Той десе, тормозымыз жоқ)))
десем, қалай? Өзімізше ұялғандай болып, жымың-жымың етеміз, ә?! Енді ше?! Бізде тойсыз күн жоқ. Аптаның 7 күнінде де дүркіретіп той жасай береміз, миллион ақшаны қайдан табамыз деген ой жоқ. Өйткені қарыз шешіп, кредит аламыз, мал сатамыз…опшым табамыз. Мысқыл деп қабылдап қабылмаңыз. Ондай ниетім жоқ. Бірге оқыған топтасымыз, яғни группаласымыз Жезқазғанда тұрмысқа шығып, арқа-жарқа болдық. Қу қыз “әні кетем, міне кетем” деп зарықтырып жүріп, әйтеуір кетіп тынды ғой. Байлам тағып, ауызын жапты))). Аптаның 7 күнінде де думан дегенім осыдан шығады. Үйлену тойын жігіттің ата-анасы дүйсенбіге белгілепті. “Неге?” деп әуелгіде өре түре келген едік. Жоқ, жұмыс күніне қарамастан, той жап-жақсы, жинақы өтті.Шетелдің бір-бір дөкей мәшинелеріне тиеліп алып, мысты өңірді біраз уақыт аралап шықтық.
Мектепте оқып жүрген кезімде каникул бола қалса, шабаданымды жинап, Жезқазғанға кетем деп қиғылық салатынмын. Ол кезде біз жас болдық па әлде қала жас болып көрінді ме, әйтеуір керемет бір шаһарға келгендей қуанатынмын. Осы жолы барып, біртүрлі көңілім қалды. Қала бірте-бірте шөгіп, мүжіліп, сиқы қашып бара жатқанға ұқсайды. Бір барған жерімізге екі бардық (баратын басқа жер жоқ). Әкімиятының алды да оңып тұрған жоқ. Әуежайы да ескірген. Кеңгір су сақтау қоймасына бардық, маңайы құм-топырақ, қалай болса солай…Асфальт төселмеген жолмен шаңдатып, олай жүйткідік, былай жүйткідік, әйтеуір тойға да келдік. Халал той. (шынымен де халал ма, халал емес пе бір Аллаға аян). Қылқамойындар зым-зия. Қонақтар еріксіз, ерікті түрде қымыз ішті. Маған таңсық көрінгені – әруаққа кілем сыйлау болды. Қарағанды аймағында ондайдың барлы-жоғын білмеппін. Сосын қалың малың “Ата күші, ана сүті” деп ақщалай берді. Асабаның еті тірі екен, екі жасқа деген тілектер сағызша созылмай, қысқа әрі нұсқа нақты айтылды. Содан не керек…бидің де, әннің де “нормасын” орындап, терлесек, сыртқа атып шығып, тоңсақ, ішке кіріп билеп, шырт-шырт фотоға түсіп, жақсы тілектер тілеп, үш қыз (мен, өзім, жалғыз…ойбай..! мен, Айсұлу, Назерке) ет қызуымен Балхашқа бір-ақ тарттық. Онда да той. (сорри…фотосын орналастырайын десем, форматы келмей қалды). Балхаш Жезқазғанға қарағанда көрнекті жерлері бар (Ағыбай батыр ескерткіші, Мәдениет үйі, көл. т.б.), ауасына түтін жайылып кеткен демесең, жинақы, ағаштары көп қала екен. мұнда қыз ұзатуға бірінші рет қатысып (қатысып болғанда, жанындағы құрбысы болып), қызбен қоса мен де жыладым))). Қайдан…сай-сүйегіңді сырқырататын ән арнап, ел-жұртпен қоштастырып жатса. Мұнда таң қалғаным – қызын берген жақ, яғни құрбымның ата-аналары барлық пішинә атаулыны күн демей, түн демей қолдан пісірді. Өзім де қатысып, біраз шеберлік сыныптан өтіп келдім. Сөйтсем, көп нәрсені білмейді екенмін. Сөздің қысқасы, мұнда да ән, би, өлең, анекдот, ойын…думандатып жүріп, он күннің қалай өткенін білмей қалыппын. Ұйқы қанбаған. Блогка көп уақыт кірмей кеткенімнің себебі – осы қу той)))
P.S. Енді осы қызумен Алматыға барып келсек пе дееееп бір ойым…

Ал негізі той деген қазынағой, Алла тағала қазақты тойдан кенде қылмассын жамағат!
Оралуыңмен(Жезқазғаннан, Балқаштан жалпы, осы сайтқа)!
Әруағы міне келіп тұр.
Ақ сәлемін келіннің
Ақ жүрегі елжіреп
Сабырменен күтіп тұр — деген кезде, келін жан-жағына қарап, күйеуіне «Кабиболла ана ата ма?» деп сыбырлап сұрапты дейді, Комсомол халқының аңызы…
ашып айтсаң.