34 пікір

Zhan
Aqua — мектепте оқып жүрген кезіңді еске алады екенсің. Жиенім Сандуғаш екеуміз осы клипті теледидардан көрсетіп жатса даусын қатты шығарып қоятынбыз, басқасына қарағанда.
asaubota
күшті өлең ғо. әлжуаз романтик кездерімізде осы ұнайтын, бәріне ұнайтын негізі
Tarazkyzy
86 болсам да, маған да таныс бұл әндер, а так-то:-)
asaubota
мен таныс емес демедім. арнаймын дедім
Tarazkyzy
Онда бізге де арнаңызшы:-)
Zhan
80-ші жылғыларға деп бір марқайтып қойдың ғой
asaubota
негізі жыным келед 80-дерге. просто өзім 81-мін, 79-дармен оқығасын 80-дерді де қоса салғаным ғой ортасына.
Zhan
«81, сені ұрған бес кемпір» деген прикол бар-тұғын біз жақта, балдар айтып жүретін.
asaubota
менде кейбір әндер бар жүрген қыздарыммен ассоцияцияланатын. Титаник, Донтспик, Бигбигворлд

Донтспикке ваще бітетінмін.
Zhan
неге 80-дерге жының келеді. Бірақ мектепте оқып жүрген кезде өзімізден төмен 81-ші жылғы қыздарға менде терпеть ете алмайтынмын.
asaubota
өз өзіңе жауап беріп тұрсың ғой
omarbirat
Сөз жоқ. Жынды өлеңдер.
bazuka
Осындағы барлық 79,80,81-лерге арналады!
82лерге ше?))
asaubota
обшым 79,80,81 және Керектің ең керемет қыздарына арналады!
bazuka
наталидің әндері ұнайды
John
Эйфель 65, Джордж Майкл, Спайс Герлз, Ля Буш, «Айшаны» айтатын Халедтер қайда?
asaubota
олар мынадан сәл ертерек шыққандар ғо
Tarazkyzy
Біраз болды осы тақырыпта бірдеңе шимайласам ба деп жүргеніме, эх, қандай жылдамсыз, әлде біреудің ойын оқу қабілетіңіз бар ма?
Erkekyz
Aqua мен Emiliaның әндерін естіппін. Emilisның Big worldды әлі күнге дейін менің ең сүйікті әндерімнің бірі.
Arhun
қайран өткен шақ! Рахмет, клипіңе, Асеке!
asaubota
мана Joan osborne-ның One of us-ын тыңдайыншы деп Ютубты ашып қалсам, мыналар соның жанында тізіліп тұр екен, ала қойдым бәрін
satibaldi
Ау, DJ Bobo қайда, Dr. Alban қайда, 2 Unlimited қайда, Fives қайда, қайда???
dark_nazgul
Донтспик қана ұнайды мына тізімнен, сосын Барбигерл по приколу еді.
Sebastian
сіздер ол кезде Құдайберген Бекіш, Дәрібаевтар отбасы, Өктем Алтаевтармен өскен шығарсыңдар? біз строго зарубежкі тыңдайтын едік
Anar70
70 тегілерге арналған жоқ па))))
AKY
70 тегілерге
сізді сонша кәрі деп ойламаппын
Anar70
қап, мына қызды ма менің жасыма кел қарғам)
Sebastian
магнитофоныңыз істеп тұрса Си Си Кетчтің касетін беріп жіберейін
Anar70
рахмет айдалайыыын. Сол магың құрығыры кассетаны шайнап тастайды, ремонтқа бергем)))
aikarakoz
Бақтияр Тайлақбаев пен Гүлмира Ақүрпековалардың әнімен өскен қызбын  Сол кезде хит еді ғой
Gastarbaiter
Дәл жоғарыдағылай әндерді тыңдай алмайтын ауруға ұшырадым. Және бұл жай понт сөздер емес, шынымен, әзер шыдаймын дискоға да, Бони М-ға да, Сисикетч құсық, гейлер тыңдайтын өлең сияқты қазір маған.