«Аватар» кейіпкерлерінің прототипі – көшпелі түркілер



Америкалық режиссер Джеймс Кәмеронның «Аватар» фильміндегі на'ви аталатын Пандора ғаламшарының ойдан алынған тұрғындары Кіндік Азияның көшпелі түркілері көрінеді.

Қазақ этнографы Әліби Жамалкин адамзат тарихындағы ең кассалық фильм кейіпкерлеріне зер сала отырып, осындай қорытындыға келіп отыр. Ол ежелгі ғұндар Пандора гуманоидтары секілді бет ауыздарын әлеміштейтін болғандығын тілге тиек етеді.

Ежелгі замандарда түркілер беттерінің жоғарғы бөлігін қарамен, төменгі бөлігін қызылмен бояған. Кейінірек ғұндар Рим империясына жорық кезінде жүздерін көгала ете бояған.Римдіктер оларды, тіпті, пикттер (picti – сурет салу) атаған.

Ал Хакасияда табылған Таштық құлыптас бетперделері, ежелгі ғұндар мен «Аватар» фильміндегі гуманоидтардың дәл ме дәл ұқсастығын көрсетеді. «Дәл сондай ұзарта қиғаш бейнеленген әрі үлкен көздері мен ат жақты беттері аумайды», — дейді тарихшы.

Маманның айтуынша, тіпті, экраннан берілген на'ви тілінің өзі көшпелі түркі тайпаларының ежелгі диалектеріне барынша ұқсас көрінеді. «Олар бірі бірімен сәлемдесе отырып, бір біріне: «Мен сені көрем» дейді. Бұл далалықтардың — «мен сенi жақсы көремін» дегені емей немене?!»

«Ал, гуманодтар көсемінің есімі — Айтукан. Бұл қазақтың әдемі есімдерінің нағыз өзі: Айтуған!», — деп мәлім етті Әліби Жамалкин мырза. Қазақ этнотанушы, бұған қоса, на'вилердің қарулары көшпелі әскердің атрибуттарынан аумайтындығын келтіреді. Себебі, Джеймс Кәмерон фильміндегі персонаждар негізгі қару ретінде садақ ұстайды.

Жуырда Алматыға «Аватар» фильмінің басты рөлін ойнаған Сигурни Уивер келіп кетті. Ол ежелгі көшпелі түркілердің тарихи отанына «Евразия» кинофестивалі аясында сапарлап келген еді. Уивер жария-мәслихат барысында өзінің келесі рөлі Жер тағдырында маңызды орын аларлық кинотаспа болатынын мәлім етті.

Дерек көзі — Маса.кз
Бөлісу:

24 пікір

qisyq
Вот так, вот, қазақтар!
satibaldi
«Ал, гуманодтар көсемінің есімі — Айтукан. Бұл қазақтың әдемі есімдерінің нағыз өзі: Айтуған!»
e_zhalgas
ендеше, Дарт Вейдер — ҚАЗАҚ! (Айқайлап, әруақтана, ерекше екпінмен айтқаным ғой!)
e_zhalgas
фильм кейіпкерлеріне зер сала отырып, осындай қорытындыға келіп отыр
некоторые своей проницательностью поражают, млин
Qojeke
Дарт Вейдер қазақ емес. Ол қырғыз. атына қарамайсың ба. Датқа деп тұр
Nurgisa
Иә, «Аватар» Кэмеронның «визитная карточкасы» болып үлгергенімен келісерміз. Ал әр қыбырлаған-жыбырлағанның түп-тамыры қазақ даласынан бастау алды деуге құлшыну комплекстің бір көрінісі шығар. Әлемдегі алманың тұқымы Алатаудан алыныпты, Голландиядағы гүлдер қыпшақ даласынан апарылыпты, Шыңғыс хан негізі қазақ болған екен сынды сарындар сол…
Qojeke
Бұл ептібайымайтын қазақтар бүгінімен қашан мақтанады? Бүгінгі Боратты неге мақтан тұтпайды, екі фильм де қазаққа, оның арғы бұтағына қатысты екен?
Осындай құсықты жазатындарды жазаласа, Сатъ?
Gastarbaiter
Истину глаголят ваши пальцы!
Qojeke
«Дәл сондай ұзарта қиғаш бейнеленген әрі үлкен көздері мен ат жақты беттері аумайды», — дейді тарихшы.
тарихшының да тарихшысы болады, оттағаны болады, бұтақ жеген пандасы болады демей ме түркімен халқы.
asaubota
міне ол қалай, Михаилұлы!

енді мұны ағылшын тіліне аударып, американдардың Маша.кз сияқты сайттарына жіберу керек!
qisyq
Себебі, Джеймс Кәмерон фильміндегі персонаждар негізгі қару ретінде садақ ұстайды.
Мұндай 100 пайыздық тарихи дәлдік бар ма екен?
Gastarbaiter
Әліби Жамалкин
Тарих деген жезөкше қатынның бір қияли клиенті болды ғой бұл
Gastarbaiter
Себебі, Джеймс Кәмерон фильміндегі персонаждар негізгі қару ретінде садақ ұстайды.

Әліби Жамалкин — троль, дебістібеннег және самазбаніс екен.
Qojeke
Лібәдтәр айтады ертең «Сабақты патенттеп алайық нах» деп )
omarbirat
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Дж. Кэмерон. «Аватар» фильмі. 20th Century Fox. Лос-Анджелес, Калифорния штаты, АҚШ.

  
Janasil
Шынымен де ғұндардан алынған болса да бізге келіп кетер түк пайда жоқ!!! Шеш…
AKY
Әлгі аңды атып алып, сояр алдында «Сенде жазық жоқ, бізде азық жоқ» дегені де бізге келіңкірейтінін ұмыт қалдырыпты-ау тарихшы…
Daniar-Alan
несі бар екен… қазақ болса қазақ шығар…
Adiletshu
Мағанда солай көрінді. Түркілерден аумайды. Атқа мінеді, соғыста садақ пайдаланады, талмен сөйлеседі
Daniar-Alan
USB шнурланыр айтсай..
konvict
Лібәәә, мен Рафаеллоның тағы бір жазбасы ма десем. Сұранып-ақ тұр екен