Ухо,горло,нос...
"Іш ауырса, тіс ауырса мамам дәрі береді" деп өскен бала едік. Дәрігер дегенге көп қаралмаушы ек. "Құлақтан кіріп бойды алар...«деп Абай жақсы айтып.Құлағым ауырып еді сол жақ шекем көзім бәрі ауырды. „Құлақтың ауруы қайдан пайда болды мына бейбаққа?“деп ойлап отырған шығарсыздар. Тұзым жеңіл ғой мен байғұстың. Әскерден келген жылы жазда бір кластас қыз күйеуге шықты. Тойына бардық. Үстелде отырғанбыз, ойнап жүрген бір бала су пистолетімен құлағымнан атып жіберді, тіреп тұрып. Бұндай ауырсынуды бұрын-соңды сезінбеген ем… Содан,құлағымдағы суды секіріп қайта ағызтып жібергендей болғам. Ахаха-ехехелеп тойды да бітірдік. Ертесі құлағым қатты ауырды. Ішінде күн күркірегендей дыбыстар шықты. Жайлауда әкейге шөп шабысып жатқан едім. Дәрігерге көрінем деген маған әкем „Тышқан көтін көріп жаралы болыпты“, „Түйенің үстіндегі адамды ит қауыпты“ деген мақалдарды айтып сенбестік танытты. Әскерден келіп қыдырғысы кеп жүр деп ойласа керек. Обшым шөпті шабысып кеш те болса дәрігерге барғанымда „барабанный перепонка“ атты пәленің тесілгенін ірақ білдім. Енді, сол пәле сәл су тисе, суық тисе мазалай береді. Сендерге айтарым, құлақтарыңа абай болыңдар!
Сурет мына жақтан алынды
Сурет мына жақтан алынды
Мен 4-сыныпта жүргенде суық тигізіп алып, 2 жыл бойына қорлық көрдім.
Қалай көктем келеді, солай құлағым ауырып, тас керең болам да қалам, лордан шықпайтын болдым.Әрең деген де жазылды. Күн салқындағанда және шашты жуғаннан соң далаға міндетті түрде бас киім киіп шықпаса, осы аурудың құрбаны болатынымыз анық.
қарның ашқанда тамақ жегің келе ме
Айналайын, ақ тырна,
ля-ля-ля ))))))))))
құлақ пен тістің ауруы жамаааан.
Құлақ ауруына жаңа босанған келіншектің сүтін тамызған дәру дейд.
Әйтпесе перепонкаға зақым келгенде түк істемеу керек, тем более бірдеме тамызуға болмайды. Қазір қалай сонда, ол бір тесілгесін қайта орнына келмейтін дүние мекен??
Осыдан 3 жыл бұрын ваннадан шықтым да құлағымды тазалап, ініммен сөйлесіп жатқам, бір кезде тазалағыш туралы ұмытып кеткем со беті, бұрыла бергенде көзіме жәй түскендей болды. Мәә сосын құлағым ауырғаны ай, содан кетонал, кетонав бәрін ішіп таңертеңге дейін шыдап, лорға бардым, сүйтсе перепонкаға зақым келген екен, Лор құлағымды мақтамен бітеп қойды да, дым істеме, ауырса дәрі іш, шыда жарасы жазылып кетсін деді. Бір аптадан кейін барып едім, нормально деді.
Болмаса, жылда Алматыға Санкт-Петербургттің ЛОР ғылыми институтынан бір айға дәрігерлер келеді, сонда жасатуға болады. Бұл енді қымбаттау.
Болмаса, Санкт-Петербургте ЛОР ғылыми институты бар, сонда жасатуға болады. Бұл енді өте қымбат, өз азаматтарына тегін жасауы мүмкін, бірақ біздерге екі еседен келеді бағасы. Бір жылдары төрт мың доллар болған, ол кезде курсы да жоғары еді.
Есте мынаны ұстаған жөн, алты айға дейін дәрігер қарауында болу керек операциядан кейін. Операцияға жату үшін ЛОР дәрігерден жолдама алу керек. Өздігінен жолдама бермейтінін ескерсек, өзіміз сұрауымыз керекпіз
Суға қатты түскің келсе, майлы мақтадан тығын жасап, болмаса дайын тығын сатып алып еркін жүзе беруге болады дейді дәрігерлер