Бұл тек Керекинфоға ғана тән емес!
Керекинфоны неге «спартандық мектеп» дейді? Ойлап қараңызшы!
Өш, сөйтіп пафосты прологпен бастап тұрсам ия… :*) Ешкім де бізді «спартандық мектеп» демейді. Өзімізге өзіміз сондай атақ тағып алмасақ. Керектің Дарвинисттік табиғи сұрыпталу заңымен «Спартандық дисциплинаны» салыстыруға келмес. Өлгенде, Спартандықтардың мақсаты болды ғой, максы құрғыр.
Әйтсе де, Керекинфоны хаос мекені демес едім. Және біздің ұлтшыл радикалдармен ұқсас жерлеріміздің де көптігін байқадым. Төменде «неге олай» екенін негіздемек болып тыраштанғанымды байқайсыз.
Тарихтың құтты, ақ беттерін ақтарып отырып мынадай математикалық заңдылық байқадым:
Осы ортаға жаңадан келген біреу, біздің көзіміз үйренбеген, немесе жақтырмайтын, табу саналатын біртүрлілеу пікір айта қалса, жартысы аузын ашып қарап тұрады қызық күтіп, біреуі «Мынаусы несі» деп менсінбейді, екіншісі (әсіресе көп таяқ жеп жүргендері) бірден жақсы сөздер айтып, қ одақтасып алуға тырысады, ал үшіншісі (еркетотайлары) бетінен шапалақ жіберіп, идиллияны бұзып жібереді. Сол-ақ екен, ерінбегеннің бәрі байғұсты ит тепкіге салатынын мен айтпай да байқап жүрсіңдер.
Әлгі қырғын аяқталып, жарылатын нәрсе жарылып, шоғы бықсып, бірен саран мародерлер өлесі тепкіленген қолданушы мүрдесінің қалтасын тінтіп жатқанда… шамамен он-он бес шақты шапалақ пікірден соң (одан ешқалай да ерте емес), үнемі кеш келетін голивудтық полицайлар секілденіп міндетті түрде біреу «Бауырлар, қояйық, бауырмалдық қайда?» -деп араша түседі.
Оның сөзін бір-екі адам дұрыстап, бір екі адам пілустап, әр-жерден «енді өзі ғой бастаған» деген аргументтерден соң, бәрі тынышталып, қолданушыны қабылдайды, не оның қисық пікірлерін елемеуді, әзілмен қабылдауды ұйғарады.
Және құрбандықтың да, жоғарыдағы қызмет атқарушылардың рөлі де ауысып, өзгеріп тұрады. Табу тақырыптар секілді. БІреуге табу болып артриоттық тақырып саналса, бір сайтқа кіріп шетелді мақтасаң бәлеге қаласың. Сол жердің дөкейлері «Мынауың не қарағым? Ит тойған жерін іздейді» деді бітті, қалғандары өздерінің де тап сондай ұлтшылдығын көрсету үшін әлгінің мысық терісін тасына қаптап жібереді. Айырмашылық біреу ғана, олар шынымен де өз мақаларының осы жерде өтетініне сенімді. Ал біз олардың мекиендерін тек жынға тию, түртпектеу мақсатымен аралаймыз.
Иә-ә-ә-ә…
Аңсар
Қасымолжас
Конви
Табиғат
Ақиқат
Бейтаныс
Қилызаман
Таланғандар тізбегін жалғастыра беруге болады…
Бұл қатарда өзім де болдым десем, ешкім таң қалмас.
Мәселен, менің қазнеттегі өмірім, мәссаған сайтындағы «Мен қазақ тілін жек көремін» атты алғашқы тақырыбымнан басталғанын әлі ұмытпағандар бар осы жерде.
Әлгі, Бекболат түгіл, Құдайға да жақпайтын, тақырып атауынан бес парақ іріктеп, таңдалған лағынет пен «садаға кет»-терден соң, Талғат-Ab деген «жүзі жылы» кісі араша түсіп, «Жамағат, төпей бермейік, мынау жөн айтып отырған сияқты» деген сияқты бірдеңе айтты.
Жау жағадан, ит етектен алып жатқанда, солай біреу араша түсіп, жеткізгің келген месседжіңді рецептерлері мүлт жібермей қабылдай білген адамды көргенде, Иса Мәсіх қайта келгендей қуанғанымды жасырып қалып едім сол кезде.
Бұл дұрыс та, бұрыс та емес. Бұл интернет. Қатыгез. Бірақ шегімен. Әр қашан да етің сүйегіңнен ажыраймын дегенше "қой, осы жеген таяғы жетіп қалар" дейтін адам табылады.
Сондықтан қорықпаңыздар! Ешкім араша болмаса, өзім араша боламын. Әрине бірден емес, сәл кешігіп, төбелесті қызықтап дегендей.
Қазіргі мамыражайлық та өткінші. Бұдан жалыққан соң да талай шайқастар бола жатар. Одан жалыққан соң, қайта мамыражай бола қаламыз. Солай толқын сияқты өз жиілігінде ілгері-кейін, жоғары-төмен ирелеңдеп жатқан қу өмір.
Ешкімнен артық емеспіз, кем де емеспіз.
Келесі айда кездескенше бауырлар!
Сендерді сағынамын.
Талғат-Жез, Қостанайлық блогшы Талғат. Никтердің соншалықты қайталануы мүмкін бе.
Сценарий біреу-ақ па сонда?
бәрі норм адамдар ғой, сыйлаймын.
Сол жазбанды қай жерден оқуға болады?
дегенмен жазба өзектілігін жоймаған деп қоймайт дит))
Болды! Көрдік!
Ала қойщъ, сенен аяғанды Асқабақ жесін!