Кінәсіз КАЗКОМ

Қарағанды қаласындағы ірі сауда үйінің бірі «City MALL» да КАЗКОМ-ның мынандай бір жарнамасы ілініп тұр.
Сауда үйінің ішіндегі банк бөлімшесінің бастығы Васютина Ирина Михайловна бұған өзінің кінәлі емес екенін айтуда. Ол кісінің сөзіне қарасақ бұның бәрі жарнама компаниясының қателігі. Сенбі күні көрсеткен кемшілікті дұрыстай алмайтындықтарын, бұл жайлы дүйсенбі күні жиналыста айтатынын, содан кейін барып жарнама компаниясымен хабарласып жаңасын даярлап, соны ілмейінше ескі жарнамаларын ала алмайтындығын айтып өтті. Шрифт ауыстыру үстінде кеткен қателік екені белгілі болғанымен логикалық тұрғыға салсақ сөйлемді қойып сөз ішінде қаптаған сұрақ белгілерінің болмайтындығы белгілі емес пе?
ПыСы: Бастықтарымен осы әңгіме жайлы сөйлесіп отырғанымдыбанк қызметкерлерінің бірі (қазақ жігіті) естіп қалды. Содан кейін суретке түсіріп жатқан маған келіп «Аға, бұл жерде қате кетіп қалған ғой. ана 2-нің алдына 1 қойып қойыпты. Негізі бізде 2 миллионға дейінгі несиелер ғана беріледі» деп тұр
Бөлісу:

17 пікір

asaubota
ана 2-нің алдына 1 қойып қойыпты. Негізі бізде 2 миллионға дейінгі несиелер ғана беріледі

KILYZAMAN
Мемлекеттік тілге деген немқұрайдылық :-(
asaubota
бұл жерде кінә жасаушыда да бар, қабылдап алушыда да. ең үлкен кінә тапсырып берген қабылдаушыда, қатесіне қарамай қабылдап іліп қойғаны үшін.
Abilakim
Бұл бұдан шамамен 1ай бұрын өткенімде жоқ еді. Қанша күн тұрғанын кім білсін. Кешке жұмыстан соң соғып көремін ғой.
a63a1
Ең үлкен қате, жарнама бөлімімен, тілдер бөлімінде болып тұрғой
patick
«Мой мир»-да отырып терген шығар
sakenspb
менімше спецом жасалған. сендірдің қазақ болғандарыңды қайтейік деп.
a63a1
Жарнама туралы 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508-ІІ Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы, Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына қатысты бұзылғаны үшiн, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кiнәсiнен болғаны дәлелденбесе, жарнама берушi жауапты болады.
a63a1
7 баптың 6 тармағында Жөнсіз жарнамаға тиым салынады.
omarbirat
Аудармасын Мой мирдің микроблогы арқылы жасап берген ба?
Ottegin
Сити деген МАЛЛ екен)))
Gastarbaiter
Артриоттар қайда? «Арзан күлкіге қарқ болып отыра беріңдер, жылау керек бұндайда! Тілімізді сорлатып отырған мәңгүрттер жазалануы керек!» -дейтін.