Қуанышты хабар жама'ат: Палестина бел буды!

Бет қатталып жатқанда Нью-Йорктегі БҰҰ қосынынан жақсы хабар келіп жетті. Бүгін, 23 қыркүйек күні кешке, Палестина Әкімшілігінің бәйменовы, хершірерсіздер — басшысы Махмұд Абас РЕСМИ ТҮРДЕ ӨЗІН ТӘУЕЛСІЗ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ өтініш тапсырады.
Уа ізгі ниетті христиандар, тілекші бола отырайық!!!
Бөлісу:

23 пікір

meirzhan
БҰҰ қабылдаса тіпті қуанышты жаңалы болады. Қабылдамаса БҰҰ емес, БҰҰтақбастар болады олар.
asaubota
бұтақбас деген басқа бір анайы сөзге ұқсап кетеді екен. келесіде жазба олай, жарай ма?
meirzhan
рас, ұқсап кетеді екен. жарайды.
belgisiz_birey
Палестинада христиандар ма әлде мұсылмандар ма, халкы?
Janasil
иегова куәгерлерінің сегізінші сатысындағылар.десең е.
meirzhan
Палестинада мұсылмандар тұрады. Көршілес Израильде иудаистер (еврейлер (яғни жөйіттер)).
asaubota
ТапсырАдының әлі тапсырдысы бар, оны қабылдай ма қабылдамай ма белгісіз.

дәл қазір маған бәрібір, ертең болмай қалуы мүмкін субботникті және айлықты ойлап отырмын.
Abilakim
Сенбілік болмай қалса екен, жауын жауатын тәрізді ғой. Былтыр сенбі күні бір шаруаларым болды да сенбіліктен қалуға тура келетін болды. Содан, ұйықтар алдында жауын жауса екен деп жай ойлай салғам (күн ашық болған сол күні) ертесі менің жолым болып кетті.
Ал, Палестинаны қолдауға қарсы емеспін
Gulistan
Күзде болатын не сенбілік?
asaubota
астанада субботник деген маразм бар. осы Палестина-израиль маразмы сияқты. екеуі де құр босқа адамдардың уақыттарын алады.
Aqiqat
Иманғали жүрген жерде сенбіліктер ілесіп жүреді. Алға, камсамол! деген миына қатты сіңіп кеткен ғо дим. Но, зато Астана қандай таза қала болып кеткен
blackbeard
Алматыда да болып жатыр!
Aqiqat
Бірақ Иманғали отырғандай жиі емес болар. Бұрындары алматылық бюджетниктердің күңкілдеп жүретінін жиі еститінмін. Ол кезде де қала таза болды. Қазір Алматыға шынымен тазалық керек.
Zilola
Алматыга Имангали керек, Имангалимен коса тартiп береке бiрлiк те келедi.
satibaldi
Ахмет-аға иятсыз агашка, ага?
e_zhalgas
ал, мына жақта бүйдепТ
saken
Александр Баунов
мақала авторы Баунов деген нағыз орыс екен.
Aqiqat
Түркия премьер министрі осыларды қолдаймыз деп араб елдерінде болып қайтты деп естідім. Егер Түркияның да Израильдің де америкашыл екенін ескерсек бұл жаңа бір соғысты қолға алғалы отырған АҚШтың ісі емес пе деген ой келеді. Араб елдері Египет бастаған елдер Израйльге шабуыл жасайды. Оны НАТО қолдайды. Екі ортада екі жаққа қару сатып АҚШ экономикасын сауықтырып алады
Gastarbaiter
Таяу шығыс жаңалықтарын жақсы біледі екенсіз. Каспий маңының саясатынан да хабарыңыз бар екен.
Aqiqat
Каспий мен Арал теңіздерінің арасында жер асты жасырын канал бар дегенді естіп пе едің?
Gastarbaiter
Пікірлерің әлі қызаруын қоймаған ба?
Aqiqat
Негізі екеуміздің арамызда іштей бір үндестік бар дегенім ғо, амиго
balzhan
АҚШ қарсы ғой. әй білмеймін…