Бірі де есімде қалмады...

Бір аяғымды болып, екінші аяғымды жуа бергенім сол еді, телевизордан:
— Режиссері — Миң Хың Мың — деген сияқты дыбыс шықты.
Экзотикалық есім иесінен тәуір кино ғана күтуге болатынын білетін мен табанымды жуып болғанымша асықтым, амал не, болам дегенше телевизор: «Пең Мең Сең», «Тең Пең Кең», «Сен Ше Шеңң» деген сияқты есімдерді айтып болды да, киноны бастап кетті.
Жақсы кино екен. Тарихи мағлұмат толған. Киноның аяғында оның аты "Қайсар ханшайым" екенін білдім. Тәуір-ақ. Тек қиыны… адам есімдері есімде қалмайд((( Қаптаған Ё Кың Мың, Рың Жоң Боңдар. Кешегі сериясында кімге жақтасып отырғанымды ұмытып қалатын болыппын(((
Лібә, осы жұрт қаптаған дорамаларды милары шірімей қалай қарайды екен нақтың??? monti тіпті біреулердің атын атап қоятынын қайтерсің…
Бөлісу:

55 пікір

VKM
Сіздікі, сатыпалды, жәй кәрілік)))
asaubota
мен де бала кезімде Әуезов деген кісінің бір ақын туралы кітабын оқып бастағам, жұрт оқымасаң ұят болады дегесін. обшым неше түрлі адам аттары және ру аттары онсыз да әдеби сөздердің мағынасын шешуге күш жұмсап отырған миыма одан сайын күш болып кетті де, ортасына жетпей тоқтадым. кейін сұрағандарға «иә оқыдым» деп жауап беріп жүрдім. 16 жасыма дейін қорқып жүрдім, біреу ішіндегі оқиғаларды, адамдарды сұрап қала ма деп. сұраған жоқ ешкім.
VKM
мен де аннотациясын оқи салдым.Сіздер шатассаңыздар, мене ваще сұрау жоқ. Негізгі оқиғаларды оқыдым:Қодардың өлімі, Тоғжан мен Абайдың махаббаты, Айгерім)
dark_nazgul
менің бір құрбым «Абай жолын» оқыдым… «тырқ» деген жеріне дейін" дейтін.
satibaldi
1 100 бірдеңе кейіпкер очм
AKY
Көп нәрсе есімде, әсіресе Бүжәйдің асы ерекше есімде қапТ.
dark_nazgul
лібә… сендер бір романды оқығанға сонша таусылып отырсыңдар, ол рома н бойынша өлген монографияларды оқысаңдар нелерің қалар еді?
madlen
орысшасы түсінікті s
Daniar-Alan
 бір жерден оқығам
AKY
Ооо, қайсар ханша Әлгі Ким Чи Ян сатқын болғалы, ханшайымның жағдайы мәз емес. Халық алдында қарабет болды, Хуан Жуға кетем дейді. Сонда да, Кан Кам Чан қолбасшыға өз идеясын соңғы рет пихайттамақшы.
Билік басына Уан Сун бекзада келетін болды. Оған Кам Жо қолбасшы қарсы болып жүр чет.
Анау Саилла деген До Ки Онның баласымен суға батып кетті. Докион Кми Чи Янның баласын иемденіп алд.
Қорен елінің Әз-Анасы әл үстінде.
satibaldi
Шешесс…
AKY
Кешегі сериясында кімге жақтасып отырғанымды ұмытып қалатын болыппын(((
Коре еліне жақтасып жүрген шығарсыз, Қайсар Ханша, яғни, Чон Чу ханым сол елден ғо.
satibaldi
Солай сияқты әнасс…
AKY
Билікке Уан Сун бекзаданың келгені дұрыс деп ойлаймын, ғибадатханада өскен, адамгершілігі, әділдігі бар шығар. Анау қайсар ханшаның пяншік баласынан (атын ұмытып қалдым) түк шықпайды.
blackbeard
Әлгі құлды іздеп жүргендер не болды???
AKY
О гім тағы? Былай, үзіп-үзіп қарайтын едім, ондайы есімде жоқ екен
satvaldo
үзіп-үзіп қарағандағы қысқаша мәліметіңіз анау болса, мәшқараааа…
AKY
Сол кездегі әйелдердің мықтылығына таң қалам.
satibaldi
Қоя ғой енді нақ.
AKY
Сенен сұрамайм.
satibaldi
Онда жалғастыра бер: жарты көзім сенде.
Esmeralda
"Қайсар ханшайым" сериалы «Жумонгқа» қарағанда онша емес.
Жалпы тарихи сериалдарынан гөрі корейдің романтикалық сериалдарын жақсы көрем))
VKM
Мен сериал көрмеймін. «Отчаянные домохозяйки» мен «Секс в большом городе»-бар көргенім)
satibaldi
Секс в большом городе
Иятсыз сіңлішка.
VKM
туй, енді,қызықты сериалдар ғой)Менің жасымда 2 баласы бар қыздар бар. Ал маған кино көруге болатын шығар)
satibaldi
Бруней сұлтаны Хассанал Болкиахтың маған құрдас болатын бөлесінде 18 қатыннан тұратын гаремі бар, алайда бұл жәйт маған притон ұстауға ешқандай құқық бермей тұрғаны.
meirzhan
күшті сериалдар екен
omarbirat
Брюс Ли, Джеки Чан деген сияқты европаланған аттарды ғана есте жақсы сақтап қалған екенбіз. Киноға қатысы бар кәрістерден тек Ким Ки Дукты ғана білеміз. онда да атын ғана
meirzhan
Чоу Юн Фат деген де есте қалу керек.
Erkekyz
Мен де сол әншейін түрлерін танитыным болмаса, аттарын білмейді екенмін. Бұған қарағанда маған "Ұлы Ханша Сондок" ұнап еді.
boztorgai
осылардың желісінен кем түспейтін дүниелер өзімізде де жетерлік
отандық режиссураның ақсап тұрғаны әттеңсс
mampasi
осы сериалдың ең соңғы сериясында осы ханша 150 жыл ғибадатханадан келген бала тож 130 жыл ма 150 жыл өмір сүрді дейді, қанша рет жарақат алған адам сонша жыл қалай өмір сүрген?
Zilola
«Пең Мең Сең», «Тең Пең Кең», «Сен Ше Шеңң»
Аспан иелерi ))))))))))))))))))))))
monti
осы сериалды мен отпуска кезде көріп едім, Қазақстан арнасы жақс корей тарихи сериалдар беред, тек уақыты ыңғайсыз(((. Осы сериалды толық сатып ап көрмесем  былай сұмдық енд, тек бірнеше сериалдан/ақ өзіне ұнатқан. Анау ханшайымды аяп солқылдап жылайсың енд((( сат сіз айтпақч, кейде 2 жаққада болсып кетесің, жақтасып)))) тұнған пәлсапа!!!
ал былайға маған әзілді/розвый романтикалық сериалдар ұнайд)))
ел Жумоңгты мақтайд бірде бір көрмептім(, ажь соны орындаған актерде кеп кетті ғо біздің елге
Ким Хен Джунді шақырса келесіде біздің КЗлықтар ага))) онда менің жүрегім тоқтап қалатын шығар))))
rauka
«Пең Мең Сең», «Тең Пең Кең», «Сен Ше Шеңң»… оййй ішегім қатқанын айййй. Осы "Қайсар ханшайым" деген фильмді менде отпускеде кездейсоқ көріп қалып, өзімді ішінен шығара алмай әлек болғаным бар. Кейін жумыска шыққан соң, қойып кеттім. Негізі… жақсы фильм екен. Әттең бізде де қазақ елінің тарихын осылай түсіре алатын режиссерлер болса ғой. Осы ойымды ресейдің «Игра» деген фильмін сүйіп көретін танысыма айтқанымда, "қазақ киносы менсіз тұралап жатыр ғой" деп тырқ тырқ күлгені бар…
sammita
«Игра»да соңына қарай жалығасың. Басында тәуір көріп жүргем, күніне 5-6 сериясын. Бүгін «Гламур»-ды (Столица греха) бастаймын.
Meru
Хе хе, осы кісінің жазғанын оқып мәз боп, рахаттанып қаламын
Abilakim
көп сериялы осындай корей сериалдарын түрік сериалдарымен ауыстырып қойса ғой.Уақыттарын. көруге болар еді сонда. «Битва у красной скалы» деген фильм ұнап еді кезінде
sammita
Корей-түрік сериалын қарамаймын. Теріскей: "Әпкее, «Невеста из Вуадиля»ні көріп пе едіңіз. Күштііі, көріңізші" дегесін қызығып көшіріп алсам черно-белый 1984 ж. шыққан фильм екен, ақыры көрмедім соны
dark_nazgul
күшті кино ғой.
маған өзбектердің сол киносы, сосын «Абдуллоджон» дегені ұнайды. «Темірқатын» деген фильмді таппай жүрмін. Өзбекстаннан алғызып көрмесем…
neoman
Сен де сериал көресің бе, Сатыбалды
Gastarbaiter
Сериал қажет емес.
Gastarbaiter
өмірімдегі ең қысқа пікір шығар, Кендебайыңдысс))
Tyulpan
маған ана 7 каналдан бұдан 2 жылдай бұрын 4-5 рет қайталап болған, қазақша жақсы дубляжданған ХАНШАЙЫМ деген қытай сериалын тауып беруге көмектесіңіздеееееееерші, құдай үшіііііііііііііііін. тапсам ойланбастан сатып алатын едім. қытайша, орысша атын білмим Жу Жу ма еді сол ханшайымның аты.Шяу Ди ма еді музыканттың аты? блиииин Сатеке сияқты мен де есіме сақтамайды екенмін. тарихи жақсы кино.
плиииииииииииииииииииииз

неге ұнады ол кино білесіз ба? актерлар жақсы таңдалып алынған. әдемі қыздар ойнайды. патша сарайындағы алдау-арбау, подставалар, өлтірулер, махаббат… барабанның үстінде секіріп, шпагатқа отырып билейтін жері — енді өнердің өнері. жетіген сияқты аспапта ойнайды…

қытайлар күшті түсіреді киноны. сол кино керек маған. прям эстетикалық ләззат аласың енді…

қалай тапсам болады, а?
ken
Патшайым еді ғой.
Сыбызғышы, ойшыл, уәзір — Шиәу И
Tyulpan

бұл фильм бұрынғы фильмнен өзгеееееше: интригаға толы бұл кино баурап алмай қоймайды.


4 қыз естелікке түскен фото.
суреттегі ақ киген қыздың пластикасы жынды. барабандардың үстінде билеген де сол қыз.


Император 2-нші сүйікті әйелімен.


Жу Жу патшайым.


келіндердің бірі.


мына қызды ақыры жындандырып жіберді. нестрессоустойчивая, ақыры суицид жасады.


ғашықтар, бірақ адал жандар Шяу И уәзір мен Жу Жу патшайым.


императордың келіні: 2-нші әйелінен туған баланың әйелі.


осы әйел өзінің анасы сияқты, кіп-кішкентай кезінен көп қулық-сұмдық біледі.


уәзір Шяу И қайсысымен отыр?


император мен бәйбішесі. кино осы қыздың мемуары. жап-жағымды кейіпкер))


оххх, мына әйел ең арамы. императордың 2-нші әйелі.


мүләйімсіп, момақан бола қалуларын.

жаңағы биші қыз сіңлісіне қарағанда аңқаулау. екеуі енді өтірік құшақтасып отыр, ар жақтарында арам ой))

Тарихи драма. императордың сарайындағы боямасыз/бүкпесіз өмір. шығыстықтардың шеберлігі, сұңғылалығы, қулық-сұмдығы, айлакерлігі, құбылмалылығы. әр кездегідей күн астынан орын табуға деген жанталас...
киноның суреттерін таптым-ау. қайдан көруге болатынын таба алмай жатқански (
Adiletshu
Ұлы әмірші Куаң Ге Тодағы Малгаль тайпасының көсемінің қарындасын көрсем қылп ете қалады. Соның аты кім, білетіндерің бар ма?
mercedes
Қытайдың да әдемі қыздары бар екен ғо