Ұрылардың тыныс-тіршілігіне шолу жасадық па?

Мақаласы ұрланып, салы суға кеткен адамдарға ұқсап қалыптық. СОттан әлі хабар жоқ. Ол тұрмақ, сотқа қатысады деген сенімді өкілдердің де істері қарын аштырады. Біреуінен әлі күнге дейін хабар жоқ.

Астанадан Аршат бастап, «Инфо-ЦЕС» газеті қоштап, Шымкенттен мен сенген өкіл барып, Қызылордадан Гастарбайтер шығып, Алматыдан Зере шығып, «Жеті серікті» жыртып тастай ма деп ойлап едім. Бірақ әзірше бәрі тым-тырыс сияқты. «Томирис — Сақ қызы» блогының иесімен байланыста жүрген пенде бар ма?

Өткендегі ұры газеттердің соңғы сандарына шолу жасап, бақылап жүргендер бар ма?
Бөлісу:

3 пікір

Zako
Ұры газеттер ата кәсіптерін тоқтатпаса, келесі барғанда жергілікті әкімшіліктен рұқсат алып, бірнеше адамды жинап, қолға плакаттар ұстап, редакциясының алдына барсақ, БАҚ өкілдерін шақырсақ қалай болар екен?
satibaldi
Финиш. Seven Serik Wins.
Zako
Жеңісті ұстата салғаның қалай, дәруіш?