Қазақ баласы "Минута славыда"...


Осы аптадағы «Минута славы» көрсетілімінде Шымкенттегі Жетісайдан Оңдасын Жетібай небір қиқарлықты көріп, көзі үйренген Мәскеу аудиториясын біраз таңқалдырған ұқсайды. Сіздер де қарап көріңіздер:



сурет: Экспресс-К
Бөлісу:

13 пікір

Nurgisa
Толық видеоны көргісі келетіндер үшін:

asaubota
номер қазақтар үшін бояннн әрине. бірақ, қазір көрген кезде де қорқынышты негізі. қазір толық нұсқасын қарап отырмын.
Janasil
Керемет!!! Мына жігіт Шымкентте талай тойда ақша тапқан шығар.
AKY
Йетісойлықтардың жүрмейтін жері жоқ екен Анаконда десе, анаконда. Хәммасын йұтып алған.
omarbirat
Қатыстырып алып, «Ойбай, кішкентай баланы бүйтуге бола ма екен?» сарынды пікірлер айтқанша, бағдарламаға алар кезде «Бізде мұндай номерлер қоюға болмайды» деп тіркеуден бас тартуларына не кедергі екен?
Қазақ болғаны үшін онша жақтырмады деуге де негіз жоқ сияқты. Бұрын да әкелі-балалы бір мұжықтарды өткізбей тастағаны бар еді. Ауыр зат көтеру, анау-мынау физикалық мүмкіндіктерін көрсетіп, бір грелканы үрлеп жыртқан болатын. Олар орыс казактар еді.
asaubota
жюрилер білмейтін шығар, ұйымдастырушылар қабылдаған болуы керек.
omarbirat
Сондай шығар. Газеттегі мақалаға сенсек, ұйымдастырушылар өздері шақырып алғанға ұқсайды.
sammita
«Минута славы» жақсы көретін бағдарламам. Видеоларын жинап жүрем.
zigirl
Өткен сезондарына даусы жақсы бір бала шығып еді ғой біздің елден.
Nurgisa
Жетібайдың аналардың орысшасына "ұрғаны" бар, қазақша жауап беріп жатыр )))
Gulistan
Баланың әкесі оқтау жұтқандай қақшиды да қалды ғой, ең болмаса өз позициясын қорғамады ма?
Шынымен өз баласын қинап ойынға қатыстырғандай әсер алды жұрт.
Бала да соңына қарай жуасып қалды..Әлде көпшілікті жатырқады ма екен…
Нұрғиса, рахмет видеомен бөліскеніңе.
omarbirat
Әкесі де орысша әрең сөйлейді. Содан шығар.