Қолдауы барлардың қабілеттері жоқ па?

ҚазНетте қазақтілді сайттарға көрсетілетін қолдау жоқ деген тіркестің жоққа шығып келе жатқаны қуантады. Қолдау көп болмаса да, жыл өткен сайын қазақ тілді сайттар ашуға түрлі қаржылай қолдаулар жасалып жатыр. Ол қолдаулар түрлі гранттар, тендерлер немесе қорлар мен мекемелердің бөлетін қаржылай көмектері болып табылады. Сондай көмектің арқасында ашылған және қазір жұмыс жасап жатқан «Абай ақпарат» қазақ Интернет кеңістігін дамыту қоры" қарамағындағы Абай.кз, Маса.кз, Ойтөбе.кз, Қазмұнай.кз, «Мемлекеттік тілді қолдау Президенттік қоры» қолдау көрсеткен "ҚҰН" ЖШС-не тиесілі «Экономика-ҚҰН» сайтын, жекелеген Мінбер.кз, Замандас.кз, Балбұлақ.кз, Лит.кз, тағы осылай кете беретін бірнеше сайтты айтуға болады.

Аталған сайттардың қайсысына қаншалықты көлемде көмек көрсетілетіні жайлы нақты мағлұмат табу қиындау. Себебі бөлінген қаржы мен атқарылған жұмыстардың есебі көпшілікке жария етілмейді. Бірақ ауыз толтырып айтуға тұрарлықтан ондаған-жүзідеген миллион теңгелік қаржылай қолдаудың жоқ екенін білу қиын емес.

Қаржылай көмек алған сайттардың арасында жұмысы алған көмектерін ақтамайтын сайттар да бар. Ақша мен жасалған еңбектің ақталуын сайттың контенті мен көпшілікке пайдалы болуымен және күнделікті оқитын оқырмандарының санымен анықтауға болады. Бірақ бұл критерилер 100 пайыз кепілдік бермейді

Бірнеша аптадан бері "Экономика-ҚҰН" және "Қазақ мұнайы" сайттарын бақылап жүрмін. Сырт көз сыншы демей ме. Бұл екі сайттың ұқсастықтары айтайын:
  • екеуі де «Мемлекеттік тілді қолдау Президенттік қорының» қолдауына ие болды;
  • екеуі де заңды тұлғаларға тиесілі ("ҚҰН" ЖШС пен «Абай-ақпарат» қоры);
  • екеуі де негізгі контенттерін басқа сайттардан көшіріп алады, яғни белгілі бір тақырыптық жаңалықтаға арналған жаңалықтар агрегаторлары;

Қарама қалың етіп көрсетілген қатарға мән берсек. Бұл сайттарда бірыңғай контенттің басымдыққа ие болмауына, меніңше, мынадай себептер бар:
бөлінген қаржы контент жасайтын жекелеген қызметкерлерге (редактор, автор, фрилансер) тиісті мөлшерінде жетпейді. Есесіне, қаржының құлағын ұстаған басшысымақтар мен ұйымдастырушы топтың қоржындары тиісті деңгейде толып жатқан болуы да ғажап емес. Соңында сайтта қолдауға, дамытуға бөлінген қаржының бір бөлігі ғана сайттың негізін құрайтындарға қалады. Болмашы жалақы немесе қаламақы үшін зияткерлік қабілеті бар журналистер мен сол типтегі адамдар аталған сайттарда жұмыс жасауға келіспейді;

қаржы бар, бірақ сол қаржыға лайықты қызметкерлер алып, істі ары қарай дөңгелетіп алып кететін команда немесе басшылық жоқ. Бар басшылықтың ескілікке салынып, Интернетті колхозды басқару әдісі арқылы дамытуды көздейді. Басқаша айтсам, жауапты адамдардың мұрындарына Интернеттің табиғи ауасы бармайды;

Қорытынды
Қазір ақша бар делік. Ал ол ақша болмай тұрып өз еріктерімен Қаза Интернетін дамытып жүрген блогылар мен Интернет-журналистер еңбек етіп жүрді, қазір де етіп жүр. Ақша мен жазатын адамдар бар болған бүгінгі күнде жаңағыдай сайттардың дұрыс дамымай жатуына сол сайттарды дамыту міндетін өз мойындарына алған адамдарды кінәлі демегенде, басқа кімдерді кінәлауға болады?
Жоғарыда жазғандарымды қортындылағанда айтар соңғы сөзім: сайттың жұмысын алға бастыратын құрал тек ақша емес. Ақша мен мақала жазуға, аударуға және өңдеуге қабілетті адамдар болғанда ғана сайттың жұмыс жақсы жүреді, дамиды.

P.S.
"Қазнетті дамытуға қаржылай мүмкіндігім жоқ" дегендер болса, қоғамдық қор ашып, жобаларын дамытуға өажетті қаржыны беретін қорлар мен ұйымдарға, мекемелер мен жекелеген компанияларға өтініш жасауларына болады. Үйде комптың алдына жіпсіз байланып отырып, қиялдай бергеннен Қазнетті дамыту туралы жоспарларыңызды іске асыра алмайсыз. Движение жасаңыз
Бөлісу:

4 пікір

Janasil
Ия! Әрекет жасау керек!!!
asaubota
былай ғо: бұл сайттардың иелері сіз, біз сияқты интернетті өлердей жақсы көріп, үлкен құлшыныспен жасап отырған жоқ бұл сайттарды. тіпті шын қолдау іздеген адам алдымен сайтын жасап алып, сосын ақшасы барларға көрсетер еді ғой, иә? осындай жақсы жобам бар еді, көмектесіңдер деп.

ал мына жерде қалай? қор ішіндегі біреу өз таныстарына айтады бір сайт жасатайын деп жатырмыз, ТОО, ИП бар ма деп. сосын сондай біреу табылады, миллиондаған ақша құйылады. сосын олар бір 100 мыңға фрилансер біреуді табады, сайтты сол жасап береді.

қай сайт екенін мына жерде жазбай-ақ қояйын, білетіндер біледі ғой. мен де осындай қазақ интернетінің "қамын" жеп, үкіметтен "қолдау" алғандардың біріне сайт жасап бергендердің бірімін.
Zako
Сіз қоғамдық қор құрып немесе қоры барлармен бірігіп жұмыс жасап көрдіңіз бе? Сайт жасаушы ретінде емес, жоба авторы ретінде.
asaubota
солай істеп ақшаны түгелімен өзім алғым келіп жүр. а то тиынға істеп бересің де өзіңді лох сезінесің.

айтпақшы тапсырыш беруші жақ, яғни қор тапсырыстың сапасына бас ауыртпайды. оларға ең бастысы орындалуы және материалды қайдан алса да үнемі жаңартылып тұруы. талап сол.

сосын тек сайт емес газет те бар  4 беттік, ішінде дым жоқ газет. кеше бір таныс журналист менің бір мақаламды осы газетке шығарайық деп сұрағасын келісімімді бердім және газет туралы ойымды айтып едім ғой, шабашка газет қой деп  ренжіп қалғандай болды, газет басшысымен фамилиялас еді өйткені