Баскетболшы Әлжан Жармұхамедовті нешінші минутта көрсетеді?



Танымал баскетболшы екенін естігенім бар. Спортсүйер қауымға қызықты болар деп бөлісіп отырмын. Мүмкін біреулеріңіз бұрын да естіген боларсыздар. Өз басым шетел ақпараттарынан бүгін оқып отырмын.

The Kazakh Academy of Sports and Tourism yesterday announced that a revamped national basketball academy would be headed up by Zharmukhamedov. Working from a seven-year plan, the retired USSR player has shown his dedication to the project by moving from his long-time Moscow home for Almaty. It must be noted that the medalist has some way to go in creating a viable program, as Team Kazakhstan couldn’t even manage to squeak into the recent FIBA Asia Olympic qualifying tournament.

Шикі аудармасы: «Азия ойындарында да оңдырып нәтиже көрсете алмаған құраманы енді Жармұхамедов жаттықтыратын болды»

Шетелдік ақпаратты жариялаған сайтта сонымен қатар 1978 жылғы СССР мен Югославия арасындағы әлемдік баскетбол чемпионатының ақтық ойынын іліп қойыпты. Арасында Әлжан Жармұхамедовты көрсететін болар деп бастап көріп едім, ұзақтығы бір сағат болған соң кейінге қалдырып отырмын (видеоны тапжылмай көргендер болса, біздің баскетболшыны нешінші минутта көрсететін айта салыңдаршы. Әйтеуір ішінде бар екенін біле жүрейін).
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
мынау әйгілі 3 секунд



p.s Жармұхамедов қазақтан шыққан алғашқы Олимпиада чемпионы екен ғой.
urimtal
керемет ойын болған екен-ау… Рахмет, Аршат!
konvict
Мықты, спорт осындаймен қызық қой
Zhan
Бұрынғы бастығым Талғат Батырхан деген журналистен естігем алғаш. Шымкентке бара жатқанымды естіп, «Сендерде „Евразия“ деген газетке Әлжан Жарм. туралы шығыпты, сол газетті әкеп бер» деп тапсырған. Сосын газеттің редакциясына барып екі данасын әкеп бергенім бар. кейін «Нұр Астана» газеті де жазды бұл туралы. Талғат ағай ұмытпасам «Айқынға» жазды.
urimtal
қазіргі жастар арасында баскетболдан осылайша дараланып шыққандар бар ма екен? Футбол, велоспортқа (күрес, боксты айтпағанда) баса мән беріп жатқан сияқты. Айтпақшы, былтыр қытайларды жеңген регбиші қыздар биыл ұтылып қалды. Есеп 31-12 болыпты. Регбиге қызықпаймын. Ұтылып қалғанымызды айтамын да…
asaubota
баскетбол да көтерілетін сияқты. биыл Астананың командасы 10 елден 22 команда қатысатын ВТЛ Единая Лигада ойнайды. өте маңызды лига бұл, бұған қабылдануымыздың өзі керемет жетістік. биыл хоккеймен қатар баскет матчтарына да баратын шығармын.
urimtal
жараған екен. Ойынды назарда ұстау керек екен. Рахмет!
Zhan
Сіз жеңіліп қалды деп ренжіп жүрсіз. Ал мен регбиші қыздардың барын білмейді де екем
urimtal
Былтыр Қытайды жеңген кезде біраз шулап едік қой
Zhan
Білмейді екем. Онда мен ол кезде точна ұйықтап жатқам ғой