Даналық емес пе? (түзетілген нұсқасы)
Жабайы жерлерде, тропикалық аралдарда әйелдер жартылай немесе толықтай жалаңаш жүреді. Әйелдің кереметтеріне қызыққан еркек сол бойда таңдаған әйелінің қасына барып, құмарын қандыра алады. Ешқандай моральдық тиым жоқ – жынды қояндай бүкіл аралмен жыныстық қатынасқа түсіп шықсаң да мейлі.
Шариғатты ұстанатын елдерде мұндай жоқ. Әлдеқандай Казанова пайда бола қалған жағдайда да өмірі ұзақ болмайды – не қолын не жыныс мүшесін кесіп тастайды. Азғындық үшін емес жәй ғана некесіз секс үшін таспен атқылап өлтіріп тастаулары мүмкін. Әйелдер жабық киініп жүреді ол жақта. Басқа еркектер оның денесін, оның емшегін, оның артын көре алмайды. Ақылға сиымды: жыныстық қатынасқа түсуге болмайды, қызықтыратындай ешкім жалаңаш денесін көрсетіп жатқан жоқ.
Ал бізде жағдай моншадағы еврейлер туралы анекдоттағыдай. Моншада поп еврейлерге қарап: “жігіттер, сендер не мойындарыңдағы крестерді шешіп тастаңдар не труси киіп жүріңдер” депті.
Айналаға қарашы. Қалай жүргендерін қарашы. Емшектің домаланып тұрғаны соншалық, ұштары көрінеді. Жалаңаш іш – қалыпты жағдай болып кеткен, косметика – әмиян сияқты, онсыз көшеге шығуға болмайды. Джинсылардың тарлығы соншалық көтендерінің үсті көрініп тұрады. Ал бірақ мұндай сұлумен жатуға болмайды. Өйткені оның күйеуі бар, ал менің әйелім және төрт балам бар. Бір көңілдесім болса болар бірақ 10 көңілдеспен жүруге, асырауға адамның күші жетпейді.
Мен базардағы ит сияқтымын: айналада ет көп, бірақ жеуге болмайды.
Еркек те солай, көшеде әдемі қыз көрсе сондай реакция болады. Басың айналып қалады, бір соққы алғандай боласың. Бір жағынан өкінішті, бір жағынан сілекейің ағып барады – міне алдыңда тұр қыз, бірақ онымен жатуға болмайды. Дәлірек айтқанда біреуімен жатарсың, бірақ бәрімен жыныстық қатынасқа түсіп бітіре алмайсың.
Алаңдаймын деп автобусқа түйісіп қала жаздадым, ал біреулер түйісіп қалып жатады ғой. Азап қой бұл. Бұлай болмайды. Күнде таңертең бром ішсең де.
Әйелдер ше? Киімдеріне, беттеріне қанша күш жұмсайды? Бәрі босқа. Күйеуі келеді кешкісін жұмыстан, ал үйінде күндіз көрген 100 әйелдей әйел отыр. Әйелі немен таң қалдыруы керек? Лифчигін шеше ме? Күйеуі мұндай емшектің 100-ін көріп келді. Ал жарайды 101-ші емшекті де көрді. Таң қалмайды.
Әйелді күйеуінің көзқарасы да елең еткізбейді. Өйткені күні бойы емшегін 100 еркекке көрсетіп шықты. Тағы да бір еркек көрсе не болыпты? Ештеңе.
Шариғат елдерінде бұлай емес. Ол жақта әйел сен үшін шешінеді, тек қана жалғыз сен үшін. Басқа әйелдерді қабылдай алмайсың, тек қана өз әйелінен басқа. Оны ешкіммен салыстырмайсың да. Бұл деген мүлдем басқа сезімдер ғой! Қарның ашқан кезде алдыңда ыстық ас тұрғаны бір бөлек, ал сол астың алдында 10 котлет жеп келген кездегі сезім бір бөлек. Қарны тоқ адамда қайдағы тәбет болсын?!
Әйелдер ше? Егер жасы 50-де болса, 20 жастағы қызбен бәсекелес бола ала ма? Бола алмайды. Бірақ бәсеке болуы қажет: өйткені бәрі бет-ауыздарын түзеумен әлек. Сондықтан ол да киім таңдауы керек, косметика қолдануы керек, шаштаразға барып тұруы керек. Өйткені қалай болғанда да басқалардан қалмау керек. Қанша уақыт шығын бұл іске? Қанша күш? Қанша көз жасы?
Бұлардан басқа біздің нанымдарымыз да соққыға жығады әйелдерді. Сұлу болып барлық жері дұрыс әйел емес, сұлу болып еш бала тумаған, ұзын аяқты, тік емшекті қыз саналады ғой. Азғындар елінде тұрып жатқандаймыз.
Үш баласы, төрт баласы бар әйел не істейді? Бала туғаннан кейін ішу, темекі тартуға бастайды, семіріп кетпеу үшін. Осы себептен әйелдер бала да туғысы келмейді, қыз болып жүре бергілері келеді. Екіқабат кезінде алты ай ішпен жүреді де, содан кейін бір жыл бойы ескі джинсиына сиюға тырмысады. Сол джинсиына сиып кетуі факт емес, табиғатты бәрібір алдай алмайсың ғой.
Әйел үшін қартаю – ақырындап орындалып жатқан өлім жазасы сияқты. Уақыт өткен сайын, қызға ұқсауың азая береді. Ал басқалары қызға ұқсап бағуға тырысуда. Ойынды тастап кетсең – басқалармен салыстырғанда қорқынышты, кәрі, бапсыз болып көрінесің.
Шариғат заңы болғанда, еркектер көшеде ешқандай қиналыссыз жүре алар еді. Әйелдер де қиналмас еді, күйеулері олардың денелерін басқалармен салыстырмайтын білер еді. Түнде де басқаша құштарлық болар еді: өйткені олар тек бір бірі үшін жаратылған болар еді.
Көбісі шариғат әйелді күң қылып көрсетеді деп ойлайды. Жабайылар ойлап тапқан деп ойлайды.
Олай емес. Жабайылар – бізбіз. Біздің тұрмыстық салттарымыз әйелді күң қылған, денесін бізге көрсетуге мәжбүрлеп отырған. Ал шариғат заңы бойынша әйел бетін жаппаса да болады: шариғат бойынша әйел жыныстық қатынасқа түспейтін еркекті еліктірмейді, қызықтырмайды, қоздырмайды. Даналық емес пе?..
Поштама келген жазбаны өзімше аударған түрім. Дұрыс жеткізе алдым деп ойлаймын.
Бұл аударманы бұрын блогымда жариялаған едім. Аударма стилистикасын еш өзгертпестен дәл солайымен жеткіздім, бірақ наразылық көп болғасын алып тастағам. Сол нұсқаны да оқимын, маған бейәдеп сөздер ұнайды десеңіз мінеки сақталған сілтемесі: plus.google.com/101715005502495177592/posts/VThZiQNhP8y
мынау рас
арақ зауыттарын жауып, арақ сатуға тыйым салынып, ешкім арақ ішпесе.
темекі тартуға, сатуға тыйым салынып, ешкім темекі шекпесе.
ешкім пара алмайтын болса, парақорлық жойылса.
ешкім ұрлық жасамаса.
ешкім өтірікі сөйлемесе.
ешкім…
***
бір әулие шәкірттеріне былай сұрақ қойыпты: егер қолдарыңда билік болса нені жояр едің? — деп. сонда шәкірттері: «мен арақты жоям», «мен парақорлықты жоям», «мен мынаны жоям»,… — деп әр қайсысы әр нәрсені айтып шуласыпты. тек бір шәкірті үндемей отырыпты. ұстазы «сен неге үндемей отырсың, өзіңнің ойыңды айт» — дейд. сонда шәкірті «мен еш нәрсені жоймас едім. себебі құдайдың ісіне араласуға болмайды. құдай бұл жамандықтарды текке жаратқан жоқ,» — деген екен.
***
осыншама жамандықтардың (фитнаның) арасында жүріп дүниенің қызыл-жасылына алданбай, шайтанның азғыруына ермей, ойы мен жүрегін таза ұстай білген адам, еркек болсын, әйел болсын, құдайдың алдында үлкен дәрежеге ие болады. стадионда 40 км жүгірген спортсмен мықты ма, әлде тау-тастың арасымен 40 км жүгірген спортсмен мықты ма?
Өмірді жеңілдетіңдер деген сөздер (хадис )бар емес пе.
Үйленгендерге оңай шығар, бірақ жастар үшін, лично өз басым үшін қатты көңіл аударамын
www.youtube.com/watch?v=pskYd12tLPk&feature=related
Содан екі ағайындының бірі сол әулиелігін дамытам, білімімді тереңдетем деп тау-тастың арасына жалғыз өзі көшіп кетіп, бар уақыты мен ықыласын ілім-білім үйренуге, әулиелігін шыңдауға бағыттапты да, екіншісі сол өздерінің туған қаласында базарда етікші болып, аяқ-киім жөндеп, нәпақасын тауып жүр екен.
Күндердің күнінде әлгі ел-жұрттан бөлек кеткен ағайыны қалаға келіп, өзінің әулиелігін көрсетпек ниетпен, түбі жоқ екі шелекке су толтырып, әулиелігінің арқасында сол суды төкпей шашпай шелектің ішінде ұстатып, қаланы аралап келе жатса керек. Содан өзінің әулиелігін дамытқанын көрсетейін деп базарда етік жөндеп отырған ағайынына қарай беттеген екен. Сол кезде ағайынына келіп бір келіншек аяғындағы етігінің тақасын қақтырып тұрсекен және етікшінің жұмысына кедергі болмау үшін көйлегінің етегін тізесіне дейін түріп тұрғанға ұқсайды.
Сол кезде түбі жоқ шелекпен су алып келе жатқан туысқанының көзі әйелдің балтырына түсіп кеткен кезде екі шелектегі су да түбінен ағып кетсе керек. Осы жағдайды көріп отырған етікші туысқаны: «Тау-тастың арасында жүріп әулие болу оңай ғой» деп комментарий айтыпты.
осы бір жерде мұсылманның негізгі және ең ауыр джихады оның жүрегінде, яғни өз нәпсісімен күресу дегенді оқып едім. осыған қосылам.
сол ғо. қанша намаз оқып, діндар болса да қызға қарап қоятындар көп