Еріккен ойлар: Біз қандаймыз (Саммитадан жеткен эстафета)

sammita бастаған эстафетаны ары қарай жалғастырайын.

Ұнайды: тыныштық, жақсы дос, аэропорт, көтеріңкі көңіл-күй, жақсылықты күту, Call of Duty: Modern Warfare 2, теміржол вокзалы, қызымның ұйқыдан оятқаны, нөсер жаңбыр, жұмыс, қарбалас, түнгі «шабашкі», темекі, Борис Акунин кітаптары, кино қарау, сенбі, тазы, саяхаттау, тау, табыс, кофе, сапалы фильмдер, Кейт Бланшетт, достармен кездесу, өзімнің ноутбугым, Әлияның асқан еті мен жасаған бутербродтары, Түргеннің ауасы, футболдан Франция құрама командасы, қылқан жапырақты орман, т.б.

Ұнамайды: белгісіздік, мәдениеттен жұрдайлар, күмән-күдік, кішкентай иттер, қақпашымен бірге-бір шығып соға алмай қалу, ұйқының қанбауы, ихтиандр, тротуарға түкіру, өркөкіректік, бюрократтық, вакуумдық емес қарапайым құлақтықтар, жексенбі, аквариум автобустар (терезелері ашылмайтын), Cryzis, әсіреидеологтар, т.б.

Эстафетаның таяғын Aikona ға лақтырдым.
Бөлісу:

37 пікір

sammita
таяғееем қайда ойбай?
AKY
Осымен эстафета аяқталД
sammita
ең бастысы біз бір-бірімізді нағылдық, ұғыстық қалғандарың не важно))
AKY
Ерікпей жұмыстарыңды істеңдер енД.
Шифровальщиктер нақ, коддавинчисссс
sammita
кезексіз өтем деп дәметпе, сейсенбі-сәтсіз күн
qisyq
Әкеш бетті
patick
барыңдарш интим бөлмеде сөйлесіңдер
sammita
сен одан да шығып Қожекеңді іздеп келш
sammita
мен ет асып, бутерброд жасай алам Қисық
qisyq
Енді кеш. Мен саған жоқпын. Ұмыт.
qisyq
Қожекең жетем дегенше қай заман, нақ, таяқты Айконға әдемілеп бердім.
satibaldi
қақпашымен бірге-бір шығып соға алмай қалу
Лібә, ызадан тасымды жұлып алам мен де кейде білдіртпей.
asaubota
білә оңай дейсіңдер ме, мен талай рет сала алмай қалғам. пас шығарған және басқа командаластарым жынданатын, ал былай өзім пәлендей жынданбайтынмын.
Gastarbaiter
Шешес, мен бұған қатыспай-ақ қояйын.
Екі бетке сидыра қоюым екі талай.
sammita
 қайда барасың, жазасың.
Жәй отырмай психологиялық портретімізді сыза отыр)
Zilola
сенiн мыжыыып жазгандарын унайды, так что жаз
Aizhantabyn
)) үш төрт бет болсын, Гаста… күн суып келе жатыр, көрпе қып жамыслсам да, керегіме жаратармын)
Zilola
ихтиандр? неменеге?
qisyq
Ол… сондай… термин.
AKY
Көп ішіп қойып, құсу
qisyq
А, ондай мағынасы да бар ма? Білмейді екем.
sammita
русалкалар ұнай ма
аквариум автобустар (терезелері ашылмайтын)
маған да ұнамайды терезесі буланып үффф, сосын гармошкалар.
qisyq
Оны нен сұрадың? смотря қандай русалка. «Кариб теңізінің қарақшыларының» соңғы бөліміндегідей русалкалар болса…
VKM
жақсылықты күту
күшті! Үнемі позитив күтіп жүрген)
qisyq
Әйтеуір, күте-күте күтешек болдық дегеннің кері келмесе болды.
sammita
қазір ВКМ сұрайды «күтешек» деген не деп
Жақсылықты бәріміз күтеміз-ау, әрекетсіз берекет жоқ деген.
VKM
Түсіндім мен)))
VKM
Ниет болса…
qisyq
… дастархан табылады" деді де VKM қолындағы стақанды қағып салды. Жалдамалылар әскерінің осы бір қатал да қамқор басшысына Саммита ханым мейіріммен қарады.
Король билігіне қарсы сыраханада басталған көтерілістің аяғы бүгін, міне, азаматтық соғысқа айналды. Шаруа, диқан, малшылардың қосыны ел астанасының сыртындағы орман шетіне тігілді(тура мағынасында). Қорған әскері қорғанысқа дайындалып әлек.
Адам санының аздығынан қауіптенген Король жалдамалы әскерді шақыртқан-ды. Ең бірінші болып жеткен аты да, заты да беймәлім һәм біртүрлі VKM қолбасшының жауынгерлері болды.

Афффтор Гюго, Саммита ханым романына үзінді, IX тарау, 65-бет.
asaubota
Керекинфоны жақсы көруімнің бір себебі де осындай қыршай, сыболыштардың болуы
VKM
Қисық, браво!!! Ұнады!
стақанды қағып салды
өлдім күлкіден)))
AKY
Сен де келмей кеттің, ептібайымайт.