шың қайдан шығада саған?! Скалалаздар сол таудың шыңына шығады тауға емес, сондықтан алдымен шың мен тауды айырып алған дұрыс. Тау деген жыныс құраушылар арқылы жазық жер бетінен биік жатқан белгі, ал шың сол таудың ең жоғарғы нүктесі. Туф, басты біраз қимыладатып тастадым ғой
sammita
шың -таудың ұшар басы екені рас. Мен қателескем онда. Жартас деген дұрыс екен.
«Оқжетпес – етегінен шыңына де­йін 300 метр биіктікті құрайтын пирамида тәріздес жартас» деп тұр.
AKY
Сен де бір… Мойындама ваще қателескеніңді. Ешқашан да.
AKY
бәрібір, тау емес ол. әне, жартас деп тұр. кіп-кішкене тас-текшені «тау» деп әлдеқандай қылып.
balzaminka
адам деген әдемі жеңіле білуі керек қой  сен сияқты емес.

Сен біздегі Қаратауды көрсең жота дер едің, бірақ ол жота емес, ҚараТАУ
AKY
Бұрын тау болған ғо ол, кейін шөгіп қалған дә.
sammita
қалдың жалғыз. Адвокат шәйға кетті)
Aikona
Сізден бірден байқауға болады тыныштық ұнайтыны
balzaminka
 табиғат аясындағы тыныштық дер едім

Сізге қалай?
Aikona
мағанда солай…
VKM
хммм… бальзаминка, сенімен бәрі түсінікті болды))))
AKY
ВКМ, сен елдерге компромат жинав жүрсің бе)
balzaminka
енді себебі де бар ғо
VKM
Сенің жазғаныңды көрмей тұрмын… хехе)Жоқ, бұл компромат емес, бұл менің ойлаған бальзаминкам, дәл сондай екеніне таңқалу)))
balzaminka
домовитаямын ба
VKM
әйбәтсің)) Анадағы АКУдың біржерде жазғандары есіме түсіп,өзімнен-өзім күліп отырмын))))
Tarazkyzy
Өтектеген, бррррр, одан да тамақ жасаған ұнайды:-)
Aldeken
өтектеп отырып ыңылдап ән айтып, пәлсапалатуға болады жақсы моменттерді еске алыппп
негізі үйде, келіншегімнің ыдыс жуған кезінен секем алам…
Осындайда, ойына ой түсе ме, қайдағы бір ұмытылып кеткен косяктарды архивтен көтеріп, қайтадан күн тәртібіне шығара бастайды…
asaubota
Агата Кристи шығармаларына сюжеттерді ыдыс жуып тұрып ойлап тұрады екен. апасны, апасны!

еркек болған рахат. дым істемей просто жатасың.
Aldeken
еркектер дым істемей просто жатқанның өзінде барлық шаруаны ойша тындырып, ірілі-ұсақты проблемаларды шешу жолдарын тауып жатады деп дух беріп қояйын…
balzaminka
ыдыс жуғыш құрылғыны алып беру керек екен ғо тездетіп
sammita
сол ұнамайды маған. Аз ыдыс болғанда тиімсіз. Көп су, энергия, уақыт кетеді. Одан да қолмен тез жуған жақсы.
balzaminka
иии, Алдекеңнің косяктардан құтылуына сеп болсын дим
Aldeken
Опшым, бітті, үй алған күні орыстар үйіне мысық кіргізсе, мен ыдыс жуатын машина кіргізем. )))))))))
balzaminka
тезірек болсын сол күн, тілекшімін
AKA
Оооо, су ағысына қарап отырған тамашааа, ұнайды  сан түрлі ойларға шомыыып кетем…
balzaminka
жақсы ойлар келетіні ұнайды деп ойлаймын, солай ма?
AKA
Әринееее  өз-өзіме есеп беретінім бар тағы…
Gastarbaiter
Үздіксіз өтектей (үтіктей емес) беретін бір әйел мамамда емделіп еді.
balzaminka
неден емделді екен деген сұрақ келіп отыр да ерікіз
Zilola
Sen magan unaisyn
Oitkeni men kiim otekteu bilmeimin, toiys erinemin
balzaminka
өтек үшін ғана ұнайм ба