"WikiBilim" - біз туралы барлығы :)
Сәлем, достар!
Бүгіннен бастап «WikiBilim» блогерлер қатарына қосылуға бел буып отыр. Сөкпей қарсы алатын шығарсыңдар! Осы блогтағы жазбалар арқылы біздің қордың жағымды-жағымсыз жаңалықтарынан хабардар болып отырасыңдар. Бізге әр адамның пікірі маңызды, сондықтан өз ойларыңмен, ұсыныстарыңмен бөлісулеріңді күтеміз. Сонымен, таныса отырайық…
Біз кімбіз?
«WikiBilim» қоғамдық қоры — интернеттегі қазақ тіліндегі мазмұнды (контентті) дамытуды көздейтін коммерциялық емес ұйым. Біздің барлық дабыралы әрекеттеріміз бен шулы шараларымыз бір ғана ортақ мақсатқа бағытталған – қазақ тілді контентті интернет кеңістігінде дамыту.
Біздің мақсат:
— мемлекеттік тіл, білім беру, мәдениет және инновациялық технологияларды дамытудағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету;
— ақпараттық технологияларды дамыту;
— ағартушылық бағдарламаларды ұйымдастыру;
— әлеуметтік маңызы бар және басқа жобаларды жүзеге асыруға гранттар бөлу;
— инфокоммуникациялық жүйені дамыту және модернизациялау;
— қазақ тілді контент пен интернет жүйесінің қазақстандық бөлігін дамыту;
— білім беру саласында инфокоммуникацияларды дамыту;
— конкурстар, премиялар, мәдени және спорттық шараларды, мәдени және әлеуметтік шараларды ұйымдастыру;
— заңнамалық актілерді жетілдіруге қолдау көрсету.
Иа, ақылды сөздер мен мағынасы күмәнді тіркестер көп. Бірақ, алға қойған мақсатымыз – мызғымас. Сондықтан, біз ақылды сөздердің артына тығылмастан, шынайы әрекетіміз арқылы ортақ мақсатымызға жету жолын таңдадық.
Біздің жетістік:
Бәрі де «Википедиа» туралы білетін шығар. «Википедия» – әлемдегі ең танымал он интернет брендтің қатарында тұрған жалғыз қоғамдық үлгідегі веб-сайт. Бұл ғаламтордың әлеуметтік қуатын айғақтаған алғашқы интеллектуалдық және коммерциялық емес жоба.
Ал біздің қор «Wikimedia Foundation Inc.» (АҚШ) ұйымымен келісе отырып,«Википедия»(Wikipedia) ашық энциклопедиясының қазақша тарауын дамытуды қолға алды. Мақтанғанымыз емес, бірақ біз кіріскен 4 айдың ішінде «Қазақша Википедиада» мақалалар саны 7 мыңнан 78 мыңға көбейді. Ал, біздің амбициялық мақсатымыз — Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына мақалалар санын 200 мыңға жеткізу. Бұл да тек бастамасы ғана!
Айтпақшы, біздің қордың жобаны Қазақстан аумағында тарату үшін «Wikipedia» және «Wikimedia» сауда белгілерін қолдануға ресми рұқсаты бар. «Wikibilim» қорын «Wikimedia Foundation Inc.» қорының Қазақстандағы ресми өкілі (Local chapter) ретінде тану мәселесі де келісілуде. «Wikimedia Foundation Inc.» (АҚШ) қоры Википедия энциклопедиясының авторы және иесі болып табылады.
Сөйтіп...
Біз туралы негізгі ақпарат осындай. Ой бөлісіп, пікірлеріңді білдіріп, ұсыныстарыңды айтып отырыңдар. Кері байланысқа әрқашан қуана қараймыз. Бізге әркімнің көзқарасы маңызды. Алдағы жазбаларда қордың ұйымдастырған байқаулары, жеткен жетістіктері мен жаңалықтарын бөлісіп отырамыз.

Бұтақ нағыз бұтақ болар қатайғанда,
Шыбықты қалай бұтақ дерсің майысқанда.
Біздің мақсатымыз — осы екі бағытты да дамыту. Біріншіден, белсенді википедиашылар қауымдастығын құрып, елімізде википедиа мәдениетін қалыптастыру болса. Нәтижесінде, елімізде бірнеше wikicamp өткізу. Екіншіден, арнайы техникалық роботтар жасақтау арқылы қазақ тілінің тілдік базасын да толықтыру. Бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Сіздің айтып отырған нәрселер, кездеседі, жоққа шығармаймыз. Сондай-ақ, әрбір қолданушы өзі кездестірген 3-4 сөйлемнен тұратын мақаланы өңдеуге де құқылы екенін айтқымыз келеді, жеткізгіміз келеді.
P.S. Қанша тиын істедіңдер?
200 000 межесі туралы уәдені Тәуелсіздікпен еш байланыстырмай-ақ жаздыгүні берген болатынсыңдар. Қазір ғана қандай мүмкін емес нәрсені мойынға алғандарыңа көздерің жетіп, бұт қалтырап барады, білем.
Тап сол уақытта юзерлерде әлдеқашан басқа пәлсапа қалыптасты. Ол — ағылшын тілін жетік меңгеріп, ағылшынтілді (US, British) және Британиканы пайдалану. Сөйтіп…
Айтпақшы, қанша тиын істедіңдер дейм? Неге мен трактор айдайм да, сен жақсы жұмыстасың? Әділетсіздік қой нақ: бөліс лібә!!!
Сосын, біздің коммерциялық емес ұйым екенімізді баса айтқымыз келеді.
Атын көшеге бергеннен арзанырақ түседі десе, сұраған тиыныңды беруі тиіс, по идее.