Генканы (Ғаниді) арақтан емдеу
Ғани еді негізі азан шақырған аты. Апымыз бір күні төрт құбыласы түгел орыс-қақолдан тұратын ауданға байға шығып кетті де… бір күні Ғани — Генка, ал иті Ақтөс — Кузька болып, қайтып келді. Епті, орысша сөйлейд! Ол қойня: ойын нағыз қызған шағында, Генка «обед!» деп кетіп қалатынды шығарды! Үш мезгіл тамақ, демалыста — демалу деген мәдени шараларды біз со Генка шырақтан көргенбіз.
Очм, Генка баяғы аудандағы достарына кетіп қалуды жиілетіп, бір күні ішуді шығарды. Епті, періштенің қанатын жұлып өзіме жапсырмай-ақ қояйын: біз де ұрттайтынбыз енді аздап. Алайда ішудің арты құлау, орысша балағаттау мен Led Zeppelin-ді мафоннан бақыртуға ұласатынын біз тек Генкадан көрдік. Біз де Генкаға еліктеген болдық: бірақ оригиналдың аты — оригинал: ішіп алып папайя жару тек соған жарасатын.
Очм, қасиетіңнен айналайын ақ арақ Генканы әбден меңдеді. Шешесі байғұс шырылдап, бармаған жері жоқ. Алдымен біздің мақанға келді. Біздің мақан жекеменшік айықтырғыштар желісінің иесінің кейпімен:
— Бала еркелеп жүр, есінен танытып сабайтын әке керек! — деп, жынД ақыл айтқан болды.
Генканың мақаны сосын Зүбәйраға барды. Зүбәйра үшкірт деді. Үшкіртті. Генка енді арақты тастамағаны былай тұрсын, оны эксперимент жасап ішуге көшті (жылытып ішу, қияр суына тұндырып ішу, қарбыз кеуегіне ұстаңқырап ішу, тары бөктіріп жеу; тіпті рецепттеріне ат қоятынын қайтерсің!).
Генканы әулиеге апарды. Лирикалық шегініс: әулие Зафар (жалғандағы аты-жөні — Ағыбай Сарбасов) атаның өзін, кезінде ахаңды ат қып мініп жүрген жерінен Ақ әулие түсіріп алған болатын. Ал Ақ әулиені өз кезегінде — Сары әулие, ал Сарыны… Очм, әулие Зафар асқан білгірікпен іске кірісіп… арақ оқып берді! Емнің бұл түрі қатты ұнаған Генка тіпті өзінің еміне ат салысуды шығарды! Тоқетері, Генканың мақаны Зафар атамызға да жоғалнақ деді.
Ем іздеген екеу ауданды аралаған сайын — орман аралағандай қызыққа батты: мың түрлі себеп пен мың түрлі ем түрлері. Сонымен, өзінің алқаш карьерасында Генка: әулие Доспанның басына түнеді, болмағасын — аяқ жағына да түнеді; Тәшкен-Түркістанға саяхаттап қайтты; очм түнелмеген кесене, сұралмаған баб, жатпаған керуерт пен ішілмеген тамақ қалмады.
Сөйтіп жүргенде, апымыздың бір орысқол інісі келді Сарышағаннан. Әскери екен: мән-жәйді ұққан соң, Генканы керзі етікпен маңдайға екі тепті де, тапаншасын өңменіне тақап:
— Сен сияқты малдарды беске білем! Осыдан мына шешең сені ішті десін, жергілікті военкоматты жібертіп, алдырам да, полкпен жабылып тептірем! — деді. Сөзі салмақты болуы үшін аспанға қарата екі рет атты.
Генка содан жым болды. Есесіне әулие Зафар ішіп кетті…

эхххх… қазақ интернетті де газет-журнал сияқты «галстукты» қылып алатын заман әлі келмесе екен. осындай әңгімелерден мақрұм қалып, Тамаша-Cамаша, Бірдеме шоуларға "әзіл" жазып беріп жүрген қайғы сатириктердің «шығармаларын» оқып кетерміз…
Міне, қазақ сатриасы
мәнін мүлде түсінбейсің ғой
Картоп, компоттар сәннен шыққан ба…